Өлең: Күләш Ахметова (Ана тілі)

Өнер дерті көтеріп ыстығымды,
Өлең жазып өткіздім қысқы түнді.
Барлық тілді білем мен, Муза келсе,
Адам түгіл түсінді құс тілімді.
Бұл сөзіме айтпассың дау, қарағым,
Бір құдірет барлығын баурағаным.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Психология | Бала құқығы конвенциясы

Өткен жылдар - Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, оның қазіргі демократиялық, құқықтық республика ретіндегі белгілерін қабылдау уақыты болды. Қазіргі кезде демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. Республикамыздың заңдары заман талабына сәйкестендіріліп, жаңадан жаңғыртылып, қоғамымыздың демократиялық жаңғыру жолымен алға басуына мүмкіндіктер жасалды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық. Азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады
Адам құқығы мен бостандығы қатысты мәселелерді талдап қарайтын болсақ, мемлекетіміздің оған ерекше мән беріп келе жатқандығын байқаймыз. Оған аз уақыт ішінде еліміздің демократияға айқын бет бұрып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылыстың негізі етіп қалағаны, ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырғаны дәлел.
Адамзат баласы ғасырлар бойы адам құқығы мәселесіне ерекше назар аударумен келеді. Талай-талай қақтығыстар, соғыстар, көтерілістер болғанда да әрбір жаңа ұрпақ адам құқықтарын қорғай отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының субьектілерінің кең шеңберіне таралуына ұмтылыстар жасады.
Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты- адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Дербес Компьютердің даму тарихы

Есептеу қажеттілігі адамзатта әлде қашан пайда болды. Ал, өркениет дамыған сайын есептеу қажеттілігі арта түсіп, есептеуді механикаландыру жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Қарапайым есепшоты немесе абактың арифметикалық машинаның ерекшелігі, белгілі бір осьтің немесе доңғалақтың сол осьте тұрған орыны мен орналасуы тәуелді болды.
Осындай алғашқы машинаның 1642 жылы француз ғалымы Блез Паскаль жасаған болатын. Арифметикалық операцияларды орындау үшін паскаль бір бірімен байланысқан дөңгелектердің айналуын пайдаланды. Дөңгелектерде 0 ден 9-ға дейінгі сандар жазылды, әр дөңгелек толық бір айналғанда екінші дөңгелек бір санға жылжитын болды. Машина қосып және шегере алды.Паскаль машинасы жаңа принципте жасалған алғашқылардың бірі болды. Паскаль еңбектері есептеуіш техниканың дамыуына ықпалын жасап осы машина негізінде көптеген есептейтін машиналар жасап шығарылды.
1694 жылы Лейбниц әлемдегі алғашқы арифметикалық әрекеттердің төртеуін орындауға арналған арифмометр жасады. Оның негізінде сатылы білік принципі жатқан- цилиндрдің әр түрлі ұзындыққа жасалған тістері мен есептік доңғалақ бірлесіп әрекет қылатын болды. Осы негізде 1820 жылы Томас арифмометрі жасалған болатын. Ол көптеген әзірленген бірінші есептік машина.
Бірақ механикалық арифмометрлер мүмкіншіліктері адамзатты қанағаттандыра алмады. Есептеу техникасын механика емес электромеханика негізінде жасауды мәжбүр етті.
1840 жылдары ағылшын математигі Чарльз Бейббидж жан-жақты есептеуші құрал ойлап табуға тырысты. Ең бірінші болып компьютердің арнайы программа мен басқарылып және оны сақтайтын жады болуы керек екенін ойлап тапты. Бірақ сол заманның техникасының дамуы әлсіз болғандықтан құрауға шамасы келмеді. 1820 жылы және 1856 жылдары бірнеше арифметикалық әрекеттерге қабілетті – «аналитикалық машинаны» ойлап тапты.
19 ғасыр соңында Америкада Холлерит Герман перфокарталар арқылы деректер енгізуге болатын есептеу – перфорация машинасын жасады. Ол фирма атақты есептеуіш техника шығаратын IBM фирмасының негізі болып табылады. 20 ғасырдың 30-шы жылдары электромагниттік реле негізінде перфокарталар мен операция жасаушы есептеуіш машиналарға арналған логикалық схемалар жасай бастады. Бұл машиналар күрделі арифметикалық әрекеттерді орындай алды.
Екінші дүние жүзілік соғыс электрондық техниканың дамуын жылдамдатты. 1941 жылы неміс инженері Цузе бірінші таза релелік машина жасаған болатын. Оның Ц-3 машинасы 2600 электромагниттік реледен тұрды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Салт пен санамыз егіз болсын десек

Салт – дәстүр, әдет-ғұрып ұғымы тек қазаққа ғана емес барлық ұлтқа тән ұғым. Ежелден сол елдің нанымы мен танымы, сенімі мен ұғымы негізіндегі құрылым болып табылады. Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтың қанына сіңген қасиеттері: бауырмалдығы мен ақжарқындығы, қонақжайлығы мен қамқорлығы дәстүрінен көрініс табады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Біздің елімізде салтты қатаң сақтау ерте кездерден бастау алған......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Дербес компьютердің архитектурасы

Дербес компьютер- бұл информациялық технологияның негізгі техникалық базасы.Компьютер саласынан тыс жерде жұмыс істейтін мамандар өздерін компьютердің аппараттық бөлігін білуде оның толық жиынын , тіпті болмағанда оның негізгі техникалық сипаттамасын тікелей құрастырушымыз деп есептейді.Компьютерлік техниканың осы заманғы нарығы әрқилы болғандықтан қажетті сипаттамадағы дербес компьютердің конфигурациясын анықтау қиын.
Дербес компьютер- бұл электрондық аспаппен орындалатын , программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы.
Компьютердің синонимі – есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) бұйымы. Дербес компьютердің негізгі элементтері мен олардың арасындағы байланыс.
Дербес компьютерлер тұрмыстық,оқу жүйесіне арналған және кәсіби деп аталатын үш түрге бөлінеді.Тұрмыстық компьютерлер- компьютерлердің қарапайым түрлері(70-жылдары дайындалған, қазіргі кезде өндірістен алып тасталған БК-0010,Ириша,Apple II,т.б).Олардың жадтарының сыйымдылығы үлкен емес,орындайтын іс-әрекеттері де шамалы болатын.
70 жылдардың дамуы ЭВМ-ның сұранысын және мини ЭВМ-ның сұранысын төмендетті.Бұл IBM фирмасының қатты уайым құралы болды. IBM(International Bussines Machines Corporation)-бұл үлкен ЭВМ машинасын шығару компаниясы 1979жылы IBM фирмасы өзінің күшін дербес компьютер нарығында сынап көргісі келді.
Бірақ фирманың басқарушысы нарықтың болашағын бағаламады және компьютердің құрылуын кішкентай экспремент түрінде көрді.Ол дегеніміз фирма жұмысының жаңа құралдарының құрылуының оннан бірі деген сөз.Фирма басқарушысы үшін бұл экспрементке көп ақша жұмсамас үшін берілген проектке жауапты бөлімдерге бөлді.Көбіне оған дербес компьютер дербес компьютер 0-ден құрастыру етуге рұқсат етілді ,басқа фирмалар дайындаған блокты қолданды.Бұл бөлім берілген мүмкіндікті толығымен қолданды.Бәрінен бұрын компьютердің ең негізгі микропроцессоры болып жаңа 16-разрядты Intel 8088 болып таңдалды.Оны пайдалану компьютердің потенциалды ұлғаю мүмкіндігін анағұрлым үлкейтті, сондай-ақ компьютер 1 мбайттық жадымен жұмыс істтеуге мүмкіндік берді, ал барлық компьютерлер 64 байттық жадымен шектелген болатын.
80-жылдардың бас кезінен бастап 90-жылдардың бас кзіне дейін оқу орындарында информатика мен есептеуіш техника негіздері пәнін щқып-үйрену үшін жад көлемі 64,128Кбайт шамасындағы Корвет,Укнц,ямаха MSX-2,т.б оқулық компьютерлер пайдаланып келді.
1981 жылы тамыз айында IBM PC атты компьютер қолданушыларға арнайы таныстырылды.Осыдан кейін дербес компьютерлер қолданушылар арасында өте танымал болды.Бір,екі жылдан кейін IBM PC компьютер нарықта алдыңғы орынды алды.Ол 8 биттік компьютер IBM PC стандартты дербес компьютер болды.
Халық шаруашылық түрлі салаларында пайдалануға болатын, қазіргі кезде оқу орындары толық қамтамасыз етілген,жұмыс істеу мүмкіндігі жоғары және әрекет жылдамдығыүлкен дербес компьютерлер әмбебап немесе кәсіби дербес компьютерлер деп аталады.Мұндай машиналарды және олардың негізгі құрылғысы- процессорларды шығаруды алғаш рет дүние жүзінде Apple,IBM,Intel,т.б фирмалар айналысқан болатын.ДК-де процессор үшін YUC,AYUC пайдалатындықтан,оны микропрцессор деп атайды.Бұл жұмыста,әсіресе, IBM,Intel фирмаларының еңбегі көп. Intel фирмаларының жасап шығарған түрлі үлгілі микропрцессорларын пайдаланып, IBM фирмасы компьютердің түрлі сапалы түрлерін дүниеге келтірді. Фирманың
компьютерлеріне,типтеріне қарай,ретімен IBM PC,IBM PC XT, IBM PC AT,IBM PS/2,Pentium(пентиум),т.б аттар берілген . Pentium сияқты жаңа жетілдірілген нұсқалары пайдалануда. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Тақырып: Отбасы және күнделікті өмір туралы жазу
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: Т/А3 Оқиғаны ретімен жай сөйлемдерді қолданып баяндау тәсілімен айтады (мұғалім көмегімен)
Ж4 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлем құрастырып жазады.
Ж9 Сөздерді, сөз тіркестерін,қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып ұқыпты жазады/тереді.
Ж1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
өз отбасы туралы әңгімелеп береді;
Көпшілігі:
отбасы мүшелерін, олардың есімдерін жазады;
Кейбір оқушылар:
тақырып бойынша сөйлемдер жазып, мәтін құрастырады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қазақ хандығына-550 жыл

Биыл қазақ хандығына -550 жыл. Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек. Одан кейінде Абылайхан, Хақназархан, Жошыхан, Әбілқайырхан, Әз Тәукехан,Қасымхандар ел басқарып билік жүргізген. Осы хандар......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Бір өгіз

Бір шал мен кемпірдің жалғыз сиыры болыпты. Сол сиырдың сүті олардың қорегі екен. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай, өліп кала беріпті.
Жылдар өтеді, шал-кемпір қартая түседі Ал бұзаулардың бұрынғыша өлуі тоқталмайды.
– Қой, болмас, – дейді, бір күні шал кемпіріне, – бір жылға бір нәрсе етіп шыдармыз. Сиырды саумай-ақ койшы, бұзауы өссін.......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік Қазақстан облысының жануарлар дүниесі

Тақырыптың өзекутілігі мен жаңашылдығы: ОҚО-сы бірден-бір табиғатта қайталанбайтын территория. Жер бдерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстиік шығысында ұзыннан – ұзақ созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақ дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Өгеш және Қаржантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді, Облыстық оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
ОҚО-ныңкең байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі.
Диплом жұмысында жануарларды облыстық қазіргі белгіленген аумағының табиғат зонасы бойынша аудандастырып көрсеттік, яғни жануарлар шөл-шөлейтті және таулы зоналарға аудандастырылған. Біржола құрып кетудің алдында тұрған жануарларды қорғау мен сақтауға байланысты облыс көлемінде жасалынып жатқан іс-шараларға да көңіл бөлдік.
Осы Оңтүстік өңірде кездесетін жануарлардың 1400-ге жуық түрінің ішіндегі 70-ке жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол түрлерді сақтап қалу және қорғау мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда ең әуелі қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықтық белдемдер, сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлері көптеп ұйымдастырылуда.
Облысымызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 847 мың гектарды құрайды.
Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы – мемлекеттік қорықтар. Облыс көлеміндегі ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып «Ақсу – Жабағылы қорығы» саналады. Онда балықтың - 4,, бауырымен жорғалаушылардың -9, құстардың – 240, сүтқоректілердің -43 түрі қорғалады. Оның көлемі 85,4 мың гектарды құрайды. Бұдан басқа облыста 10 қорық, 47 табиғи ескерткіштер, зоологиялық саябақ, дендрологиялық саябақ бар.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0