Әңгіме: Қазақ емлесіндегі кейбір дауысты дыбыстардың қолданылу


Тілдің өсу, даму, жетілуімен, жалпы жазу мәдениетінің жетілуімен тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелері де бірте-бірте өңделіп, жетіліп отырады. Қандай тілдің болмасын орфографиясын түзеуде негізгі екі принцип болады: а) морфологиялық принцип; ә) фонетикалық принцип. 1940 жылға дейін қазақ тілінің орфографиялық ережелері фонетикалық принципке сүйеніп құрылды, яғни қазақ тіліндегі сөздер қалай естілсе, сол күйінде жазылатын болды. Қазақ тіліндегі сөздер үндестік заңы бойынша бірыңғай не жуан, не жіңішке түрде айтылады, жазылады. Осы үндестік заңына сай фонетикалық принцип бірден-бір дұрыс принцип болып көрінгенмен жеке сөздерді жазуда бірыңғай сауатты жазуды қиындатты. Өйткені қазақтың байырғы сөздерінің өзін әркім әр түрлі айтады да, әр түрлі жазатын болды. Әсіресе орыс тілінен енген термин сөздерді жазу үшін фонетикалық принцип қолайсыз болды. Мысалы: совет, деген сөз собет, сәбет күйінде, институт деген сөз инстөт, үнстөт, енситөт күйінде, газет – газит, кәзит, казет т.б. күйінде жазылып келді.

1940 жылы қазақ тілінің жазу ережелеріндегі фонетикалық принциптің кемшіліктері ескеріліп, тіліміздегі сөздер морфологиялық-фонетикалық принципке негізделіп жазылатын жаңа орфографиялық ереже қабылданды. Морфологиялық принцип деп тілдегі сөздер айтылуынша, естілуінше құбылып жазылмай, әрбір сөздің бастапқы түбір тұлғасы мен қосымшалардың тұлғасын сақтап жазуды айтады. Мысалы: басшы (башшы емес), қашса (қашша емес), түнгі (түңгі емес), айта алмай (айталмай емес), келе алмай (келалмай емес), Аманкелді (Амангелді емес), шекара (шегара емес), ақ ешкі (ағ ешкі емес), кім келді (кім гелді емес) т.б.

Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың біразы орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы айтса, елбасының латын графикасына көшу туралы жарлығы да сәтті болмақ.

Қазіргі тәуелсіз елімізде, әсіресе соңғы кезде, ғалымдарымыздың көбісі орфографиялық ережемізді қайта қарау қажеттігі туралы мақалалар көптеп жарық көруде. Түбінде жаңа әліпбиге көшетініміз кәміл. Себебі бұл елбасының тапсырмасы. Оған дейін қазіргі әліпбиіміздің бірсыпыра жерлерін жөнге келтіру керек болады. Біз осы тақырыпта кейбір дауысты дыбыстардың қолданылуы жайында сөз қозғамақпыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұстаздан ұстазға құрмет

Әр сабағы болып өтіп тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын.
Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн,
Ұстаз деген – мәртебелі бір есім.

Өмірінің мағыналы шақтары
Мектеп болып, содан бақты тапқаны.
Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі,
Ұстаз деген – сол ұжымның мақтаны.

(Ұстаздық қызметтен құрметті демалысына шығып жатқан ұстазға кейінгі буын әріптесінің құттықтау сөзі)

Құрметті Ұстаз!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы далам - ұлан-байтақ Отаным!

Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін . Менің Отаным - Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген:
Батысында Жайық, шығысында Ертіс есілген,
Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген.
Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған,
Отаным осы - Қазақстан болып атанған!-деп ақын жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан -ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата –жұрт. Әні мен күйі шалқыған ғажайып сұлу сахара!
Менің елім - Қазақстан. Осынау құдіретті сөзді әрбір Қазақстан Республикасының азаматы асқақ сезіммен, ерекше мақтанышпен айта алары хақ . Осындай аймағы үлкен, қойнауы қазынаға толы құнарлы жерімізге кімдер көз тікпеді? Олар қазақ жеріне иелік ету үшін қаншама рет шабуыл жасап, елді тыныш қоймады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Экология | Табиғат қорларың ластануы және оны пайдалану

Барлық тірі табиғат соның ішінде жүгірген аң, жорғалаған жәндік пен ұшста, жалпы бүкіл тірі организмдер ауамен дем аламыз, су ішіп, онымен жуынамыз. Бұлар бізді қоршаушы ортаның басты үш құраушысы болып табылады. Ғылымда оны биосфера, яғни тіршілік ортасы деп атайды.
Биосфера – түрлі тірі организмдер мекен ететін жердің үстіңгі қабаты мен судан, өзендер мен көлдерден, теңіздер мен мұхиттардан, яғни жердің асты – үстіндегі су мен будан және 2-3 шақырымға дейінгі тереңдіктегі жер қойнауынан тұратын нәзік қана өмір әлемі. Сондай-ақ ауа 12-15 шақырым биіктігіне дейінгі аралықты қамтитын және тропосфера деп аталатын төменгі қабаты да осы тіршілік аясына кіреді. Биосферадағы тепе-теңдік, ондағы заттық және күш қуаттық алмасулар,онда тұрушы барлық тіршілік иелерінің өмір сүруінің нәтижесі болып табылады. Бүгінгі таңда тіршілік аясының аумағы бірнеше кеңейе түсуде.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Леп белгісі көп нүкте (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі, көп нүкте.
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.4.5.1.қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін түсіну(даралаушы), дұрыс қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Леп белгісі, көп нүктенің қойылу орнын біледі.
Дұрыс қойып жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

1.1.Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1].
Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ – шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлылардың ұрпағы болғым келеді.

«Ұлы болу оңай, ұлылардың
ұрпағы болу одан да қиын»
Халық даналығы
Мен өз елімнің ұланымын. Апай бізге «Сендер егеменді еліміздің ертеңгі ұланысыңдар» десе, анам мені «ұланым» деп еркелетеді. Менің түсінгенім «ұлан» деген атқа лайық болу үшін өз еліңді шексіз жақсы көруің керек.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жаз айлары (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім. Уақыт
Сабақ тақырыбы: Жаз айлары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау
3.4.1.1. Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін қолданып сөйлем құру.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: Тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.
Оқушылардың көпшілігі:Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтін бойынша кестені толтырады. Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырыпқа қатысты өз пікірін білдіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0