Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қыз Жібектің тұмары

Ғылыми жобаның мақсаты: Халқымыздың көне қиссасы жайлы деректерге тоқтала отырып ой қозғау. Ұлттық құндылығымызды дәріптеу, насихаттау.
Ғылыми жобаның міндеті: Сыры ашылмаған мәліметтермен таныстыруда әр түрлі саналы ұғымдардың құндылығын тану ізденуге ұмтылдыру.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Әдеби мәдениетті насихаттау арқылы жоғары сауаттылықты қалыптастыру.
Ғылыми жобаның маңыздылығы: Әдеби кейіпкер есімімен байланысты ұғымдарды қалыптастыруға ықпалы зор екенін зерттеуде қол жеткізген.
Ғылыми жобаның нәтижелілігі: Жоба соңында өз ұсынысын қарапайым түрде жеткізу қажеттілігін түсіну. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Жапонияның экономикасының тарихы және қазіргі кезең

КІРІСПЕ
Жапония Шығыс Азиядағы Хоккайдо, Хансю, Синоку және Кюсю секілді шағын ғана аралдарда орналасқан жоғары дамыған мемлекет. Бүгінгі таңда өзінің экономикалық мүмкіндігі жағынан әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер құрамында. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн. долларды құрады. Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12 пайызы Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, робаттар шығарудан әлем бойынша бірінші орында/1/. Территориясы -377,8 мың шаршы км. Шекаралық орналасуына қарай: оңтүстік-шығысында Ресеймен, шығысында Оңтүстік және Солтүстік Корея елдерімен әрі Қытаймен, солтүстігінде Сахалин және Курил аралдарымен шектеседі. Бұл елде табиғи жер сілкіністері өте жиі болғандықтан, жыл сайын бір мың бес жүзге жуық жер дүмпулері тіркеледі. Ал, қуаты күшті сілкіністер әрбір он жыл мен отыз жылдың аралығында қайталанады. Сондай-ақ, Жапон аралдарында теңіз дауылы – цунами жиі болады. Су астындағы сілкіністерден пайда болатын цунамилердің биіктігі 10 метрге дейін жетіп, теңіздің шығыс жағалауына жиі «шабуылға» шығады. Тегінде, табан астындағы топырақтың тайдай тулауына жер қыртысындағы вулкандар ағысының әсері бар. Бүгінде Жапонияда 200 жанартау анықталған. Ондағы 40 жанартау жиі-жиі буырқанып тұратындықтан, мамандардың тілінде «ояу» отты таулар деп аталады. Халқының саны – 127,33 млн. Астанасы - Токио. Ресми тілі –жапон тілі. Негізгі діндері- синтоизм және буддизм. Хонсюда аралында 101 миллион, Кюсюда 13,4 миллион, Сикокуда 4,2 миллион және Хоккайдода 5,7 миллион адам тұрады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Пеш көсесі

Бұрынғы заманда бір кедей адам өмір сүрген екен дейді. Мал дегеннен ешбір малы болмай, үйінде тек сары мысығы болған екен. Кедейдің жалғыз ұл баласы болған екен дейді.
Кедейдің баласының бір мінезі: далаға шықпай, пеш түбінде сары мысығы екеуі отырады екен дейді.
Күндерде бір күн баланың әкесі, шешесі дүниеден өтіпті. Баланың жасы да он бес-он алтыға келіп қалыпты. Оны көршілер пештің түбінен шықпаған соң «Пеш көсесі» деп атайды. Бала пештің түбінен шықпапты, бірақ сары мысығы өте пысық әрі күшті болып, баланы асырапты. Демек, түрлі аңдарды ұстап әкеліп тұрыпты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Тіл ұлттың рухы, баға жетпес байлығы

Туған тіліміз бен әдебиетіміз тарихи болмысымыздағы баға жетпес байлығымыз, рухани кеніміздің нәр алар бастау болып саналады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаған.
Ғұмырымыздың тірегі, санамыздың жүрегі болар тынысы деуге де болады. Себебі әдет-ғұрымыз, салт-санамыздың барлығы туған тіліміздің көкжиегі арқылы шынайы өмірдің шындығына айналған. Біз қазақ болып туылған, мынау топырақтың киесі мен иесі, қанымыз бен жанымыздың, сөйлеу тіліміз бен діліміздің өшіп қалмауына жол бермейді. Мұнда жаратылысымыздың маңдайға берген несібелі ырыздығы,......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Талапты жасқа атаның өсиеті

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Ол бай шалдың екі көзі соқыр екен. Баласы жас екен. Бір күні басқа байлардың балалары мал айдап дүниелік әкелуге бір шаһарға жүрмек болып дайындалыпты. Солардың дайындығын естіген соқыр шал отырып қатты күрсініпті. Сол кезде қасында отырған баласы: «Әке, неге күрсіндіңіз?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде әкесі:
— Балам, сенің жастығың есіме түсіп отыр, сен ересек болсаң осы балалармен бірге сонда барып келер едің ғой, – депті. Әкесіне сөзін аяқтатпастан, баласы......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Мүшелде бар жұмбақ сыр

Қазақ халқының жыл санау үлгісіне терең бойлап, мүшел жас жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату, Ата - бабамыз мүшел жасты ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын, астрономиялық және математикалық теория тұрғысында ұтымды екенін дәлелдеу.
Міндеттері:
Жыл санау мен мүшел жасты жіптей білу, жасқа сипаттама беру
Өзектілігі:
Заман өзгергенмен халықтың сенімі құпиялыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Мүшел жас ұғымына үңіліп, құпиясын түсіне білу, қашанда өзекті мәселенің бірі болмақ.
Болжам:
Егер мүшел жас туралы неғұрлым көп білсек, адам өміріне тигізер әсері мен ықпалының сырларын ашар едік.
Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену – сенбеу әркімнің өз еркінде дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: География | Балхаш көлі

Экология проблемаларын терең зерттеу ғылымдар жүйсінде ең беделді орын алатынына күмән келтіруге болмайды. Бұл проблемалар адамзатқа өзін қоршаған ортамен одақтасып табиғаттың сырын, өзіндік ара қатынасын зерттеп, оның жандүниедеге болған әсерін сезіп байқап,мүмкін болатын экологиялық зардаптардың мөлшерін,таралған аумағын, экономикаға келтірер зиянын,жер бетіндегі тірі тіршілікке тигізетін қолайсыз құбылыстарын аңғарып біліп,оған қарсы пәрменді күрес жүргізу үлкен мәселе.Табиғатты қорғау мемлекет тің басты міндеті,адамзаттың абзал ісі.Туған табиғатты сүю өз Отанына деген шын сүйіспеншіліктің белгісі.
Ғылым мен техниканың ғарыштап өсуі,өндіріс орындарының географиялық аумақтарда алдын–ала зерттемей,талғамсыз орналасуы,ядролық,бактериялогиялық, химиялық,ракеталық сынақтарды өткізілуі,үлкен қалалардағы урбанизация мәселелерінің күрделенуі,ауылдың жерлердегі жер – суының эррозияға ұшырып жатуы үлкен проблема екені анық. Қазіргі Қазақстандағы экологияның жағдай төмен, тіршілік өмірге қауіпті деуге болады.Мәскеу профессоры «Химия қауіпсіздігі» одағының президенті Лев Федорович айтуынша:« Ресей мен Қазақстан ең бір ластанған экологиялық аймаққа жатады деді».
Совет заманында Қазақстан жерінде асығыс,сұрапыл, сапасыз жүргізілген әртүрлі индустриялды–аграрлы реформалар кесірінен,су – жер және өзге ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың,Қазақстан жерінде әр–түрлі ядролық, биологиялық қарудың әскери және өзге де мақсатта жүргізілген сынақтары нәтижесінде қазіргі Қазақстанның экологиясы өте қауіпті жағдайда. Соған мысал ретінде «Тың жерді игеру» желеуімен жүргізілген қате реформаның нәтижесінде Қазақстандағы миллиондаған гектар жер эррозияға ұшырады ( бұның нәтижесінде тек экологиялық емес демографиялық проблемалар асқынып кетті ),батыстың капиталистік елдерімен болған қарсыластықтың нәтижесінде, әскери қару – жарақ жасау жарысында ( гонка вооружений ) Семей полигонында және өзге де Қазақ жеріндегі жүргізілген ядролық сынақтар нәтижесінде, сынақтардан кейінгі болған радиацияның әсері жергілікті тұрғындар үшін ғаламат қайғы–қасіретке айналды. Ал су проблемалары сол кездегі және қазіргі уақыттағы су ресурстарын дұрыс қолданбау,өзен суларының мөлшерден тым көп,ретсіз алынуының нәтижесінде пайда болды. Соған мысал ретінде Арал теңізі мен қазіргі Балхаш көлінің проблемаларын алсақ болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Город Сыктывкар

Сыктывкар, столица Республики Коми, расположен на высоком левом берегу р. Сысола (пристань) в 1515 км к северу-востоку от Москвы. Климат умеренно континентальный, с продолжительной, довольно суровой зимой и коротким, сравнительно тeплым летом. Средние температуря января -15 С, июля +17 С. Осадков около 650 мм в год. Конечная станция ж.-д. ветки (96 км) от станции Микунь на линии Коноша - Воркута. Аэропорт. Население - 225,8 тыс. чел. (1992).
Когда-то на месте города Сыктывкара находился древний крошечный погост, село Усть - Сысольск. Населяли его крестьяне и купцы. Развитие торговли.....
Сборник рефератов
Толық
0 0

Әңгіме: Сызықты қысқарту

Мұғалім сыныптағы зерек, бірақ сонымен қатар ішітар оқушыдан: «Сен неге достарыңа көре алмаушылық етесің, олардың жасағандарын бұзып, төбелесесің де жүресің?» деп сұрайды. Оқушы: «Өйткені олардың менен озып кетуін қаламаймын. Мен ғана үздік, менің жасағандарым ғана ең жақсы болғанын қалаймын» дейді. Мұғалім сәл ойланды да, орнынан тұрып, тақтаға бір сызық сызады. Әлгі оқушысына қарап: «Мына сызықты қалай қысқартуға болады?» деп сұрайды. Оқушы орнынан атып тұрып: «Сызықтың жартысын өшіріп тастаймын» деп жауап береді. Мұғалім бұл жауапты қабыл етпейді. Оқушы біраз ойланып, сызықтың бір бөлігін қолымен жауып: «Міне қысқарды» деді. Бұл жауап та қате болатын. Дұрыс жауап ала алмайтындығын түсінген мұғалім тақтаға әуелгіден де ұзынырақ сызық сызып: «Енді қалай болды?» деп сұрайды. Басы салбыраған оқушы: «Енді қысқарды» деп жауап берді. «Біліктілігің мен қабілетіңді арттырып, өз сызығыңды ұзартуың, қарсыласыңның сызығын қысқартуға тырысудан әлде қайда жақсы» деп оқушысына өмірдің барлық кезеңінде кәдеге жарайтын тәрбиелік сабақ берді......
Әңгімелер
Толық
0 0