Сочинение: Славные сыны Отечества

Какую песню о победе,
Какой сложить о вас рассказ?
Богатыри, язык мой беден,
Чтобы воспеть, прославить вас!
«Война - жесточе нету слова, война – печальней нету слова », так определил поэт это трагическое и героическое время, которое показало всему миру силу характера и величие народного духа.....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағында хлоропласт санының өзгеруі

Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар - болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы, күн батар кездегі күн сәулесінің өзі – ақ жеткілікті деуге болады. А. С. Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгейінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үшін жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3 - не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы, немесе қарқындылық шегі деп қаралады. Жарықтың қанығу деңгейінен жоғарылауы фотосинтездік аппаратты зақымдауы мүмкін. Себебі, мұндай жағдайда фотосинтездік тотығудың зиянды әсерінен ферменттер ырықсызданады. Жарықпен қаныққан кезде хлорофилдің қозған молекулалары шамадан тыс көбейіп, олардың энергиясы фотосинтезге толық жұмсалмай, басқа қажетсіз реакцияларға - ферменттердің тотығуына (карбоксилаза), т. б бағытта жұмсалады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жұмбақтар жауабымен

Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.
(Ас бұршақ)

Сары қозы, көк қозы,
Қарындары тоқ қозы.
Күздігүні көп қозы,
Қыстыгүні жоқ қозы.
(Қауын - қарбыз)

Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
(Циркуль мен қарындаш)

От ішінде – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені.
(Мосы мен шәугім)

Торы тай,
Табанында төрт ай.
(Таға) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әңгіме жазамын (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Әңгіме жазамын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, қысқа жазба/мазмұндама жазу
Сабақ мақсаттары: Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, оқиғаның соңын болжайды, тірек сөздерді пайдалана отырып қысқа мазмұндама жазады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Қазақ баспасөзінің пайда болуы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Енді ғана өз билігі өзіне тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күннен - күнге айқын сезілуде. Өйткені ұлттың бүгінге дейінгі тарихы – оның ертеңгі тағдыры.
Біз қазақ баспасөзінің дәлірек айтсақ, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ баспасөзінің сипатына, ондағы қарастырылған басты мәселелерге тарихи тұрғыдан тоқталып өттік. Бұл кезең қазақ баспасөзінің енді - енді ғана дүниеге келіп, халықтың арасына тарай бастаған кезеңі, әрі халықтың тар жол тайғақты кезеңі. Осындай аласапыран кезеңде халық тағдыры мен қоғам өмірінің шындығын бүкпесіз батыл жариялаған қазақтың баспасөзінің қызметі де орасан зор болды. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 6 саны мен цифры

Мақсаты: Балаларды 6 саны мен цифрымен таныстыру. 6 санының құрамын ойындар арқылы түсіндіру. Ойлау, есте сақтау, көру, есту қабілеттерін дамыту.
Шаттық шеңбері.
Міне, біздің де кездесуіміздің тамаша сәті келді. Біздің шаттық шеңберімізге қараңдаршы!
Қандай керемет! Оның сиқыры бар.
- Егер күлкі бейнеленсе, бір – бірімізге күлімдей қараймыз.
- Алақан бейнеленсе, қолымызды алысып амандасамыз.
- Жүрек бейнеленсе, бір – бірімізге жылы сөздер айтамыз.
- Күн болса, күндей жарқыраймыз. /«Сәлем – сөздің анасы»/ сөзі тақтаға ілінеді.

Жыл мезгілдерін атау.
- Балалар жыл мезгілін табу үшін сендерге 1 жұмбақ жасырамын.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай кезде болады? /Қыс/.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Құламойын Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қамбар жыры

"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны
Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.

Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады.
...Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды:
Болса деп бізбен ашына.

Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты.
Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу «Төле би мен Түлкі бала» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың түрлі жанры бойынша шығармашылық жұмыс жазу «Төле би мен Түлкі бала»
Оқу мақсаттары: 3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады және жауап береді, шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, шығарма кейіпкеріне сүйене отырып, үлгі бойынша хат құрастырады.
Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұны бойынша қолдануға негізделген сұрақтар қоя алады, шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, шығарма кейіпкеріне сүйене отырып хат құрастырады.
Кейбір оқушылар: шығарманың мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап бере алады, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, оқығаны бойынша хат жазады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Философия | Қазақ күй философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы.
Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0