Шығарма: Елімнің рәміздері мақтанышым!

Жұмыр жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері-ел нышандары ( туы, елтаңбасы, әнұраны ) болатындығы белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да ондай белгі-нышандары болған. Рәміз адамның санасы мен ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Заттың тілдік белгісі сол заттың ақпараты, хабары ретінде түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс болуында . Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға мән,......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Цитологияның даму тарихы мен зерттеу әдістері туралы алған ұғымдарын қосымша-материалдар арқылы дамыту

Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі – цитологияның зерттеу әдістері мен микроскоптың шығу тарихын зерттеп, оқушыларға түсініктерін қалыптастыру.
ХІХ ғасырдың ортасындағы озық ойлы педагогтардың еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің бірлігін негіздеу жиі байқала бастады. Мұндай көзқарас алғаш рет И.Ф.Гербарттың педагогикалық көзқарастында айқын аңғарылды. Ол: «адамгершілік білімсіз оқыту – мақсатсыз құрал, ал оқытусыз адамгершілікті білім немесе мінез-құлық білімі - құралынан айрылған мақсат» деп атап көрсетті. Сондай-ақ К.Д.Ушинский еңбектеріне педагогикалық үрдістің тұтастығы туралы бұдан да тереңірек идея айтылған. Ол тұтас педагогикалық үрдістің мектеп әрекетінің әкімшілік, оқу және тәрбиелік элементтерінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Кез келген мектептің негізгі элементтерінен алдымен оның тәрбиелік күші тәуелді болады дейді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бір шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігінде баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.[4] Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан-жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Менің қазақстаным!

Арайлап атқан таңы бар,асу бермес асқарлары бар,сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел-Қазақстан.
Қазақстан-бүтін қазақ халқыныңата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Әркімге туған жері ыстық. Қиын қыстау заманда жан-жаққа тарап кеткен қалың қазақ тәуелсіздіктің арқасында өз мекендеріне қайта оралуда. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған күннің туғанына көзіміз жетті. Еліміздің байрағы биіктерден көрініп, бүкіл Еуропада, Қиыр Шығыста атақ даңқымыз асқақтап тұр.Білім, ғылым, спорт салаларында ......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бизнес | Шағын және орта кәсіпкерлік

Кіріспе
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халқына арнаған 11-ші жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы алға қойылған. Осы бастаманы іске асыру үшін еліміздің экономикасының дамуында қомақты роль атқаратын шағын және орта кәсіпкерліктің тұғырын кеңейту мен нығайту, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру көзделген.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – тұтастай алғанда құқықтық қамту және әкімшілік реттеуден тұрады. Құқықтық қамту дегеніміз – шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру, олардың негізгі және айналым қаржыларын тартуы, салық салу режимі сияқты заңнамалық негіздегі айқындаушы тетіктер болып табылады. Ал әкімшілік реттеу - әрбір нақты деңгейге сай тиісті мемлекеттік функцияларды дәлме – дәл тәртіпке келтіріп, жүйелеп отыру.
Қазақстан Республикасы үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін құру тетігі әлдеқашан шешілген. Қажетті құқықтық база жасалып, соның ішінде ірі шаруашылық субъектілерімен де кооперация арқылы қосымша ресурстар тарту үшін франчайзинг қағидаттары қарастырылған. Сонымен бірге соңы жылдары заңсыз салық әкімшілігін жүргізумен күрес күшейе түсті. Дегенмен шағын кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері әлі де жоғары деңгейге жетпей жатыр. Шаруашылық салаларының деңгейінде алғанда, саудадан басқа жерде шағын кәсіпкерліктің жетекші ықпалы анық байқалмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Егемен Қазақстан: өткенге көз тастау және бүгінгі күн.

Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз елдің патриотымын

Тұлпар шапса тұяғы талатын,сұңқар ұшса қанаты талатын кең байтақ
Қазақстан деген отаным бар.Мен қазақпын-мен үшін осы сөздің өзі де үлкен бір қуаныш,үлкен бір бақыт.Мен өз Отанымды өте жақсы көремін.Ауыздықпен алысып,етегімен су кешкен ауыр күндерді ата-бабаларымыз бастарынан өткізді.Елімізді қасық қандары қалғанша ,сырт жаулардан азат етіп,келер ұрпаққа аманат етті. Еліміз талай қиындықты ,талай тарихи оқиғаларды басынан кешті.Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай «Қайран елім,қазағым,қайран жұртым» деп,күйзелсе,Жұбан ақын «Мен қазақпын,мың өліп,мың тірілген» деп күңіренеді.Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Шәлипамен айтысы)

К е н е н:
Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Әй, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа келіп қалдым «құдашалап».

Ш ә л и п а:
Бағып жүрген ешкімнің бәрі жағал,
Әріптесім сен болсаң, әдіре қал.
Әдіре қал дегенге арсаңдамай,
Жел жағымды мүңсітпей әрі жоғал. ...
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Саяжайда №5 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Саяжайда №5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.2 Тыңдаған/оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу
4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
оқыған материалдың мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Оқушылардың көпшілігі:
оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.
Оқушылардың кейбірі:
оқыған материалдың мазмұнын өз түсінігі бойынша жазады, жазуда каллиграфиялық нормаларды сақтайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Байқоңыр және Байқоңыр ғарыш алаңы

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын-соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ . Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр . Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару-жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздеді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар ....
Рефераттар
Толық
0 0