Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы

I. Кіріспе
Қамыстың биологиялық ерекшеліктері.

II. Негізгі бөлім
2. 1 Қамыс өсімдігінің морфологиясы
2. 2 Қамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы
2. 3 Қамыс қантының пайдасы
2. 4 Қамыстан шиті тоқу технологиясы

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
Аңдау хат
Зерттеу мақсаты:
Астық тұқымдасына жататын көпжылдық су өсімдігі қамыстың шаруашылықта және адам өміріндегі маңызын анықтау
Міндеттері:
- Қамыс өсімдігі туралы мәліметтерді іздестіру.
- Керексіз болып келген су өсімдігінің шаруашылықта және тұрмыста қолданылуын сипаттау.
- Қамыс өсімдігінен қант дайындаудағы тиімділікті дәлелдеп, көз жеткізу.
- Қамысты басқа да салаларда пайдалану туралы болжамдар айту.
Зерттеу нысаны:.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттер және олардың білімділік және тәрбиелік мүмкіндіктері

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.
Диалектиканың қарама-қайшылықтарының бірлігі мен күресідеп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесінде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.. Олар бұл қарама-қайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Белгілі дидакт М. А. Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол карама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.
Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет №1 (7 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет
Сабақтың тақырыбы: Ғаламтормен дұрыс жұмыс жасау – мәдениет №1
Оқыту мақсаттары: Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы: әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі: тақырыпқа байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерін орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі: өмірмен байланыстыруда әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерді қатыстыра алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Сыбызғышы

Ертеде бір кедейдің жалғыз баласы болыпты. Аты Асан екен. Күндердің күнінде әкесі дүние салып, бала жетім қалыпты. Шешесі ұлын жетелеп жүріп, ел қыдырып, күнін көріпті.
Бір күні бұлар Тайыр деген ханға келіп, мұңын шағып, жәрдем сұрапты. Сонда хан Асанның шешесі Жаңылға:
— Сен менің тазыларымның күтушісі бол, иттермен бірге жатып, бірге тамақтанасың. Ал мына балаң қозы бақсын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұлттық рух

90-шы жылдардың басында жапондық ғалымдар Түркияның білім беру жүйесін зерттеген екен. Зерттеу соңына қарай жапондық ғалымдар мен бірқатар жапондық дипломаттар сол кездегі Түркияның президенті Тургут Озал және басқа да түркі зиялылары жиналған ортада кездесіп, баяндамаларын ұсынады. Сөз арасында жапондықтар білім беру жүйесіне қатысты мынадай ой түйіндегенін айтады: "Сіздердің білім беру жүйелеріңізде ұлттық рух жоқ екен!" дейді. Тургут Озал таң қалады: «Мұны қалай түсінеміз?» дегенінде жапондар сөзін былай жалғайды: «Біз Жапонияда мектеп табалдырығын аттаған балаларымызға ұлттық рух екпесін жасаймыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыз сыры)

Көк белдерге шық тұнғанда,
Шықтым бір күн далаға.
Күнмен бірге шықтың алдан,
Шықтың алдан, жан-аға.
Қыр астынан шуақ шашып,
Келе жатты күн шығып.
Омырауға құлап шашым, .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Психология | Бала асырап алу

Бүгінгі таңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау көкейтесті мәселелердің бірі. Бала интернатты мекемеде тәрбиеленген кезде, баланың құқығы бар тұрғын үйдің бөлігі жайдан-жай сатылып кетеді. Алайда оған тұрғын үйдің бөлігінің қандай да бір құны өтелмейді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «29» қарашадағы № 1271 қаулысымен Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары бекітілді.
Аталған қаулыға сәйкес тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі – органдар) қамтамасыз етедi.
Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етедi.
Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру кезінде олардың тұрғын үйін сақтауды балалардың заңды өкілдері қамтамасыз етедi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан орган жалдаған тұрғын үй балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда болған кезеңде, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болғанда кәмелетке толғанға дейін сақталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: «Ұлтын ұлықтаған ұлтжанды азамат»

Ұлтының жүгін ауырсынбай арқалаған, аумалы төкпелі заманда қазағының сөзін сөйлеп, жанынан табылуы, озбыр саясаттың бүкір пейілін, ішкі арам ниетін көрегендікпен танып, бұқпантайламай өз ойын , өз шындығын халық қамы үшін ашық айтқан Алаш көсемі А.Байтұрсыновтың тұлғасы уақыт өткен сайын биіктей бермек. 1873 жылы дүние есігін ашқан Шошақтың немересі – Ахмет кеңестік жендеттердің қанды шеңгеліне арандап бақиға аттанғанға дейінгі 64 жылдың саналы ғұмырында өлшеусіз еңбек, ғасырлар бойы зерттелсе де түгесілмейтін мол мұра қалдырды. Азаматтық үні, қайраткерлік өнегесі, пендешіліктен биік тұрған өресі, қаптаған қара ниетті жауларына білімімен, көрегендігімен, алғарлығымен қарсы тұрып, есе жібермей, өркөкірек өзімшілдерге,......
Шығармалар
Толық
0 0