Ертедегі заманда бір түлкі, бір құлан, бір сауысқан үшеуі дос болып, жолдас болады. Бір-біріне жамандық ойламасқа ант айтып, шарттасады. Сөйтіп жүргенде, бір күні құлан тұзаққа түсіп, шарқ ұрып, босана алмай, өлемін-ау деп қорқып, түлкі мен сауысқан достарына қарап «айла, лаждарың бар ма?» – деп, жалтақ-жалтақ қарап жылаған соң, түлкі тұзақты қимақ үшін құланның қасына таман келеді. «Осы құланның өлсе етін жейін, тұзақшы сойса, ішек-қарындарын тастайды ғой. Мұның достығынан маған.....
Жер шарының түпкір-түпкірінде кездесетін тірі ағзалар түрінің саны екі милионнан асады. Осы тұста "ағза" туралы өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Біз ағзаны организмге баламалап отырмыз. Организм — латынша: "organismus — тірі дене, тірі мақұлық ", ал французша: "organisms —ретке келтіремін, сымбатты бейнеге келтіремін " дегенді білдіреді. Біз ұсынған "ағза " — араб сөзі, Абай атамыздың "Отыз сегізінші сөзіндегі" пайымдауына зер сала қарасақ, "тән тірлігін"баламалайтынын айқын түсінуге болады. Онда былай делінген: "... сыртымды да пак етемін һәм көзге көрінбейтін агзаларынды да пак етемін ". Егер сөз сыртқы және ішкі мушелер туралы болса, "көзге көрінбейтін " және "сыртымды " сөздері пайдаланылмаған болар еді. Демек "ағза " сөзі — адамның сыртк,ы және ішкі мушелерімен үйлесімді қызмет атқаратын, олардың тірі денеге айналуын қамтамасыз ететін, тіршіліктің жаратылу деңгейіндегі біртұтас бөлік. Сондықтан оны тірі денелер жөнінде қолданылып, тіршілік иесі бола алатын майда заттарға (өте ұсақ тірі мақұлықтарға да) бағышталган деп ұғынуға болады. Қазақта бір сөздің бірнеше мағыналы болатыны мәлім ғой. Олай болса, "организм " сөзін "мүше " дen me, "агза " дen me қабылдаса, несі айып! Мәселен, орган —грекше: "organon —құрап, аспап "; орысша: "үлен " дen me аталады, міне бұл — "мүше " сөзіне балама бола алады. Ал жоғарыда берілген "организм "сөзінің латынша және французша мәніне зер салып көріңізші. Қазақ тілінде "ағза "сөзін мүшедегі физиологиялық байланысты жүзеге асырып, мүше қызметінің біртұтастығын ретке келтіретін тәнінің тірілігі ретінде неге пайдалануға болмайды? Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз! Содан орай химияда жиі кездесетін "органический" және "неорганический " сөздерін де "ағзалық " және "бейағзалық "деген сөздермен алмастыруға әбден мүмкіндік болар еді. Біздің пікірімізше, бұл сөздерді термин ретінде қабылдап, тұрақтандырған жөн. Тірі ағзалар түрлері ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық кезендерде бірте-бірте қалыптасқан. Белгілі аумақта тарихи мерзімде пайда болып мекендейтін жануарлар түрі фауна (мақұлықат) деп аталады. Ал белгілі аймақтағы тарихи мерзімде қалыптасқан өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлік құрамын флора (нәубетат) дейміз. Жануарлар мен өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған: бір аумаққа өсімдіктердің қалың не сирек өсіп, жануарлар түрлерінің аз немесе көп болуы мүмкін. Өсімдік бірлестігінің белгілі бағытта қалыптасуы климат жағдайына тікелей тәуелді болады, осыған орай ол аймақтың жануарлар түрі де өзгеріске ұшырайды.Осы заманда жер шарында тірі ағзалар түрлерінің, сондай-ақ сан алуан биоценоздардың таралу заңдылығына байланысты 5 биогеографиялық аймақ бар деи есешеледі. ....
Ер адамның демеу әр сөзі бізге. Түсінеді тұңғиық кезімізде. Ер адамнан күтеміз ерлік қана, Қулық деген жетеді өзімізде. Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен. Құрсын соғыс ерлерді азып күткен.......
Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар. Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған. Қос әнші Алматы қаласына келгенде жейтін тамақтары мен жолға төлейтін ақшалары болмай қиналған. Десе де, олар тағдыр тауқыметін көп көргендеріне қарамастан, бір-бірін таңдағандары үшін ешуақытта өкінбегенін айтады...
Атам менің - абыройым, мақтанышым, Атам менің – сән құрар салтанатым. Атам менің – ер жүрек, майдангерім, Атам менің – асылым, ардагерім. Авторы өзім Елімнің бұрынғы өмірі қандай болды, қазіргі өмірі қандай деген сұрақтар мені үнемі толғандырады. Елімнің бұрынғы бастан өткізген жан түршігерлік өмірін естен шығару мүмкін емес, бірақ кейбіреулер ұмытқан сияқты. Мен ешқашан ұмытпаймын. Өйткені сол кезеңді менің атам басынан өткерді. Атам үнемі сол кезең туралы айтқанда құйқа шашым шымырлап, үстіме біреу мұздай су құйып жібергендей күй кешемін. Ойым сан жаққа жүгіреді. Сол бір «соғыс» деген сұмпайыны қаншама адамның өмірін алды, қаншасының өміріне балта шапты, қаншасын зар жылатты. Аталарымыз, аға – апаларымыз қан төгіп, өмірлерін құрбан етті. Соғыс ешкімге аяушылық танытпады. Соның бәрі не үшін? Яғни келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, біздер үшін. Менің атам 1924 жылы 5 мамырда киелі Торғай өңіріндегі Қошалақ деген жерде өмірге келген. Әкесі Камал атам екі жасқа толғанда қайтыс болған. Анасы екеуі әкесінің інісі Мейрам отбасымен бірге тұрған. Қиыншылықты көп көрген. Ашаршылықты бастарынан өткізген. Соғыс басталғанда менің атам не бары он жеті жаста болған. Өз еркімен сұранып, елімізді жаудан қорғауға аттанған. Бір – екі ай «Катюшамен» қалай соғысу керектігін оқып, майдан шебінен бірақ шыққан.......
Бүгінде кез келген Қазақстан азаматы ауыз толтырып мақтанышпен айтатын мәселелер жетерлік. Ең бірінші мақтанышымыз – тәуелсіздігіміз. Оған ата-баба, аға ұрпақтарымыз қасық қандары қалғанша арпалысқан еді. Бүгінде бұл ерліктері бүкіл ел шеңберінде еске алынып, аталып өтуде. Шаңырағымыз шайқалмай, бүгінде бейбіт дамып келе жатқан ұлы еліміз - тәуелсіздігіміздің нышаны. Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Ата жауымыз болған сан жылдық қарсылас жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі туралы дәстүрлі тарихи жырлар Исатай, ......
1.Қазақстанмен оңтүстігінде шектесетін елдер: A) Ресей, Қытай, Қырғызстан B) Әзербайжан, Түркменстан, Иран C) Түркменстан, Өзбекстан D) Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан E) Ресей, Иран
2.Қазақстан тәуелсіздік алған жылы:
A) 02.03.1992 ж. B) 16.12.1991 ж. C) 29.12.1992 ж. D) 26.08.1936 ж. E) 10.12.1993 ж.
3.Қазақстан орналасқан материк А) Солтүстік Америка В) Еуразия .....
Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Бірінші желтоқсан - Тұңғыш Президент күні. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы . Днепродзержинск техникалық училищесін (1960), Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін (1976) бітірген. Экономика ғылымның докторы, академик.......
.Бала тілінің дамуы дыбыс апаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым - қатынастың маңызы зор. 12-16 жасқа дейінгі адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Ол тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып, біраз сөздердің мағынасын түсінгені мен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым - қатынас кеш бастаған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларды адам кейпінде келтіріп тәрбиелеу де, сөйлеп үйрету де қиын, кейде мүлде мүмкіндік болмайды. Ал ертерек кішкентай кезінде табылған балалардың адам кейпінде нашар болса да сөйлеуге болады. Жуған туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығыра алады. 2 – ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамдарға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастады, 3 – айға жеткенде гу-гуледі, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулер мен дабылдырақтау оның дыбыс апараттарын дамытып, сөйлеуге дайындайды. 5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастады. 67 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды....