Саясаттану қоғамдық ғылымдар жүйесінде өз орны мен рөлі, өзіндік атқаратын қызметі бар ғылым болып табылады. Ол өзінше күрделі ғылым. Өйткені, оның дербес ғылым ретінде зерттейтін пәні және оның ауқымы туралы мәселелерде осы күнге дейін ортақ пікір қалыптаспаған. Мәселен, кей ғалымдар оны философияның бір саласы деп есептесе, екіншілері заң ғылымының, үшіншілері тарихтың, төртіншілері социологияның саласы деп айтуда. Бірақ, бұған қарамастан саясаттану ғылымы дүниежүзілік ғылыми сахнада академиялық пән ретінде, ғылым ретінде қалыптасып, кең өріс алуда. Сондықтан саясаттанудың өзі зерттейтін мәселесі, пәні бар дербес ғылым.....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті» Сабақ тақырыбы:Қуыршақ көріністерін жасау. А.С. Пушкин «Балықшы мен Алтын балық» ( орыс ертегісі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. ....
Жәмеңке мәмбетұлы (1838, бұрынғы Жетісу облысы Жаркент уезі — 10.8.1916, Қырғызстан, Қаракол қ.) — батыр. Жетісудағы 1916 жылғы Қарқара көтерілісі жетекшілерінің бірі. Жастайынан өткірлігімен, шешендігімен көзге түсіп, 18 жасынан билікке араласып, әділдігімен елге танылған. 19 жасында Қарқара өңірінің игі-жақсыларымен бірге Тезек төремен кездеседі. Ж. Қарқара қазақтары мен Ыстықкөл қырғыздарының ақылгөй ағасы атанған. Туысқан екі елдің татулығы мен достығын, бірлігі мен бейбітшілігін сақтап, нығайтуға көп еңбек сіңірген. Ж-нің ұйымдастырушылық дарыны 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында айқын байқалды. Патша үкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығына орай туындаған жағдайға байланысты Нарынқол-Шарын өңіріндегі албан тайпасының 16 болысының өкілдері Қарқара жәрмеңкесінің шығыс жағындағы төбенің үстіне жиналып мәжіліс өткізеді. Мәжілісті Ж. бастап ашып, ол патшаның жарлығына қарсы шығып: ".... .....
Еліміздің төл Конституциясында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас жеткіншектерден басталады, себебі болашақ қоғам солардың қолында. «Жаңа ғасырға» қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болуы керек. Әрбір адамның өзі үшін жауапкершілігі жаратушының алдындағы жауапкершілікпен бірдей екені сөзсіз. Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де сан қырлы экономикалық – материалдық, ұйымдық, кадр, құқықтық – нормативтік шараларды жүзеге асыруды қажет етеді. Солардың ішіндегі маңыздысы жастарға құқықтық білім беру, құқықтық тәрбиелеу. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өмірдің тиімді жолдарын өз бетімен шешуге үйренуіне, қолайсыз көріністерге бой алдырмауға жетелейді. Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге силай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» Сабақ тақырыбы: Ең биік ғимарат (ОМЖ бойынша 7-сабақ) Оқу мақсаттары: 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1* мәтін мазмұнын нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру; 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: Кластерге сүйеніп, Эйфель мұнарасы туралы айтады. Оқушылардың көпшілігі: Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырады және жауап береді. Оқушылардың кейбірі: Кесте бойынша диалогке қатысады......
Ғани Әбдуәлиұлы Құлжанов (1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған) — танымал кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері (1998). Ғани Әбдуәлиұлы 1965 жылы 20 қыркүйекте Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1984 жылы Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі (бұрынғы Алматы музыкалық училищесі)н бітірген. 1987 - 1991 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы театр және көркемсурет институты)ның актерлік бөлімін КСРО халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына алынды. 2007 жылы Астана қаласының әкімдігінің шақыртуымен Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрына актер ретінде қабылданды. 2007 жылы Астана қаласындағы Жастар театрына директорлық қызыметіне тағайындалды. 2007 - 2013 жылдары Астана Жастар театрының директоры болды. Қазіргі таңда Астана Жастар театрының актері....
Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру, адамгершілікке ,әдептілікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілі: cұрақ-жауап, әңгімелеу. Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: плакаттар, көлік түрлеріне суреттері, гараж. Сергіту сәті: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнай түссін даламыз, Қайырлы таң балалар. Балалар: - Сәлеметсіз бе , апай. Мотивациялық кезең: -Балалар тыңдан даршы, бір дауыс шығады. Есікті ашып қарап, ой қараңдар , бізге қонақ келіпті . Тәрбиеші: «- Бұл кім » Балалар: «- Бұл қуыршақ.» Қуыршақтың тапсырмасын тәрбиеші балаларға оқып береді: «Бип-бип, жолдан былай кет.» .....
Ши тоқу өнері көшпелі және жартылай отырықшылықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданған. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніш ретінде киіз астына төсеген. Тоқылған шиді қазақтар сияқты көшпелі басқа шығыс халықтары да кеңінен пайдаланған. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан – ақ қолданған. Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқан. Ши өңдеу, тоқу өнермен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбінесе әйелдер айналысқан. Ақ шиден өзіне керекті күнделікті күнделікті тұрмыста пайдаланатын затты әрбір әйел өздері тоқып алған. Шиді күзге қарай дайындаған. Ши тоқу үшін ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ортаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым қондырғы пайдаланған. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатқан. Қазақ халқының қолөнер саласына ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, ою салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер болып табылады. Ши бұйымдары жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында өз орнымен әр түрлі мақсатта пайдаланған. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе құрт, ірімшік, т,б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгі жасау үшін, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданған. Түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарын әшекейлеуге пайдаланылған. Ал оның бойы тұтас оралмай, әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.....