Сауат ашудан сабақ жоспары: Достық деген не? (достық туралы әңгімені жоспарлау) (1 сынып,3 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің отбасым және достарым»
Сабақ тақырыбы: Достық деген не? (достық туралы әңгімені жоспарлау)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу)1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрып айту
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану)
Сабақ мақсаттары: Оқушылар дос туралы сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрайды. Сипаттап айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Алпысқа келгеннен ақыл сұра

Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады.

Бүкіл халық жиналған соң, хан:

— Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды айдалаға алып барып тастау керек. Жасы алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Шалдарыңды құртыңдар! Ал мұны қабыл алмағандардың басын аламын! – дейді.

Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп жүргенімізде, өзіміздің басымыз кетер, ханның дегені-ақ болсын» дейді. Ханның үкімі жүзеге асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан өлсе, өледі, өлмесе елсіз жерге апарып тасталып, ит-құсқа жем болады. Бірқатары шалдарды таудың жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Хан мен Қызыр

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Оның үш уәзірі болыпты. Күндерде бір күн хан еліне жарлық қылады: «Қызырды маған көрсеткен адамға ат басындай алтын беремін», – деп. Бірақ ешкім «мен көрсетемін» деп айта алмады. Бұл елде өзі бәңгі, өзі құмарпаз, киерге киімі жоқ, ішерге тамағы жоқ бір адам бар екен. Бұл адам ойлады: «Былайша иттен ілгері, адамнан кейін болып жүргенше, ханға барып Қызырды көрсетемін деп алтынын.....
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Қазақ тілі | Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар

КІРІСПЕ
1. Абай – қазақ әдебиетіндегі ірі тұлға.
1. 1 Қазақ тіл біліміндегі антонимдер.
2. Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптарды топтастыру және қолданылу ерекшелігі.
2. 1 Ұлы сыршыл лирик ақын өлеңдеріндегі антонимдер мәні.
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудағы мақсатым - оқушыларды ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденудің әдістерін үйрету арқылы көрегендікке, шығармашылыққа баулу.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XX ғасырдың 60-80 жылдардағы халықаралық қатынас

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде АҚШ-тың қаржылық-экономикалық және әскери күш-қуаты едәуір күшейді. Еуропа мен Азияның көптеген халықтарының басына түскен қиыншылықты АҚШ басынан кешірмеді. Соғыс құралдарын сату есебінен американ монополиялары орасан зор пайда тапты. Өнеркәсіптің өндірістік қуаты мейлінше өсті. Соғыстан кейін АҚШ империализмнің ең басты экономикалық және әскери-саяси күш ретінде, халықаралық реакцияның қамалы болып бас көтерді. Американ капитализімінің ішкі табиғаты (капиталдың тез қорлануы, өндіргіш күштердің қаулап өсуі) оны сыртқы экспансияны кеңінен жүргізуге итермеледі. Құрама Штаттар жаңа рыноктарды иемденіп, шетелге капитал шығаруды арттыру үшін және кең көлемді "доллар империясын" құру үшін осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалды. Американ империализмі ең ірі қанаушыға айналды.

Соғыс аяқталысымен американ империализмі атом қаруына бір өзі ғана ие болғанына және соғыс базалары жүйесіне сүйене отырып, дүние жүзіне үстемдік орнату жоспарларын жүзеге асыруға тырысты. Монополистік буржуазияның идеологтары XX ғасырды "Америка ғасыры" деп атай бастады. Халықаралық аренадағы күштердің арасалмағында социализм пайдасына жасалған өзгерістер американ монополияларының қимыл өрісіне елеулі шек қойды. АҚШ-тың бәсекелестерінің еңсесі көтеріліп, бұғанасы қатайды да, тауар шығарылатын рыноктар үшін өздерінің ең күшті бәсекелесімен күреске түсті.

Сыртқы саясаты екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген жылдар бойы мүлде агрессияшыл сипат алды. АҚШ сол заманғы империализмнің лидері болу қызметін өзіне алып, социализмнің халықаралық позициясының нығаюына тосқауыл болуды, жер шарының көптеген аудандарында империалистік үстемдікті және езушілікті сақтап қалуды мақсат етіп қойды. "Күш көрсету позициясы" деген саясат осы бағыттың негізі болып отыр. Бұл саясаттың түпкі мәні дүниежүзілік социализмнің өсуін "бөгеу", оны "үрейлендіру", сонан соң "шегіндіріп", жеңіліске душар ету еді. Бірақ бұл ракета-ядролық қару-жарақтар жөнінен шамамен теңесуші, әскери елес қаупін түсінуінің АҚШ-тың басшы топтарының басшы топтарының КСРО-мен қарым-қатынасқа деген көзқарасын қайта қарауында шешуші маңызы болды.

1954 жылғы Женева келісімдері Вьетнамды біріктіруге мүмкіндік туғызған еді. Бірақ оны Америка Құрама Штаттары орындатпай тастады. Америка империалистері Оңтүстік Вьетнамды өзінің соғыс базасына айналдыру керек деп шешті. Осы мақсатпен олар Сайгонда қуыршақ режим құрды, ол патриоттық күштерге қарсы террор мен жазалауды тұтандырды. Осыдан кейін іле-шала АҚШ Оңтүстік Вьетнамаға соғыс интервенциясын бастады да, жыл сайын үсті-үстіне жаңадан өзінің әскер контингенттерін жіберіп отырды. 60-жылдардың ортасына қарай АҚШ-тың экспедициялық күштерінің саны 500 мың адамнан артып кетті. Оның үстіне АҚШ Сайгонның қуыршақ армиясын толық қаруландырды, оның саны миллионнан астам адамға дейін жеткізілді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: «О, туған жер! О, қасиетті атамекен!»

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым,
Алабыңнан арманыма нәр алдым.
Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі,
Алтын арай таңғы жұпар самалдың.
Әбу Сәрсенбаев.
Ес біліп етең жеңіңді жиған, балалық жастық шақ әркімнің есінен кетпейді . Асыр-салып ойнаған аңғал-саңғал балдәурен шағымыздың аспаны сағымға толы сағынышта қалары сөзсіз. Ол туған жер төсіндегі қиялымызға қанат бітірген туған өлке. Жазиралы дала, айдын шалқарлы көл, күркірей аққан өзені бәрі-бәрі де ыстық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Әңгіме жазу «ң» дыбысы мен әрпі (1 сынып,2 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Әңгіме жазу «ң» дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады
1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қарапайым мәтіннің мазмұнын белгі, сызба, суреттер қолдана отырып жеткізеді
1.3.1.1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады
1.3.3.1 Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды
Сабақ мақсаттары: Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады.
Үлгілер, сызбалар, суреттер қолдана отырып, қарапайым мәтіндер мен сөйлемдер жазады.
Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады
Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды.
Ң дыбысы мен әрпін меңгерту.сөздерге дыбыстық талдау жасау.Ң дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.Ң дыбысының сөздегі орнын анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сочинение: Чита – мой город

Читагород, основанный в глубинах Сибири казаком Петром Бекетовым как казачья крепость. Произошло это во времена освоения дальних земель казачеством в 17 веке. Поселение должно было стать форпостом Российской империи в пути на восток, в Восточную и Центральную Азию.

Сначала поселение называлось Плотбищем, так как стояло на слиянии двух рек, и основным промыслом на тот момент в этом месте являлась постройка плотов. Свое сегодняшнее название....
Сборник сочинений
Толық
0 0