Есімде жас күндерім... Сіз едіңіз елдегі тамаша қыз. Ететін атыңызды Талас аңыз. Ілесіп кететіндей еді жігіт, Бұрылып жай ғана сіз қарасаңыз. Біреулер қол соза алмай, қалса арманда, Біреулер асығатын қарсы алғанға. Тыңдайтын Талас бойы түгел ұйып Әпке, сіз сызылтып бір ән салғанда.......
Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. 2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту. 3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру. 4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сиақы төлеу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. ....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім Сабақтың тақырыбы: Мектеп туралы әңгімелер оқу. «С» дыбысы мен әрпі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2.1.1 Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады. 1.2.4.1 Күрделі емес мәтіндер мен суретті кітаптар бойынша қарапайым сұрақ қоя біледі. 1.2.6.1 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды Сабақтың мақсаттары: «Мақтаншақ бақа» әңгімесін оқу арқылы әңгіменің кейіпкерін,оқиғасын және мазмұнын талқылау,суретке қарап сұрақ қоюды үйрену. «С» дыбысы мен әрпін айтып жазып үйрену,сөзде қолдану.....
Бір қорада тоқты қошқар, бұзау бұқа, лақ теке – үшеуі дос екен. Бір күні күн шыға бөрте лақ орнынан атып тұрады да керіліп-созылып, пысқырынып, ұйқысын ашады. Сонан соң секіріп барып, күйсеп жатқан көк қасқа марқаны сүзгілеп тұрғызады. Екеуі қасқа бұзауға келеді. Лақ теке екі жолдасына былай дейді:
— Жүріңдер, серуендеп қайталық. Анау көрінген сары адырға барайық. Онда мөлдір бұлақ бар. Сүйікті асымыз, өлең шөпке тоямыз. Тоқты қошқар балғын балаусасын теріп жесін. Менің тұяғым қышыды, тастан-тасқа секірейін, тілім қышыды, қынасын теріп жейін, жүріңдер!
Лақ теке бастайды да үшеуі жүріп кетеді. Келе жатып, жолдан бір қап бидай тауып алады.......
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі Сабақтың тақырыбы: Қорқыт «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр» 5-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. Сабақ мақсаты: Өзіндік ой-пікірін дәлелдеу үшін жыр мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру......
Қарапайым ингредиенттердің өзі тері күтіміне арналған косметикалық құралдың (скраб) құрауыштары бола алады. Бет терісін таза әрі балғын ететін табиғи өнімдерді ұсынамыз.
✅ 1. Ас содасы теріні терең тазартып, безеу шығуға себеп болатын бактерияларды өлтіреді. Ол үшін аздап ас содасын алып, оған қоймалжың болатындай етіп су құйыңыз. Пайда болған қоспаны бет терісіне жағып, саусақтарыңызбен уқалаңыз. Бірнеше минуттан соң суықтау сумен шайып тастаңыз.
✅ 2. Бал мен аздап тұзды араластырыңыз. Егер теріні терең тазарту керек болса, тұз мөлшерін көбірек алыңыз. Қоспаны бетіңізде бірнеше минут ұстап, жылы сумен шайып тастаңыз. ......
Салмағы 5 - 10 кг, ең ірісі 13 кг - ға жетеді. Қанатын жайғандағы ұзындығы 150 - 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады.
Аққу жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 - 7 - ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 19 - 20 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді.
Аққудың алты - жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанда мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.
Шипун – аққулары наурыз айына 5 - 10 жұмыртқа алып қалады да, ұрғашысы оны 5 аптада басып шығарады. Сол уақытта ата аққу ұрғашысы мен көгілдірлерін қорғап жүреді. Сонымен қатар, ата аққулар осы уақытта ұрғашыларын ауыстырып та отырады.
Аққу үш - төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш - төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын “саһар”, балапанын “көгілдір”, мойнын “сұңғақ” деп дәріптейді......
«Отан! Отан! Сен болмасаң не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем! Өмірден бұл өксуменен кетер ем!» М. Мақатаев Қазақ... Бұл халық –әлемдегі ұлы халықтардың бірі. Қазақтың ұлылығы –бауырмашылдығында, бейбіт өмірге құштарлығында, сабырлылығында және даналығында. сочинений среди школьников на патриотическую тему – 2014 г. Южно-Казахстанская область Қазақ –сөзге тоқтаған халық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен , ел бастаған көсемдері мен шешендері ақыл айтса, ақылына ұйыған халық. Сонау Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан кең байтақ , ғажайып өлке– бұл Қазақ елі. Біздің жеріміз кең. Оның айдын шалқар көлдері мен мөлдір бастау қайнарларын, сарқырай аққан тасқынды өзендерін, гүлденген жазираларын, тамаша жайылымдар мен шалғынды таулы даланы көргенде мен тамсанамын.......
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба? 40 кітап
Жанында жаздың шуағы Жаңбырмен жүзін жуады. Екі орақ пен бір таяқ, Белін бірге буады. Ол қай әріп болады? Ал зердеге салайық Болады екен қай әріп. Ж әрпі .....