Курстық жұмыс: Шетел тілі | Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар

Кіріспе
Білім мен тәрбие тұғыры тіл болғандықтан, тілдерді оқыту жайы қашан да басты назарда тұрады. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы ретінде тілдің басты қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан да болар, шет тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа бағыттарда өзгеруі жаһандану процессімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуі салдарына байланысты.
Шетел тілі біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени прогресінің іс жүзіндегі факторына айналып, бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан кезде ендігі жана буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдерін жақсы білуі — уақыт талабы болып отыр. Осыған байланысты шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты оқып жатқан шетел тілін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде қолдана білуге үйрету. Оқушыларды сөйлеуге, тілдік қарым-қатынасқа екі немесе бірнеше адамның өзара іс-әрекеті ретінде қарауға тәрбтелеу пәнді оқытуды түбегейлі түрде өзгерту, жаңарту арқылы іске асады. Шетел тілін оқытудағы бұл мақсат әдіскерлердің, шетел тілі мұғалімдерінен әрдайым тиімді әдіс-тәсілдерді іздеуді, сонымен қатар оқыту мазмұнына көңіл бөлуді талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мәнгілік елдің ұлы ұрпағымыз

Елбасы Н.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде ұлт ішіндегі бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, азаматтық келісім ахуалын жасау мәселелеріне тоқталып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді”– деген.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңі және тарихи шындық
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И2. Автор бейнесі
Сабақ мақсаты: Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Балаға жақсы тәрбие бере алу үшін ата-ана және басқа отбасы мүшелерінің бүкіл тәрбиелік қағидаларды орындауымен қатар, отбасы өмірінің жүйелі, ата-ана ара-қатынасы жақсы болуы шарт. Үйде ұрыс-керіс болуы балаға кері әсер етеді. Әсіресе ажырасудай баланың көңіліне қаяу салатын нәрсе жоқтың қасы. Балалар ата-анасын идеал, мінсіз адам ретінде көретінін ұмытпау керек. Солар сияқты болуға, солар сияқты әрекет етуге тырысады. Үлкендердің дағдыларын, әрекеттерін тез қағып алады. Сондықтан бала дүниеге келгеннен бастап ата-ана барлық жағынан жақсы болуға, үлгілі болуға мәжбүр. Сондай-ақ ата-аналар ешбір баласын бөліп жармай, барлығына бірдей қарауы, бірдей мәміле етуі қажет. Әрбір ата-ана баласының жақсы жетілуін, жақсы мінезді, тәрбиелі, еңбекқор, табысты болуын қалайды. Мұның шешімі жоғарыда айтқанымыздай, балаңыз қандай болуын қаласаңыз, өзіңіз сондай болыңыз. Өйткені бала айтқанымызды емес, бізден көргенін .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Бабалар мекені

Көгілдір кеңістік! Керемет ғажап дүние. Сиқырлы әлем! Самал желі сыбырлай ескен сырбаз дала! Ақ шаңқан қазбауыр бұлттар жүзген көк аспан! Бабаларымның шөгерген түйелеріндей мәңгілік ұйқыға кеткен өркеш-өркеш маңғаз таулар! Сылдырлай ағып, сыңғырлай күлген тұңғиық тұнығына ғасырлар сырын түйген күміс бұлақтар. Сымбатты қайық , құба тал, кәрі емендер осының бәрі жиылып келіп, менің көркем өлкемнің тірі картинасын құрайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: АӘД | Саптық дайындық пәні бойынша Бөлімшенің взводтың ротаның батальонның бриганың жорық саптары тақырыбы бойынша сабақ өткізу әдістемесі

Қазақстан Республикасының «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және әлеуметтік қоргау» туралы заңында былай деп көрсетілген: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карулы шабуылды тойтару мен агрессорларды жеңіліске ұшырату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғау және оның халықаралық міндеттемелерге сәйкес тапсырмаларды орындауы, әскери қызметшілердің әскери антқа адал болуы, әскери жарғылардың талаптарын қатаң сақтауын міндеттейтін әскери борыштың мәнін қүрайды».
Заң тұрғысынан алганда, жалпы әскери жарғылар - дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әр түрлі жағын, әскери тәртіптілік пен зандылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтыгы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міндеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін үйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдык-түрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің қүқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің қызметтегі және одан тыс уакыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-қүлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жогары үйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен үрысқа дайындықты сақтаудың қүқықтық жағы мен әдістерін реттейді.
Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдындагы әскери қызметішлердің міндетін, сондай-ақ үрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 3-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Қиял мен шындық
Сабақтың тақырыбы:Роза Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ
Сабақ мақсаты: Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Бұлбұл жарқанат және қарақұрт

Бұрынғы өткен заманда гүл-бәйшешегі жайқалған жалпақ бір аңғарда таңдайынан күй төгілген әнші бұлбұл болыпты. Өз тұқымының ішінде одан асқан әнші болмапты. Жалпақ аңғардағы орманды аралап, ағаштан-ағашқа қонып, күні-түні тыным таппай, сайрайды да жүреді екен. Мүлгіген тауды, қалғыған орманды, шық оранып, балбыраған гүлді әсем әнімен тербетіпті. Таң арайын, күн шұғыласын сұлу әнімен қарсы алады екен.......
Ертегілер
Толық
0 0