Сабақ жоспары (ұмж): Ақпаратты кодтау (Информатика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Деректерді ұсыну
Сабақ тақырыбы: Ақпаратты кодтау
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 10.2.3.1 Unicode және ASCII символдарын кодтау кестесін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Unicode және ASCII таңба кодтау кестелерін салыстыру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Әңгіме: Сая Молдайып | Шаниннің феномені Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл


Нағыз нар туғандар елін өркениет өріне өрістетпек. Бұл – хақ!

Біз сөз еткелі отырған Жұмат Шанин де елінің рух керуенін бастаған біртуар азамат еді. Тарих солай дейді.

Ең ауыр өкініш - қазақтың марқасқа ұлын қилы заман қылышымен қиып түсірді - «Спектакльді 10 минутқа әдейі кеш бастады, Сталинге қастандық жасамақ болды» деген жала жабылып, атылып кетті.

Бұл туралы және Шаниндер әулеті жайлы атасының мерейтойына арнайы келген қоғам қайраткері, режиссер, драматург, актер Болат Шанин сұхбат барысында әңгімеледі...

- Атамекенге қош келдіңіз, Болат аға!

Шана әулеті мен Жұмат Тұрғынбайұлының тағдыр-талайы хақында білгіміз келгені көп еді...

- Жұмат атамыз Баянауылдағы Желтаудың бауырындағы Қаратал қыстауында 1892 жылы туған екен. Арғы атамыз Қожамберді деген батыр адам болыпты. Бергі атамыз Шана бес ағайынды екен.

Атамыз дарынымен, алғырлығымен маңайын мойындатқан, өнерпаз адам болған. Шанадан - Тұрғынбай, Тұрғынбайдан - Жұмат пен Әкіш туады.

Шана әулеті өз еңбектерімен күн көрген, тұрмыстары кедей болған. Аз ғана малмен жағдайлары түзелмейтінін білген соң, Шана әулеті басқа кәсіп іздейді.

Сөйтіп олар туған жері Желтауды тастап, Шөптікөлге келеді. Мұндағы жаңа ашылған шахтаға түседі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылым әлемін ашамыз (7 сынып, IV тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ғылым мен техниканың соңғы жаңалықтары.
Сабақтың тақырыбы: Ғылым әлемін ашамыз
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
Ж5. Орфография және пунктуация
7.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Назарын шоғырландырып тыңдату арқылы ақпаратқа талдау жасату;
Дұрыс жазу сауаттылығын дамыту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Бүтінбаев Нұржан (Ол енді жоқ...)

Ол енді жоқ ...
Маған мәңгі болды арман.
Армандаумен өтер ме екем жалғаннан ?
Бағаламас баға жетпес сезімді,
Құдай - ау ол құлаққа ілмес сөзімді,
Тауысатын таусылмайтын төзімді,
Күндерім ай.......
Өлеңдер
Толық
1 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұлылар мен орташалар)

...Міне, қызық, ылғи бойын зорайтқан соң күліп алдан,
Пайымсыз жұрт орташаны биік қойған ұлылардан.
Ұлылардың осал жерін орташалар біліп алған,
Ұлы ойлардың иығына орташа ойлар мініп алған.
Сан алқалы жиындарда орташалар той бастаған,
Хас тұлпардың даңқын бөгеп орташа аттар ойқастаған.
Мынау марғау дәуірдің де орташалар — сүйенері,
Биліктегі бастың көбі — орташа ақыл иелері. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Жезқазған ауданындағы мыс кендері

1. Жезқазған
Кеңестер Одағының мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және мыс қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың 1-дегі есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дертяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша 3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс – 1330 мың тонна.
Жезқазғанның бұл толық зерттелген запасы 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы метрдей жер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85-90 процент шамасы руда шығарады. Бұл мәліметтер Жезқазғанда мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерььеу жөнінен де басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын, толық зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді.
Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк, висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады.
Жезқазған рудасы оншама терең де емес, ең терең жері 150 метрге жетеді, руда жер астында қабат-қабат жатады, мұның арқасында бір шахтадан бірнеше қабат руда шығаруға болады. Руда қабатының ұзындығы 1,5 километр, ені жарты километр, қалыңдығы 15-20 метрге дейін жетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экология ғылымы

Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ( табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23мың т жетеді.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.
Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау Буын (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақтың тақырыбы: Жарнама плакаттары мен кітапшаларды дайындау. Буын.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Ж 3.6 Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу
Ж 3.2 Стильдерді ажырату және белгілі бір стильмен өздігінен мәтін құрап жазу
Ж 3.3 Жоспар құру
Ж 3.8 Мәтінді түзету және редакциялау
Сабақтың мақсаттары: 1.3.6.1 Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер мен жарнамалар құрастырады.
1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады
1.3.3.1 Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды.
1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Бақыттың мәні

І. «Өзін - өзі білген – ер бақытты, өзін - өзі билеген ел бақытты» деген халық мақалын бүгінгі айтар ойымның түп қазығы етіп алмақпын. Неткен даналықпен, көрегендікпен айтылған сөз! Туған елің, Отаның құлдықта болса қайдағы бақыт?! Құлдықтағы ел төгілген тердің, еңбектің жемісін еш уақытта көре алмайды, ой еркіндігі туралы айтудың да қажеті жоқ. Құдайға шүкір, «мың өліп, мың тірілген» қазақ тәуелсіз ел болды. Ғасырлар бойы аңсаған бақыт құсы қолымызға қонды. Қазақ халқы бақытты құсқа теңейді, оның мәні неде? Құс қолға оңайшылықпен қонбайды, қонған екен оны аялай білмесек, баптай білмесек, қадірін білмесек қалай ұшып кеткенін білмей қаламыз. Бақыттың шалғайынан басып, күшпен ұстап тұруға болмайды, - деген екен ұлы ойшыл Сайф Сараи.
Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайындағы жаһандану дәуірінде мемлекетте әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамды өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың игілігінен, адами іс - әрекеттерінен, олардың өркениеттік озық үлгілері бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Осы тұрғыдан Елбасы Н. Ә. Назарбаев әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатындағы он бағыттың бірі ретінде «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуіне» баса назар аударды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Мектеп бағдарламасында халық географиясын оқыту

КІРІСПЕ
Халық қоғамдағы басты күш. Қоғамды дамытушы да, қалыптастырушы да халық болып табылады. Ал, халықтың қоныстануы дегеніміз, егер кең мағынада түсінетін болсақ, бұл қоғамның қалыптасуының кңістіктегі формасы. Халық кез келген мемілекеттің басты байлығы.
Ол мемілекеттің еңбек күштерінің басты бөлігі. Біз оның санына, әлеуметтік, ұлттық мамандығына, жастық – жыныстық жанұя құрамына, білім деңгейіне көз жүгіртетін болсақ, онда әлеуметтік экономикалық саяси, мәдени, ұлттық және демографиялық жағдайын білуге көмектеседі.
Экономикалық тұрғыдан қарастырсақ, халықтың қоныстануы өндіргіш күштердің белгілі бір аумақта шоғырлануы. Ал, халықтар географиясы нысанында бағаласақ, бөлшектеніп жайлануын айтамыз.
Осы ұғымды әр түрлі тұрғыдан кең мағынада бағалау, оны зерттеудің біріншіден жан – жақты болатындығын дәлелдесе, екіншіден, халықтың қоныстануы кез – келген қоғамның табиғи және әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі бола алады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0