Өмірбаян: Бекарыс Шойбеков (1976 жылы 14 сәуір)

Бекарыс Шойбеков (14.4. 1976 жылы туған, Отырар ауданы) – айтыскер ақын. Шойбеков – айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері . Ол 1976 жылдың 14-сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Отырар ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне оқуға түсіп оны 1997 жылы оқуын тәмәмдайды. Еңбек жолын 1999-2003 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы университетінде аударма орталығында аудармашы болып бастайды. 2003-2006 жылдары Халықаралық қатынастар бөлімінің басшылығына тағайындалады. 2006-2009 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Түркология ҒЗИ-ның ғылыми қызметкері болса, 2009-2015 жылдары «Өнер мектебі» МКҚК-ның директоры болып қызмет етті. 2015 жылдан бастап Түркістан қаласы әкімдігінің Білім бөлімінің басшылығында. Бекарыс Ақсақалұлы Жамбылдың 150 жылдығына арналған халықараралық айтыстың, Қабанбай батырдың 300 жылдығына арналған республикалық айтыстың, Шымкент қаласында өткен республика Наурыз айтысы, Н.Оңдасыновтың 100 жылдығына арналған республика айтыстарының бас жүлдегері атанған елімізге аты мәшһүр айтыскер ақын. Бекарыс Ақсақалұлы 2001 жылы ҚР «Тәуелсіздігіне 10 жыл», 2011 жылы «ҚР Тәуелсідігіне 20 жыл» мерекелік медалдарымен, 2012 жылы «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Ол Отырар ауданы мен Түркістан қаласының «Құрметті азаматы», ҚР Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шексіз түзу және дөңгелек тогы бар өткізгіштердің индукциясы (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Шексіз түзу және дөңгелек тогы бар өткізгіштердің индукциясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.4.1- Магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б) мен есептер шығару арқылы түсіндіру
Сабақ мақсаты: • Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар откізгіштердің магнит өрісін білу және түсіну;
• Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің магнит өрісін зерттеу;
• Магнит индукция формуласын пайдаланып есептер шығару......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Психология | Бала есінің дамуы

Ес, еске сақтау қабілеті аз зерттелген қасиеттердің бірі. Ол физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктерден тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту, яғни еске түсіру. Бұл үшеуін, еске сақтаудың 3 кезеңі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты қызыметтер. Естің физиологиялық негізіне келсек, ол өте күрделі қызметтің бірі. Сыртқы ортаның мәліметтері адам миына жан – жақтын келеді: көру, есту, сөз, тері, иіс, дәм, сезімдері және ішкі түйсіктер арқылы. Олардың бәрі қабылданып, талданып, талшықтанып, қажеттісі ғана еске сақталады, керек кезінде пайдаланады.
Мәліметтердің келу жолына байланысты ақпаратты қабылдау белсенді қызметтің күрделі түрі. Мәліметтерді қабылдап, талдасуымен қажеттісін еске сақтау басталады. Бұл кезді ғалымдар консомедация (лат. Консомедация - бітелу, бекіту, нығайту, нақтау) кезеңі деп айтады. Онысыз апарат тұрақты ес іздеріне айнымайды. Ғалымдардың зерттеулерінің негізінде мәліметтің ізі ми қыртысында пайда болып сақталатыны, ал оларды қабылдап, консолидациялауға торлды құрлым мен мидың жүйесі қатысатындығы белгілі болды. Мәліметтердің іздерінің қалыптасуының нерв клеткаларындағы био-химиялық және биоэлектрлік өзгерістерге негізделеді. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі нейрондардың бір-бірімен байланысының орны – синапстар. Бұған дәлел баланың өсіп дамуына қарай нерв клеткаларының денесі мен дендриттеріндегі синапстық байланыстардың көбейі. Нейрондар арасындағы байланыс бала жетілген күрделеніп, көбейіп, дами береді. Қазіргі электрофизиологиялық әдістерді қолдану арқлы нейрон аралық байланыс пен контактілерде өте көп түрлер болатыны анықталып оты. Бұған қоса көп жаттықтырылған нейрондарда РНК-ның нөмірі көбейетіндегі табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Салауатты өмір салтын сақтайық

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру...
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Өнер өрге сүйрейді

Ерте заманда бір шалдың Артықәлі деген жалғыз ұлы болыпты. Көшпелі тіршілікте кедейшілік өмір кешсе де, ақылды шал баласын талапты етіп тәрбиелепті. Олар күн-көріс үшін құмда өскен сексеуілдерді отындыққа шауып, базарға әкеп сатады екен.
Жасы он екіге толған Артықәлі бір күні әкесіне оқу оқығысы келетінін айтады. Шал біраз ойланып, ақырында, баласын қалаға оқуға жіберуге бекінеді. Сексеуіл сатудан түскен қаржыны ұлының қалтасына салып:
— Балам, талабың оң болсын! «Ізденген жетер мұратқа» деген, алдыңнан жарылқасын! Аман-сау бол, құлыным! – деп маңдайынан сүйіп шығарып салады......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Экология | Жергілікті жердің планы

1. Жергілікті жердің планы. 16-суретті мұқият қарап шық. Ондағы көк түсті ирек сызық - өзен; ағаштың суреті салынып қоршалған алқап - орман; ұсақ қоңыр нүктелер - құм; көп қорапшалар - селодағы үйлер; үстіне ұсақ дөңгелекшелер салынып, жасыл түске боялған жер - жеміс бағы. Олардың бәрінің де мөлшері барынша кішірейтіліп көрсетілген. Жер бетінің қағазға осылайша кішірейтіліп түсірілген нұсқасын план деп атайды (латынша планус - жалпақ, тегіс).
Планға қарап, жер бетінің жалпы сипатын, ондағы заттардың орнын, бір-бірінен ара қашықтығын дәл анықтауға болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Шыңғыс ханның жаулап алуы

Кіріспе
Монғолдардың әлем тарихында алатын орны зор. Монғол шапқыншылығы қазақ халқының орта ғасырлық мәдениетін қалаларының дамуын тежейді. Бұл жорықтар нәтижесінде қазақ халқының дамуы ІІІ ғасырға дейін тоқтады. Орта Азияда Монғолдарға қарсы қарсылық көрсеткендердің ішінде Отырардың билеушісі Қайырханды атап көрсетуімізге болады. Ол Отырар қаласын Монғолдардан алты ай қорғады. Монғол әскерінің күшті болуына Шыңғыс ханның «Яссы» атты заңдар жинағы және оған қоса жауынгерлерінің құдіретті болуы әсер етті. Олардың атты әскері күшті болды. Олар Солтүстік Қытайды жаулап алған кездегі өздеріне қажетті қарулар алуы да көмектесті. Монғолдардың билеушісі Шыңғыс хан өзінің алдына қойған мақсатында әлемді билеу болатын. Шыңғыс хан өзі Орта Азия мен Солтүстік Қытайға жорықтар жасады. Монғолдардың Батысқа жорығын Шыңғысханның немересі (Үлкен ұлы Жошының баласы) Бату басқарды. Солтүстік Русь жеріндегі жорықтары Новгородқа дейін жетті. Новгородты неліктен жаулап алмағаны әлі де белгісіз. Новгородтан кейін олар жорықтарын Оңтүстікке бағыттады. Оңтүстік жорықтары Араб жеріне дейін жетті. Бұл кездері олар Оңтүстік Қытайға да жорықтар жүргізген болатын. Оңтүстік Қытайға жүргізген жорықтары қазіргі Ветьнам жеріне дейін жетті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Электр жүйесі | Электрлік орталықтандыру

Кіріспе
Техникалық қызмет ету – автоматика және телемеханика құрылғыларын тасымалдау, сақтау кезіндегі аталуы мен жұмыс істеу қабілеттілігінің басты кешені болып табылады. Техникалық қызмет ету жөніндегі жұмыс түрлері: тексеру, сипаттамаларды өлшеу, реттеу, тазалау, бояу, ескірген заттарды ауыстыру, қайта қалпына келтіру болып табылады. Автоматика және телемеханика құрылғыларының техникалық қызмет көрсетуін аға электромеханиктер, электромеханиктер, электромонтёрлар атқарады.
Құрылғыларды жөндеу және қызмет көрсету ретін сигнал беру және байланыс дистанциясының бастығы орнатады.
Аға электормеханиктің міндеті – автоматика және телемеханика құрылғыларын жөндеу және сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету болып табылады. Қызмет ету құрылғыларының күйін білу, техникалық қызмет көрсетуін жоспарлық-графиктік бекітілуі бойынша құрылғыларды жүйелі түрде тексеру, құрылғылар жұмысының сенімділігін арттыру, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Электромеханиктің міндеті – құрылғыларды жөндеу, монтаждау, өлшеу және реттеу, қасындағы жұмысшыларды техникалық қызмет көрсетуге үйрету қызметін қамтамасыз етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Табиғат даусы)

Дауыстар:
Сыңғырлы,
Сүйкімді.
Дауыстар:
Мың түрлі,
Сиқырлы,
Бөледі
ойымды,
Көңілімді.
Бұзады
Тыншымды,
Ұйқымды.
Самал жел,
Шашымды тарама.
Думанды бақтарды арала!
Жапырақ түн бойы жана ма?
Жайдары жаз өтіп бара ма?
Дір еткен...
Шық қонған гүл шығар,
Гүлдерді тербетіп Күн шығар.......
Өлеңдер
Толық
0 0