Курстық жұмыс: Психолоия | Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түйсік сезгіштігі

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Бала түйсігі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни түйсік - материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мсн қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейпеленуі. Түйсіну дегеніміз - дүниені танып білудегі бейнелеу үрдісінің алғашқы баспалдағыекендігі, түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдісі, түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болуы, сол шындық пен болмыстың адам сезім мушелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсіктің тууы, яғни түйсік - сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі екендігі, баланың дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік екендігі, нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де балаға осы баспалдақ арқылы жетуі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ қашан да қазақ

Отан...Атамекен ...Атажұрт...Тарих...Бұл қай құлаққа да асқақ естілер ұғымдар.Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.Біздің туған жеріміз Қазақстан Республикасы,осынау ұлан-ғайыр,шексіз де шетсіз тәуелсіз елде туып-өскенімізге аса қуаныштымын. Біздің Қазақстан-дүние бәйгесінде еңсесі биік ел.Қазақстанның болашақ жастары еңсесі биік мемлекетте өмір сүргеніне қуанып,мақтану керек.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шырайлым – Шұбайқызылым!

Шырайлым – Шұбайқызылым!
Табиғаттың тылсымы ғажап қандай!
Сөзбен өрнек салайын қарап қалмай.
Құрсауынан ақ қыстың босанған соң,
Бүгін міне, көңілім азат қандай!......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Жоба жайлы жалпы түсінік

Жоба жайлы жалпы түсінік
Уэбстердің сөздігі бойынша жоба дегеніміз ойлаған немесе жоспарланған дүние . Мысалы : үлкен өндіріс құру немесе бар өндірісті иновациялық жаңарту . Ал жобаларды талдау жайлы жоба басқару институтының 1987 жылы қабылдаған білім кодексінде мынадай анықтама берілген :
Жоба дегеніміз бастапқы деректерді анықталған және нәтижесі белгіленген шешу әдісі анықталған белгілі әдіс . Жалпы жоба күрделі түсінік , ол идеядан бастап жүзеге асқан нәтижесімен шектеулі мерзімде аяқталатын жүзеге асыру әдісі белгілі көп сатылы үрдістердің жиынтығы.
Толықтырылған анықтама .
Жоба- анықталған мақсатқа жету үшін өндірілетін не модернизацияланатын физикалық нысаналар технологиялық процесстер , оларға арналған техникалық және ұйымдастырушылық құжаттар , материалдық қаржылық еңбек және де басқалай ресурстар және оларды басқарушылық шешімдерін жүзеге асыру әрекеттерінің жүйесін түсінеміз . кейбір салаларда бір мақсатқа бірнеше жобалар арнаулы болуы мүмкін , ондай жағдайда жоба жиынтығын программа деп аталады .....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Шежіре тұнған сырлы өлкем

Қасиетті қазақ даласы!Бабамнан қалған қастерлі мұрам,кіндік қаным тамып,ес біліп етек жиған ардақты атамекенім.Мен өзіңе мәңгілік борыштармын.Осынау жер бетіне шыр етіп дүниеге келген әрбір адамзат баласының тұғыры болған, ес біліп, етек жеңін жиып,ат жалын тартып мінер азамат қылған,бұл дүниедегі мәңгілік тұрағы,туған жері өзгеден гөрі ыстық болары хақ.Сол себепті, қилы ғасырларды басынан өткерген,топырағынан елі мен жері үшін намысын найза қылып,қылышын қанға суарған текті тұлғалар түлеп ұшқан ,қойнауына қазына тұнған, тарих беттерін парақтап қарасаңыз өзіндік ойып алар орны бар шежіреге толы......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Мемлекет және құқық | Ұлттық құқықтық мәдениеттің қалыптасуы

Кіріспе
Мәдениет-адамзат жасайтын және адамдардың рухани қажеттіктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы . Қоғамның мәдениеті бірнеше түрге бөлінеді: саяси , экономикалық, әлеуметтік,парасаттылық, инабаттылық, экологиялық құқықтық т.б. мәдениет жүйе салалары. Олар бір-бірімен тығыз байланыста қоғамның экономикалық саяси,әлеуметтік дамуына сәйкес дамиды. Сонымен қатар олар қоғамның әр саласындағы қарым-қатынастарды реттеп,басқарып отырады.Мәдениет салаларының арақатынасы бірлестікте және дербестікте дамып, қоғамның экономикасын,әлеуметтік жағдайын жақсартып,нығайтып отырады.
Жақсы дамыған экономика мәдениеттің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды. Мәдениеттің жақсы дамуына мемлекеттпен бірге бірлестіктер,одақтар, ұжымдар зор үлес қосады. Жоғары деңгейі мәдениетке жол ашады.
Сонымен, қоғамның парасаттылық, инабаттылық,тәрбиелік т.б. деңгейі мәдениеттің деңгейімен айқындалады.Ал мәдениеттің деңгейі қоғамның экономикасының, саяси-әлеуметтік деңгейіне байланысты.
Қоғамда бұл екі жақтық байланыс бір елдің, бір мемлекеттің шеңберінде ғана болады. Мәдениеттің дамуына сыртқы қолайлы жағдай зор әсер етеді. Мысалы,дамыған елдердің мәдениеті артта қалған елдерге үлгі болып,оладың рухани байлығын, сана-сезімін көтеріп,мәдениетін дамытады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Электротехника | Эквиваленттік генератор әдісі

Кіріспе
Электр тізбектерінің теориясы
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта , ауыл шаруашылығында,үй тұрмысында,тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады.
Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең салаларда қолданылуын айтамыз.Барлық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан,техникалық жоғарғы оқу орындарында «электр техникасының теориялық негіздері»курсын ашуға тура келеді.Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізі болып есептелінеді.
Осы курстың негізгі бір міндеті, ол құбылыстарды токтар,кернеулер,қуаттар,магнит ағындары тағы да басқа түсініетер арқылы есептеу,зерттеу.Сондай-ақ тағы бір атқаратын міндеті,ол әрбір құбылыстардыэлектр кернеулігі,магнит өрісінің индукциясы,қуат ағындары тағы да басқа түсініктер арқылы есептеу зерттеу.Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге,ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге,зерттеуге арналған.
Шоғырланған параметрлі электр тізбегі дегеніміз-ол электр тізбегіндегі электр кедергісі,индуктивтігі және электр сыйымдылығы осы тізбектің жеке бөліктерінде шоғырланған деп есептелуінде.Мысалы, электр кедергісі -резистор,индуктивтік – орауыш(катушка),сыйымдылық – конденсатор түрінде тізбектің әр жеке бөліктерінде шоғырланған деп білеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Махмуд пен Жолдас

Бұрынғы уақытта Қырым қаласында Арзы деген атақты саудагер болыпты. Өзі сауда жасағанымен, қарауындағы жұмсайтын адамдар мен кедейлерге қайырымды болыпты. Соның үшін оны халық жақсы көріп, Арзы мырза деп атаған екен. Соның малын алып, жұмсап байыған адамдар Арзымен санаспай, оған қарсы байлық салыстырып, қарсы болғандар көп болыпты.
Себебі Арзының жалғыз баласы әлі жас екен. Осыны пайдаланып, Арзының саудасын жасап жүрген сатушылар үш жыл бойына Арзыға зияннан басқа пайда бермепті. Арзының өзі керуен тартып, сауда жасауға үйіндегі арғы-бергісін басқаратын адамы болмапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қанатты қара қасқа ат

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде бір қарт болыпты. Әкесі атын Жанбай деп қойыпты. Өсе келе, әйел алып, өз алдына үй болыпты, бай қолында жұмыс істепті. Бірнеше жыл еңбек, етіп еңбегіне бір қара бұзау алыпты. Жанбай ол бұзауын «қотыр баспағым», «қоңыр баспағым», «бес жылдық еңбекке алған баспағым» дейді екен. Жанбай бірнеше жыл аянбай еңбек етсе де байдың бергені - бір бұзау. Жанбай тамақ асырай алмай дағдарыпты. Осы кезде бұзауы өсіп, бұзаулы сиыр болыпты. Сиырдың ерте......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Химия | IV V VI аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары

Төртінші аналитикалық топты Al 3+, Sn( II, IV), Cr3+, Zn3+, As(III, V) катиондары құрайды. Бұл катиондар амфотерлі элементтерге жатады. Сондықтан натрий гидроксидінде еритін гидроксидтер түзеді. Топтық реагенті NaOH + H2 O2.
Аяқталған тұрақты электрондық құрылысы түзетін Al3+ және Zn2+ . Сондықтан олар қосылыстарында тұрақты тотығу дәрежесін көрсетеді.
Алюминийдің және мырыштың хлоридтері, нитраттары, сульфаттары, бромидтері суда жақсы ериді.
Хром қосылыстарында 3+, 6+ және 2+ тотығу дәрежесін көрсетеді. Хромның үш валентті қосылыстары амфотерлі, сол себепті ерітіндінің pH байланысты Cr3+ және CrO2- күйінде болады.Хромның алты валентті қосылыстары анион құрамына кіреді CrO4- немесе Cr 2O7-
Хромның нитраттары, хлоридтері, сульфаттары суда жақсы ериді, бірақ гидролизденеді, оның нәтижесінде негіздік тұздар түзіледі. Қалайы қосылыстарында 2+ және 4+ тотығу дәрежелерін көрсетеді, осыған сәйкес екі түрлі оксид түзеді (SnO , SnO2).
Екі валентті қалайының тұздары ауадағы оттектің әсерінен тотығады:
2 SnCl2 + O2 + 2H2 O = 2Sn(OH)2 Cl2
Cуда ерімейтін анализдеуде маңызды роль атқаратын қосылыстарға сульфидтер (SnS, SnS2 ), фосфаттар (Sn3 (PO4)2, Sn3(PO4)4 , гидроксидтер Sn(OH)2 , Sn(OH)4 және метақалайы қышқылы H 2SnO3 жатады.Өте жиі пайдаланатын тұздар хлоридтер.
Мышяк қосылыстарында 3- , 3+ және 5+ тотығу дәрежесін көрсетеді, осыған байланысты екі оксид As 2O3, As2 O5 түзеді.Тұз қышқылы ерітіндісінде AsCl3, AsCl5 күйінде кездеседі, бірақ бұл күйі тұрақсыз, себебі олардың гидролиздену дәрежесі жоғары:
AsCl3 + 3HOH = H3 AsO3 + 3HCl
2AsCl5 + 8HOH = 2H3 AsO4 + 10 HCl ....
Рефераттар
Толық
0 0