Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Жұмбақ және оның түрлері

Жұмбақтар – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра. Жұмбақтардың асылдық қасиеті, оның дүниеге келуі сонау ерте заман болса да, бүгінгі біздің дәуірімізде қажеттілігі күшейіп мән - мағынасының артып отырғандығында.
Жұмбақтар халық ауыз әдебиеті ішінде ұсақ жанрлар қатарына жатады. Жаңылтпаштар, мақал - мәтелдер, т. б. сияқты ұсақ жанрлар деп аталғанымен, жұмбақтар - халық ауыз әдебиетінің күрделі бір саласы.
Жұмбақтар жас ұрпақты тәрбиелеумен қатар, олардың бойына өз халқының игілігін дарытып, ана тілінде ойлау және мәдениетті сөйлеуіне, сауатты жазу дағдыларына барынша мол әсерін тигізеді. Сонымен қатар, жұмбақтарды пайдалану оқушыларды қызықтырады, дұрыс сөйлеуге үйретеді, логикалық ойын жетілдіреді. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Мәңгүрттенбеу марсельезасы)

Қазақ ұлты, мың сүрініп, мың жығылып, мың тұрған,
Даңқыңды ешкім бүркей алмас ізгілікке ұмтылған.
Жомарттығың сорға айналып, туып өскен жеріңде,
Ана тілің шетте қалды, орын жетпей төріңде.
Қайырмасы: Өмір, өмір, өмір, өмір, өмір-ай.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Технология | Жабайы жемістер мен жидектерді саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары

Жабайы жемістер мен жидектерді, саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары
Қоғамдық тамақтану үшін жабайы жемістер мен жидектерді, саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары, бұқтырылған қырыққабат, жидек сорпалары, көкөніс маринадтары, салаттар, тұздықтар, жартылай дүмбілдер - сорпалар, тұздық пасталары, заправкалар, томат қосылған көкөніс дәмтатымы, томат қосылған пассерленген сәбіз және т. б. консервілер шығарылады. Түскі тағамдар 1 - ші және 2 - ші болып бөлінеді.
Өндіру кезінде бөлек заправка мен шикізат дайындалып, араластырылады, соңында консервіленеді.
Кіріспе.
Жаңа үзілген көкөністер мен жемістердің негізгі бұзылу себебі микроорганизмдер болып табылады. Олар қоршаған ортада кеңінен тараған, тез көбейеді, түрлі заттармен қоректенеді. Олардың споралары өте төменгі және өте жоғары температураға төзімді келеді.
Барлық көкөністер мен жемістер сақтау кезінде (түрлі ақ, қара, сұр шірік) шіру және (жасыл, қара, көк, қызғылт) көгеру туғызатын саңырауқұлақтармен бұзылады. Жеке микроорганизмдер тобы консерві өндірісінде шырынның шығуын жоғарылату, капуста ашытуда, алманы жібітуге сүтті ашытуда пайдалы......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеттері ретінде:
• Оқу – тәрбие үрдісіне диагностикалық талдау жасау
• Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
• Оқу – тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру негізгі мақсат. Біз соңғы нәтиже сипатын, мектеп түлегінің білімділігі үлгісі арқылы құрдық. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Энергетика | Гальвандық элемент макеті

Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында, үй тұрмысында, тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады. Электр қуаты көздеріне электр стансаларындағы генераторлар, аккумулятор батареялары мен гальвандық элементтер, күн батареялары жатады. Электр стансаларында генераторлар жылу энергиясын, судың потенциалдық энергиясын, желдің кинетикалық энергиясын, іштен жану қозғалтқыштарының механикалық энергиясын, толқын энергиясын, тасқын энергиясын және жарық энергияларын электр энергиясына түрлендіреді. Генераторлар негізінен айнымалы ток өндіреді. Аккумулятор батареялары, гальвандық элементтер және күн батареялары сәйкесінше электродтар арасында жүретін химиялық реакцияларды, жарық энергиясын тұрақты электр қуатына айналдырады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | С Ж Аспандияров қоғам қайраткері

Зерттеу жұмысының мақсаты: С. Ж. Аспандияровтың тұлғасы мен еңбектеріне бүгінгі күнгі тарих ғылымының биіктігінен шама – шарқымызша баға беру; Ұлы бабамыздың қайраткерлік жолын кейінгі ұрпақ арасында насихаттап тәрбиелеу құралына айналдыру.
Зерттеу гипотезасы: ұзақ тарихи жылдар ішінде қалыптасқан, әлемдік және отандық ғылыми ойдың мұрасына айналған әлеуметтік – экономикалық және саяси процестер мен құбылыстарды объективті ғылыми талдау да назарда болды. С. Ж. Аспандияров тұлғасын, оның қызметін бағымдауда мәселелер тарихилық, яғни хронологиялық негізге жүйелі баяндау принциптеріне жүгіндірілді.
Зерттеу жаңалығы: Зерттеу жұмыстары мен дерек көздеріне сүйене отырып ғылымның өмірі мен шығармашылығын жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделеуге талпыныс жасауда және оның еңбектеріне ғылыми баға беруде.
Зерттеу жұмысының қорытындысы: Ғылыми жұмыс ғылым, қоғам және мемлекет қайраткері С. Ж. Спандияровтың өмірі мен ғылыми шығармашылық, саяси, ағартушылық және ұйымдастырушылық қызметінен мол, жан – жақты мағлұматтар береді. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Бүркіт кегі (баллада))

Қыран бүркіт бір күні
Алып қызыл түлкіні,
Масаттанып қайтып ед,
Иесі бастап әңгіме
Жиналған жұрттын, бәріне
Жыр ғып кешке айтып ед.
Қасына кімдер ергенін,
Түлкіні қалай көргенін,
Өзекпен сұмның зытқанын,
Томағасын сыпырып,
Алғанда қыран құлпырып,
Шарықтап көкке шыққаңың.....
Өлеңдер
Толық
0 0