Біз бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында жиналып отырмыз.
Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп келеміз.
1991 жылғы 16 желтоқсанда біз - Қазақстан халқы - егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды.
Сол кездері, сапарымыздың басында бәрі басқаша болды. Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында елтанымастай болып өзгерді. .....
Ертеде екі қатыны бар бір адам болыпты. Мұның үлкен қатынынан тоғыз ұлы бар екен, тоқалынан бір-ақ ұлы бар екен. Үлкен қатынынан туған тоғыз ұл зорлықшыл болыпты. Сондықтан оларды жұрт: «Тоңқылдақ» деп атапты. Бәйбішеден туған тоғыз тоқалдан туған жалғыз ұлды шырылдатып, зорлық қыла беретін болғаң соң, оны жұрт: «Шіңкілдек» деп атапты. Әкесі өлген соң, бұлар аз ғана малдан айырылып, жұтап қалады. Бәрі қаңғырып, мал іздеп, бір жерге келеді. Тоғыз Тоңқылдак малды бірге жаяды, Шіңкілдек малды бір бөлек жаяды. Тоғыз Тоңқылдақ бір Шіңкілдекке қастық қыла береді.......
КIРIСПЕ Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады. Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады. Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр. Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр. Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2]. Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты. Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады. Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар. Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.....
1.1.1 Қазақстанның нан пісіру өндірісі және оның даму жетістіктері
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы бойынша Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің барысында үкімет аграрлық секторды қолдаудың лайықты деңгейін сақтап қалуы және өнеркәсіп орындарын БСҰ жағдайында тиімді жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жүйелі бейімдеу шараларын іске асыру керек. Сондықтан да биотехнология бағыттарын дамыту керек.Ашыту өндірісінде престелген және құрғатылған ашытқы өндіріледі. Негізінен олар нан пісіру үшін қамыр ашытуда, кондитер және консерві өндірісінде қолданылады. Одан басқа оларды шикізат ретінде витамин өндірісінде D және B2 витаминдерін алуда, медицинада-бір қатар емдік препараттарды, нуклеин қышқылдарын және түрлі ферменттерді алуда, микробиологияда-қоректік орталарды дайындау үшін қолданылады. Бүгінде алдына қойылған маңызды мақсаты болып: ауыл шаруашылығының өсімдік культурасын және жануарлардың өнімділігін жоғарылатуға, ауыл шаруашылық культураларының жаңа түрін құру, қоршаған ортаны қорғауға және минералды ресурсты алуда, энергияның пайда болуына жаңа экологиялық таза процестерді құруға қалдықтарды тұтыну болып саналады.Кез келген биотехнологиялық процестердің маңызды мақсаты болып технологияны және оның аппаратураларын ғылыми негізде оптимизациялау және өңдеу болып саналады Ашытқы заводтары жеке кәсіпорын ретінде өткен ғасырдың ортасында пайда болған. Ашытқы өндірісінде негізгі шикізат ретінде ашытқы ....
Адамдар тау сияқты: олардың да асқары мен аласасы, үлкені мен кішісі бар. Таулар адамдар тәрізді: олардың да өз тағдыры мен тарихы бар. Жайбарақат мүлгіген жай таулар мен жалын атқан жанартаулардың айырмашылығы: жанартаулардың жалын атуына Жер-Ананың қозғалысы әсер етсе, адам баласының адамзат бақыты үшін от болып жанып, найзағайдай жарқылдауына, қиын да қасиетті жолға түсуіне, Азамат атын биік ұстап өтуіне Ұлы Отан соғысының рухы ықпал еткені тарих беттерінен аян. Бұл – бүкіл әлемге өзіндік ауыр қасіретімен ізін қалдырған тарихтың ұлы сабағы.......
КІРІСПЕ 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу құқығын әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен бірге ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Жоғарғы оқу орны секілді мектептердің де оқыту жоспарын басқару жүйесі қатқыл, динамикалық жүйе болу керек. Яғни, бұл жүйеде көзделген жоспарларды тиімді қарастыру керек, барлық өзгерістер мен жаңа тенденцияны оперативті түрде ескеру қажет. Әр Жоғарғы оқу орны мен қатар мектептердің білім беру саласын басқару үшін үлкен мүмкіндіктері байланыс құралы мен есептеу техникасын қолдану қажетті дүние болып табылады. Заманауи кезде Жоғарғы оқу орнын басқаруда автоматтандырылған жүйенің енуі және белгілі бір өңдеу тәжірибесі жинақталған. Ұйымдастырылған жүйеде қиынырақ жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.....
Ел дегенде езіліп, Жұрт дегенде жұмылып істе. Бауыржан Момышұлы «Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз керек» деп Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында басты мақсат – Қазақстандық патриотизмге нақты тоқталған. Қазіргі таңдағы еліміздің өркендеуіне тек патриоттық тәрбие, патриоттық рух, патриоттық білім менпатриоттық сана арқылы ғана қол жеткізуге болады. Расында да қоғамның қай саласында табысқа жеткізсеңіз де тек патроитизм арқылы ғана жеткізесіз. Алдымен патриотизм дегеніміз не?......
Туған жер, атамекен әр адамның тағдырын құрайды. Тек одан барлық алғаныңды көңіл сүзгісінен өткізіп, бал жинаған арадай,жүрегіңе құя білуің шарт. Туған жерді сүю дегеніміз өмір бақи өз жеріңде байланып қалу емес. Әлемге назар аудармай,табандап отырып алсақ,ақпайтын көл секідді, өз-өзімізбен тұйықталып,әлемдік даму мен өркениеттен құр алақан қалар едік.Десе де, жер шарының қай ендігі,эквадордың қай белдеуінде жүрсең де,қайта саған, сағынышыңды басар темірқазығың-туған жер атты ұлы ұғым біреу.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері Сабақтың тақырыбы: Үй телефоны мен ұялы телефон Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.2.1.ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. Сабақтың мақсаты: Оқушылар: Мәтін мазмұнын түсінеді. Тілдік құралдарды талдайды. Стильдік ерекшелігін анықтайды.....