Ғылыми жұмыс (жоба): Қоғамға керек мамандық

Дінтану оқыту әдістемесі тұлғаның рухани болмысын жетілдіруге және мәдениетін қалыптастыруға, руханият жетістіктерін жан - жақты түсінуге, діни ілімдерді зерделеп, талдауға үйретумен қатар, жат діни ағымдарға сыни көзқарас қалыптастыру, басқаның мәдениетіне түсіністікпен қарауға, кешірімділік, діни толеранттылық дін аралық келісім ұстанымдарын сыйлауға тәрбиелеуі тиіс.

Дінтану білім беруді ізгілендіру үдерісінде өзіндік рөл атқарады. Діни мәдениет пен шынайы руханилық бұл маңызды гуманистік құндылық. Бүгінгі өмір дінтану пәнінің оқытушысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Дінтану пәнінің оқытушысы ақыл - парасатымен, жеке мәдениетімен, рухани дүниесінің байлығымен, шығармашылық әлеуетімен, жауапкершілік сезімімен даралануы тиіс. Дінтану пәнінің ұстазы өзінің наным - сенімін және дінге қатысты көзқарасын оқушыларға танбауы тиіс. Әрбір дін өзінің тарихы және ілімі тұрғысынан берілуі тиіс. Оқытушының дінге көзқарасы оқыту барысында бейтарап болуы тиіс. Дінтану пәні жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді артып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, зайырлы мәдениетті өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізеді деп ойлаймын......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгілік мұра

«Сыр- Алаштың анасы». Бұл киелі өңір – көне дәуір шежіресі, мәңгі өшпес те өлмес тарихы және мәдени мұралардың асыл көмбесі.
Түркінің ішіндегі тұғырлы тұлғаның бірі – Қорқыт. Ол туралы аңыз көп. Ел арасындағы әңгіменің бірі мынау. Қорқыттың қабірі Сырдың жағасында жатыр. 1925 жылдан бастап баба мазарының табанын толқын тебе бастайды. Талай жылғы жәдігерді құлайды дегендер де болыпты. Дегенмен, қабырғаның қалыңдығы соншалық,......
Шығармалар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Материктердің табиғат зоналары (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера
Сабақ тақырыбы: Материктердің табиғат зоналары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.4.2 табиғат зоналарын жоспар бойынша сипаттайды
Сабақ мақсаттары: Табиғат зоналарын жоспар бойынша сипаттау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Бақыт құсы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен.

Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен. Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы. Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да ертеңіне байдың баласы......
Ертегілер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың композициясын анықтау Жаз (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Шығарманың композициясын анықтау Жаз
Оқу мақсаттары: 4.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау;
4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;
Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады;
Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Қазақстан - алтын бесігім

Жер шарындағы кез-келген адамның Отаны, туған жері болады.Туған елге деген, жерге деген ыстық махаббат әр адам жүрегін тербейді, жүрегінде өмір бойы сақталады.Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден- ақ ру тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, ұлын құл, қызын күң еткізбеудегі батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдар мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай

Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.

Автор

Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.

Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Сауысқан мен көкек

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», – деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
– Екеуіміз бірігіп берік ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, – дейді. Көкек:
– Менің ұя салатын қуатым......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Тоқсаба мен тоғыз жасар бала

Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:

– Балам, бұл қозы кімдікі? – депті.

– Ата, қозы қойдікі,– депті бала.

– Әкеңнің аты жоқ па еді? – депті Тоқсаба.

– Әкемнің қара, торы, құла аты да бар, – депті бала.......
Ертегілер
Толық
0 0