Балабақша сабақ жоспары: Күлімде Наурыз күлімде

Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән – мағнасын балаларға түсіндіру,
ақ тілек, бата, наурыз көже, құт – береке ұғымдары, жақсылыққа адамгершілеке тәрбиелеу.
Көрнектілер: Залды мерекеге қазақ дәстүрілге көркемдеу. Жартылай кигіз үй
көрнісі, қазақша киімдер, дастархан жасау, баурсақ, ет, наурыз
көже, құрт, ірімшік және домбыра, көрпешілер, ыдыстар.
Қатысушылар: Балалар, әже, қыдыр ата Наурыз.
Жүргізуші: Құрметті қауым. Бүгінгі балабақшамызда өткізілетін Наурыз
мерекесі ертеңгілігінеи хош келдініздер.
Береке де осында
Мерекен де осында
Болып жатыр той думан
Қырандарын қасында.
Асқақтаған ән дайын
Күмбірлеген күй дайын,
Ал кәнекей қонақтар, ата – аналар
Төрге шығыныздар! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Биология | Лептоспироз

Лептоспироз (грек. leptos — жіңішке және speіra — ирекше, бұрама; osіs — ауру) — адамдарда, сүтқоректілерде және құстарда кездесетін тез жұғатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы — спираль пішінді лептоспира бактериялары. Негізінен, онымен бауыр, бүйрек және майда қан тамырлары зақымданады. Лептоспирозды 1888 ж. Ресей ғалымы Н.П. Васильев анықтаған. Қоздырғышын жапон зерттеушілері 1914 — 15 ж. А.Инадо және А.Ито денесі сарғайып ауырған адамдардан тапқан. Қазіргі кезде бұл дертті ауру қоздырғышының түрлеріне, клиникалық белгілеріне, ауру ағымына байланысты үш түрге бөледі: 1. интерогеморрагиялық Лептоспироз (дене сарғаяды) немесе Васильев-Вейль ауруы деп аталады; 2. каникол (немесе Помон) Лептоспироз (денеде қан құйылу байқалады); 3. "су қызбасы” деп аталатын жеңіл өтетін (дене сарғаймайды) түрі. Қазақстанда Лептоспироз "су безгегі” деп атайды, республиканың солтүстік және шығыс аймақтарында жиі байқалады. Лептоспироз тағамдық өнеркәсіп мекемелері қызметкерлерінің, шахтерлердің, қалалық қоқыс тазалаушылардың, ветеринарлар және ит питомнигі жұмысшыларының арасында жиірек кездеседі. Ауру таратушы, яғни инфекция көзі — дала және су тышқандары, егеуқұйрықтар; үй жануарларынан — ірі қара мал, шошқа (әсіресе иттер).

Лептоспира бактериялары .....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Арайлы алтын күз

Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.
Жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Құрметті, ардақты қонақтар, алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Ақылды, тәртіпті, ата-аналарына қолғанат, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңа тілектеспін!
Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Ұшақ үстіндегі ой)

Шаңқай түсте,
Яки нұрлы ақ таңда,
Нән ұшақпен самғап бара жатқанда,
Көз салсаңыз төменге:
Біртегіс боп көрінеді жыралар,
Тереңінде жыланы бар ұралар,
Байқалмайды әжім-әжім қыраттар,
Қырат көзін жарып шыққан бұлақтар......
Өлеңдер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: 1 - ден 20 ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы

1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Білім саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика
Мақсаттары: а) білімділігі: 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар қатарына берілген тапсырмаларды анықтау.
ә) дамытушылығы: 1 - 20 көлемінде реттік санауға үйрету. Тура және кері санау. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандарға берілген тапсырмаларды пысықтау.
б) тәрбиелігі: Балалар логикалық танымдық тапсырмаларды тез шешуге дағдыланады. Көрнекілігі: санау материалдары, суреттер, дид. материалдар т. б Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, санау.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті
Ұйымдастырушылық оятушылық
Балалардың сабаққа дайындығын тексеру......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: САНАУ ЖҮЙЕСІ

Есептеу техникасының дамуы жылдам әсер етуші және бағдарлама арқылы басқарылатын электронды машиналардың пайда болуы, бағдарламалау өнерінің пайда болуы ондық және басқа санау жүйелерінің терең әрі мақсатты зерттелуін талап етті.

1950 жылдардағы математиктер мен есептеу машиналарын құрастырушылардың алдындағы өзекті мәселе қолданбалы бағдарламалау және жаңа есептеу құрылғыларын, шығарушылардың талаптарына сай келетін санау жүйелерін табу және есептеу тәсілдерінедеген көз қарас қысқа мерзімде өзгерді.

Ежелгі интеллектуалдық шеберліктің бірі арифметикалық санаудың б.з. да дамуы мүмкін екен. Сандарды бейнелеу әдісін және оған сәйкес сандарға қолданылатын ережелер жинағы санау жүйесі деп аталады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру «Дельфин мінген Демеубай» Мұхтар Құрманалин
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады және түзетеді.
Көптеген оқушылар: қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан тауып, себептерін түсіндіре алады, орфографиялық, пунктуациялық қателерді ережелерге сүйеніп табады және түзеті.
Кейбір оқушылар: жоспар құруда шығармадан негізгі ұғымдарды анықтап, құрай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ас атасы - нан

Сабақ мақсаты: Білімділігі: Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.
Тәрбиелілігі: Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, нанды даярлайтын адамдарға деген құрмет сезімдерін, диқандар еңбегін бағалай білуге, еңбекке деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Бақылағыштығын, қиялын, есте сақтау, желілі рөлді ойынға, кейіптендіруге арналған атрибуттарды дайындау іскерліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, ересектер басшылығымен әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру, шығармашылық ой қиялын
дамыту.
Әдіс - тәсілі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, жандандыру.
Сабақ түрі: Бекіту, саяхат сабақ.
Көрнекілігі: Суреттер, жұмбақ, сергіту сәті, тиым сөздер, мақал мәтелдер, буклет,
ертегі атрибуттары. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: География | Қорықтар

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек.....
Рефераттар
Толық
0 0