Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электр тізбектер теориясы

Кіріспе
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Осы курстың негізгі бір міндеті, ол құбылыстарды токтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағындары т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай – ақ тағы бір атқаратын міндеті, ол әрбір құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, қуат ағындары, т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналған.
Электр техникасының өсіп-дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жүзінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде, көптеген жаңалықтарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдарының қосқан үлесі аз емес. Олар шет елдердің көрнекті ғалымдарымен бірлесе отырып электр техникасының маңызды салаларының бастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастағандардың бірі – М.В.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын құрды.
Электр және магнит тізбектерін шешудегі теориялық мәселелері мен қатар практикалық электр техникасында электр магниттік өрістерді есептеу жайындағы мәселелері де алдыға қойды. Электр машинасының тетіктерін және электр магниттік аппараттарды құрастыру үшін магнит өрістерін есептеу қажет болды. Ток өткізгіштерін тұрғылықты түрде изоляциялау үшін оқшаулаушы материалдарды табу керек болды және электр өрісін есептеу мақсаты да алдыға қойылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қасіретті жылдар

Тарихты таразылап отырсақ, қазақтың басынан өткен қиыншылықтар аз емес. Соның бірі – 1941-1945 жылдар арасындағы Ұлы Отан соғысы.
Соғыс... Мен үшін бұл өте қорқынышты сөз, өйткені елімізге көп қасірет алып келген азапты жылдар. Әрине, біз соғысты көрген жоқпыз, бірақ ол туралы естідік, кітаптардан оқып, фильмдерден білеміз. Бұл сұм соғыс әр отбасын шарпып өтті десек қателеспеспіз, сірә. Өйткені біздің кішкентай аулымыздың өзінде талай ана жолдасын, бауырын немесе баласын соғыс кезінде жер қойнауына тапсырғанын ауыл ақсақалдары талай әңгімелеген. Бізді қуантатыны – соғыстан аман қайтқан аталарымыз. Біздің ауылда соғыстан қайтқан ардагерлер көп еді. Қазір тек біреуі ғана арамызда. Ол - Мырзабаев Шәмші атамыз. Енді біз тек ол кісілердің айтқан әңгімелерін есте сақтап, жасаған істерін үлгі тұтудамыз.
Ардагер аталарымыз жайлы бірнеше таң асыра әңгімелеуге болады, олар туралы көптеген мәліметтер газет-журналдарда жазылды. Мен өз ойыммен бөлісіп, өзіме таныс жайларды ортаға салуды жөн көрдім. «Асылдың сынығы» дегендей, олардың әрқайсысының орны бөлек. Мен танитын Қалжанов Сарыбай атамыз соғыс жайлы айтуды ұнатпаушы еді. Көп сөйлемейтін, томаға-тұйық кісі болатын. Алайда ол кісінің бағбандығы өзінше бір керемет болды. Еккен ағаштарының бірі қалмай көктеп, жайқалып шыға келетін. Ауыл тұрғындары өтініш айтып, бақшаларына жеміс ағаштарын ектіретін. Ойлап отырсам, мұның сыры, бәлкім, бейнеткештігі мен жасаған ісіне деген жауапкершілігінде ме екен? Кім біледі, бірақ ол кісідей жүрген жерін көктетіп, гүлге орап жүру көп адамның қолынан келмеді.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау
7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау
Сабақ мақсаттары: XIX ғасырдың ең маңызды жаңалықтарын анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Өмірмен күрес

Қатты шаршадым...
— Жап жас боп алып қайдағы шаршау?
— Іштей қатты өкпеледім.
— Кімге?
Өмір бойы амандығын тілеймін деген жанға...
— Не үшін?
— Аяқ асты өзгеріп кетті... менікі орынсыз болар. Бірақ, соншалықты бұлай болады деп кім ойлаған...
— Уайымдама ақымақ қыз...сен оның амандығын тіле, оған тек жақсылық тіле! Өз қателігін түсінген кезде бармағын шайнары анық... Енді шаршадым деуші болма, көкем!

Түйін: ӨМІР АТТЫ РИНГТЕ КҮРЕСІП КЕЛЕМ, МЕНІ НОКАУТҚА ТҮСІРЕМ ДЕП ОЙЛАМАҢЫЗДАР! СЕБЕБІ МЕН ИМАН ДЕГЕН ДОППИНГ ҚОЛДАНАМЫН!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Үш орындық

Үш орындық ойыны клубтарда, коридорларда, кең бөлмеде, спорт залдарында өтеді. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатынасушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда басқарушы отырыңдар деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отырыса қалады. Ал орындыққа отырып үлгере алмағандар, ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады. Әр топтың жеңімпаздарына мақтау сөздер айтылып, сыйлықтар беріледі.

Ойынға қатынасушылардың жылдамдығы, жеңіске деген ұмтылысы артып, ерік, қайраттары шыңдала түседі......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жеміс-жидектер және көкөністер– идеяларды есте сақтау№1 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Жеміс-жидектер және көкөністер– идеяларды есте сақтау№1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
2.6 Сөйлеу мәнерін бағалау.
1.2.6.1 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Күрделі айтылымдарды қайталайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ізденген жетер мұратқа


Бүгінгідей жаһандану заманында білім мен ғылым қашанда бірінші орында. Мемлекетіміздің дамып, жетілуі үшін сапалы білімнің кілті ғана болашаққа жетелейді. Арман мен мақсат үндескен тұста, таңдау мен талғамның орны бір бөлек. Менің таңдауым Қазақстандағы ЖОО-ның көш басы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті болды. Басты арманым осы университеттің қабырғасында білім алып, студенттік жылдарымның қызықты күндерін өткізу еді. Аллаға шүкір! Бұл күнде арманым орындалып, өз биігіне де жетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші классикалық университеті, кәсіби білім мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Университетте 15 факультет бар және 180 сала бойынша мамандар даярлайды. Менің факультетім – Филология және әлем тілдері факультеті, факультетте талай танымал, дарынды түлектер түлеп шыққан. Атап айтар болсақ: Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Дулат Исабеков, Нұрлан Оразалин, Тұрсынбек Кәкішев, Рымғали Нұрғали, Мәулен Балақаев, Сұлтанғали Садырбаев, Гүлнар Дусматова, Балғынбек Имашев, Мұхамеджан Тазабеков, Жанна Қуанышева т.б. Факультетіміз университет ішінде «екінші өнер ордасы» деген атақ алған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: География | Жер қойнауы және оның байлықтары

Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек.
Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км. шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау
Сабақтың мақсаттары: Пікірталас барысында тақырып бойынша өз пікірлерін жеткізіп, оны дәлелдеу. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0