Ертегі: Түлкі мен Қораз

Таң алагөбеңнен бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың бұтағына қонақтап отырған Қоразды көреді. Ағаштың түбіне келіп, мүләйімсіп Қоразға:
— Тақсыр-ау, тақсыр, таң атты ғой, азан айтыңыз да төмен түсіп, имам болыңыз, жамағат болып намаз оқиық! – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қыран мен құзғын

Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп:
— Қарғам, екеуіміздің де тегіміз - құс. Бірақ сендер жуас құссыңдар, не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыз жастан әрең асып барып жығыламыз. Бұл қалай? – деп сұрапты.
Сонда қарға:
— Сендер ылғи жемтікті ......
Ертегілер
Толық
0 0

Сұлу болу үшін лимонды пайдалану керек

Косметикалық құралдар пайда болмай тұрғанда арулар бет күтімі үшін лимонды пайдаланған. Лимонның пайдасы өте көп.

1. Беттегі безеу, бөртуден арылу үшін күніне бірнеше рет бетті лимонмен сүртіп тұрыңыз. Мұны әсіресе жазда жиі жасау керек.

2. Құрғақ бетті нәрлендіріп, жасарту үшін лосьон жасауға болады. Ол үшін 120-140 мл кілегей, жұмыртқа сарысы мен 1 шай қасық балды араластырыңыз. Қоспаға бірнеше ас қасық арақ пен 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз.

3. Лимон қалыпты және майлы бет терісін тазартуға көмектеседі. Ол үшін лимонды үккіштен өткізіп, жарты стақан арақ құйыңыз. Бұл қоспаны 5 күн бойы қараңғы жерде тұндыру керек. Уақыт өткен соң 1 қасық глицерин қосып, қоспаны сүзіп алыңыз.

4. Безеу, бөртуді емдеп, майлы бетті қалыпқа келтіргіңіз келсе, арақ пен лимон шырынының тұнбасын пайдаланыңыз. Тұнған қоспаны мұздатқышқа салып, күн сайын пайдаланыңыз.

5. Секпілді жасыру үшін лимон шырынын қайнаған суға араластырыңыз. Бұл лосьонмен таңертең және кешке сүртініп тұрыңыз.

Аталған лосьон, қоспаларды пайдаланудың алдында бетті толықтай тазартып алыңыз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күзгі уақыт (3 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Күзгі уақыт
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алады;
Көптеген оқушылар:шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпаратты таба алады, өз ойын көркем – бейнелі сөздер арқылы жеткізеді.
Кейбір оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпаратты тауып, сызбаға түсіреді және өз ойын көркем –бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, қорытынды жасайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Білім ошақтары – қоғам жетістіктерінің нәтижесі

«Саналы да сапалы,білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан елдің еңі, бақыты сендердің қолдарында деп мен айта аламын.»
Н.Ә.Назарбаев
Қоғам – үздіксіз дамитын жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Осындай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік – мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Әрбір жаңа кезеңді жоғары технологиялардың дамуынан көреміз. Адамдардың алдында қоғам деген не? Ол қалай пайда болды, ол қалай дамыды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде? ......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Неліктен біз тісімізді тазалап қолымызды жуамыз

Сабақтың мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту. Қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: Балаларды ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру. Тіс туралы түсініктерін кеңейту, тістің ауыртқан жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру.
Тәрбиешілігі: Тісті күніне екі рет жуу. Таңертең, кешке. Әр адамның жеке тіс щеткасы болу қажет.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі: Дамыта оқыту. Тәй - тәй бағдарламасы.
Қолданылған әдіс - тәсіл: ойын, сөздік, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сызба арқылы.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ғажайып кезең, дәрумендер, дидактикалық ойын.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Дос бол сабын, сумен сен, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Азаттық туы астында

Бөрілі байрақ астында
Бөгеліп кқрген жан емен.
Бөрідей жортып кеткенде,
Бөлініп қалған жан емен,- деп басталатын әр сөзі саф алтындай салмақты: өлең шумағынан дүркірей жөнелген қалың қолдың дүбірі елдің намысы, бүтіндігі жолында бір ту астына жиналғандардың бөлінбес бірлігі, бөгеліп, іркіліп көрмеген өршіл өжеттігі атойлап тұр.
Өмірге келген әр жаңа мемлекеттің өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген туы мен елтаңбасы, асқақтата әуелеткен әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді,......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Қоянның айласы

Бір күні алыс сапардан шаршап, болдырып келе жатқан түлкі жол жағасында жортақтап жүрген қоянды көріпті. Сонан соң түлкі ауырған болып, қоянның жолына сұлай кетеді де оны қасына шақырады.
– Қоянжан-ау, қоянжан! Неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бірге өскен, тоғайдың дәмін бір жескен көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын, халімді неге сұрамайсың? Жақынырақ......
Ертегілер
Толық
0 0