Қызғану сезімі барлық адамның жаратылысында бар, одан ешкім толығымен бас тарта алмайды. Бұл сезімнің адам өміріне қосар үлесі көп. Дегенмен де, қызғаныш шектен тыс болған жағдайда өмірді қиындатып жібереді. Ал, егер қызғанушы кішкентай бала болса, өмір одан ары қиындай түседі... Балаларда қызғану сезімі, шамамен, 2 жасында басталады.
Негізінде, ата-ананың ұстанымдары мен баланың сыртта көрген көріністері баланы қызғанышқа итермелейді. Яғни, баланың өз бауырын қызғануына үлкендер өзіміз себеп болып жатамыз. Қазір сол себептерді тізбектеп, санап көрсек:
1. Әке-шешенің балалары арасында теңдік орнатуға тырысуы бауырлар арасында қызғаныштың басталуына себеп болады. Негізінде, әке-шеше балалар арасында теңдік орнатуға емес, әділдік орнатуға тырысуы қажет. Өйткені, әрбір баланың жаратылысы әртүрлі болуымен қатар, дүниеге келу уақыты да әртүрлі. Осы өзгешеліктерге мән бермей, екеуіне де тең қарау, екеуінің біреуіне әділетсіздік жасау болып табылады.
2. Әке-шешесінің өзіне әділетсіз әрекет еткенін сезген бала оларға деген сенімін жоғалтса, бұл сенімсіздігі оның қызғанышына себеп болады.
3. Тұңғыш балаға бұрыннан бері ие болған мәртебесін жоғалтпағанын көрсету керек. Әйтпесе, кішкентай бауыры дүниеге келген кезде тұңғышы алаңдайды және «анасы кішкентай бауырына көбірек көңіл бөліп, өзін бұрынғыдан аз жақсы көре бастады» деп қайғырады. Бұл жағдай баланың қызғанышын туындатып, бауырына күш қолдануға дейін апаруы мүмкін. .....
«Әке мен шешенің баланың алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса — ұзату)» Хадис-шариф Азан шақырып ат қою — сәбиге ат қоюдың мұсылманша дәстүрі. Сәбидің бір құлағына азан шақырып, екінші құлағына қамат айтып есім қою сүннет амал болып саналады. Бұл амал нәрестенің жынысына байланысты емес: ұлға да, қызға да жасалады. Ислам дінін ұстанған қазақ халқы үшін тым жат емес дәстүрлердің бірі болғандықтан «азан шақырып қойған аты» деген тіркесті күнделікті қолданысқа енгізіп жібергенбіз.......
Иттің шығу тарихы Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б. з. б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1, 5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық. Сабақтың тақырыбы: Дастархан басындағы әдептілік Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті. Т3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну Сабақтың мақсаты: А2. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану. Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну....
Қазақ халқы -ежелден еркіндік аңсаған халық. Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томирис, Зарина сынды сақ патшалары өздері мекендеген жерді көздің қарашығындай сақтап, ата-бабаларынан қалған ұлан-ғайыр жерді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді қорғау біздің басты міндетіміз болуы тиіс.......
Астана бүгінде – Қазақстан жетістігі мен жеңістерінің символы. Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі Астана – асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер, үкілі үміт, көркею, тәуелсіздік көрінісінің нышаны. Астана шаңырағы әлі де шарықтай түспек. Жаңа астананың келешегі толығымен XXI ғасырдың еншісінде. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас буындар.
«Астана» сөзі негізінен парсы сөзі, қазақша түсінігі астана — табалдырық, босаға, кіреберіс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдіреді. .....