Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам:
– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты.
– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді.
– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – деп, бір ұрады.
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер Сабақ тақырыбы: Квадрат түбір 2-сабақ (А-бөлімі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: «квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» ұғымдарының айырмашылығын түсіндіре алады; арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі; √x=a түріндегі теңдеулерді шешеді......
Құлақайдың әкесі елге беделді адам болса керек. Мекені – Тарбағатай тауының алқымы, «Саршоқы», «Аршалы» деген жерлер. Сол уақыттағы дәстүр бойынша Құлақайдың әкесі күз болып, мал семірген уақытта маңындағы елдерге жата-жастана қонақтайтын әдеті екен. Құлақайдың сегіз-тоғыз жастағы кезі. Әкесінің алты ұлының ең кішісі де осы – Құлақай. Сондықтан да оны жасынан-ақ еркелетіп, бетін қақпай өсіріпті. Әкесі қайда барса да, өз қасынан қалдырмапты. Ел ішінің беделді адамы, атақты рудың баласы болғандықтан, Құлақайдың әкесін елі құрметтейтін. Өзі жоққа нанғыш, байлығы болмаса, момын адам еді. Сүйтіп, жас Құлақай әкесімен қонақтап жүріп, барған үйінен үнемі құлақ (малдың) жеп, оның тәттілігі жас баланы кәніктендіреді. Жасы жеткен адам болғандықтан да, қай үйге барса да, бас Құлақайдың әкесінікі де, құлағы – баласынікі. Көбінесе, ағайын ішіндегі бір ауылдың, қалса, бір елдің ақсақалы болғандықтан, бір үйден екінші үй өздері–ақ құрметтеп әкететін. Оған деген бір малдары ертеден арнаулы. Құлақай жасынан-ақ бір бетті, көңілге алған ісіне тиянақты, көпшіл болды. Өзімен замандас балалардың ортасында әр нәрсеге ыңғайлы, қолынан іс келетін қабілеті күшті еді. Ең аяғы, ауыл балаларын әртүрлі ойынға ұйымдастыратын да осы Құлақай болды. Онсыз ойындарының беделі болмайтын, қызықсыз өтетін......
Пән:Музыка Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған әлем Сабақ тақырыбы: Ырғақты зерттеу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.4.2.1 дыбыстар мен символдардың арасында байланыс бар екенін түсіну 2.1.2.1 ұжымдық музыкалық орындауға әрбір орындаушының жеке үлесін ескере отырып, басқа қатысушылардың орындауының маңыздылығын түсінуді көрсету Сабақ мақсаттары: • ырғақтық қозғалыстарды қолдана отырып, музыканы орындайды; • дыбыс және символдардың арасындағы байланысты таба алады.......
Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруына байланысты ақпараттандыру жүйесін білім саласында қолдану аясын кеңейту – қазіргі таңдағы үлкен прблемалдардың бірі болып саналады.
Бір күні Жүсіп өзінің шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой»,—дейді. Әуелі таң қалып қалған Жүсіп ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар»,—деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!»—дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ»,—дейді.
Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:—Сен арқама мін, орманға апарайын,—дейді де, Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп мысықтай ырғып құстың арқасына отырып қалың тоғайға келеді.
—Сен осының ішінен бір үлкен ағаш таңда!—деді қарақұс. Жүсіп көрсеткен ағашқа қарақұс қонады да, ағашты сілкілейді, бірақ оған ағаш сына қоймайды. Қарақұс: «Мені әлі де бақ»,—дейді. Жүсіп құсты екі ай бағып, қайта әкелгенде Жүсіптің таңдаған ағашы шорт сынады. Сонда қарақұс: «Сен менің арқама мін»,—деп әмір етеді. Жүсіп қарақұсқа мініп, аспанға ұшады. Қарақұс аспанға шарықтап, бір теңіздің үстіне келе бергенде Жүсіпті тастап жібереді де, суға жақын келгенде іліп әкетеді. Екінші рет жанып жатқан өрттің үстінен тастап жіберіп, отқа жақын қалғанда іліп әкетеді. Үшінші рет құздың үстінен тастайды да, тасқа жақын қалғанда қағып әкетеді. Сонда қарақұс бір төбеге қонып, Жүсіптен: «Сен жаңағы судан, өрттен, таудан қорықтың ба?»—деп сұрайды......