Балабақша сабақ жоспары: Апам пісірген бауырсақтар

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсінініктер беру. Мүсіндеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Құрал-жабдықтар: Ермексаз, тақтайша.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Сөздік жұмыс: Дөңгеленген.
Ұйымдастыру кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Қызығушылығы

Қорытынды: -Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіпті қане, бәріміз қонақтармен амандасайық.


-Балалар, таңертен тұрғанда алдымен біз нені көреміз?

-Иә, балалар, күн бізге не береді?
-Олай болса бір-бірімізге алақанмен жылуымызды жеткізейік.

Күніміз жарқын болсын!
Асманымыз ашық болсын!
Күніміз сәтті болсын!
Деніміз сау болсын!

-Жарайсыңдар, балалар.

Осы кезде есік қағып, қонаққа әже келеді.
-Мен бауырсақ пісірейін деп едім, маған көмек көрсетесіңдер ме?

-Тәрбиеші: Әже, балалар бауырсақтың қайдан келетінін білгісі келеді.
-Әже: Бауырсақ ұннан жасалады. Балалар, ұннан көптеген нан тағамдары жасалады. Олар:нан, бауырсақ, құймақ, кеспе, шелпек, таба нан т.б.

-Тәрбиеші: балалар нан туралы тақпақ біледі.


-Жарайсың, Архат!

-Балалар, біз ендеше еңбектеніп, осы дәмді бауырсақты өзіміз ермексазбен мүсіндеп берсек қалай болады?
Тәсілдері: ермексазды үзіп алып, алақанға салып домалақтаймыз. Дайын бауырсақты әжеге сыйлаймыз (Әже рахметін айтып шығып кетеді).

"Нан қайдан келеді?"
Мақсаты: нанның келу жолдарын сурет бойынша айту және ретімен орналастыру.

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.

-Балалар, "Бауырсақ" ертегісін білеміз ғой?
-Бауырсақты кім пісірді?
-Бауырсақ домалап келеді, домалап келеді. Ең бірінші неге кезедеседі?
-Домалап келе жатып, тағы қандай аңға кездеседі?
-Сонан соң неге кезедеседі?
-Одан құтылып келе жатып, тағы қандай аңға кездеседі?
-Ал түлкі не істейді?
-Балалар, біз түлкіге бауырсақты жегізбейік, онымен дос болайық.
-Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Әжеге не мұсіндеп бердік?
-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар, балалар. Сендердің бүгінгі істеген жұмыстарыңа қуанышпен рахмет деп айтқым келеді.
-Сау болыңдар балалар! -Балалар шеңбер бойымен тұрып қонақтармен амандасады
Сә-ле-мет-сіз-дер-ме?
-аспанды, күнді, күннің нұрын

-нұрын, шуағын, жылуын

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
-иә, жасап берейік
-иә
-әже пісірді

-қоянға
-аюға
-қасқырға

-түлкіге

-бауырсақты жеп қояды

-әже

-бауырсақ
-иә, ұнады
-сау болыңыз! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломная работа: Проектирование и реализация системы управления по технологии «Умный дом»

Цель дипломного проекта–создание специальной системы
автоматизированного жилого комплекса, в которой можно будет управлять
работой некоторых устройств (освещение, жалюзи, энергоснабжение и т.д.),
при помощи установленных контроллеров и исполнительных устройств. При
этом система управления должна согласованно управлять всей работой
инженерных установок и электрооборудованием. Также необходимо провести
анализ имеющихся методов конструкции систем автоматизации, выбрать
подходящее программное обеспечение,создать оптимальный набор
компонентов системы, придумать своеобразные алгоритмы, которые
произведут управление работой устройств и реализуют их в программном
обеспечении для функционирования контроллера.
«Умный дом» –это жилой дом современного типа, созданный для
комфортного проживания людей с помощью современных
высокотехнологичных компонентов. Сама дефиниция «Умный дом» была
придумана институтом интеллектуального здания в Вашингтоне, в 1970-х
годах: «здание, обеспечивающее продуктивное и эффективное использование
рабочего пространства». Также любое здание будь то административное,
производственное или жилое состоит из определенной вариативности
подсистем, отвечающих за осуществление определенных функций, которые
определяют свои задачи в процессе функционирования этого здания. При
усложнении этих систем и увеличения количества, выполняемых ими функций,
управление ими становилось все сложнее. Также стремительно растут расходы
на содержание обслуживающего персонала, ремонт и обслуживание этих
подсистем. Впервые эти проблемы встали при эксплуатации больших
административных и производственных комплексов. Современное здание
такого типа - это город в миниатюре. Фактически в нем действуют все службы,
являвшиеся ранее непременными атрибутами городского хозяйства. В таких
зданиях обычно существует административная служба или администратор,
которые используют и обслуживают эту систему практически круглосуточно.
Важным отличием «Умного дома» от его остальных способов
организации жизненного помещения является то, что это самая развивающиеся
концепция взаимодействия человека с помещением, когда человек
единственной командой определяет желаемую обстановку, в то время
автоматика в соответствии с внутренними и внешними условиями определяет и
отлаживает принцип работы всех интегрированных систем и устройств. В
помещении, оборудованном системой "Умный дом" можно единственным
нажатием на установке (или пульте ДУ, сенсорной панели и т. д.) выбрать один
из разновидностей возможности. Всё по-своему настроится на работу нужной
из систем в соответствии с вашим желанием, временем суток, расположением в
помещении, погодой, освещённостью и т. п. ....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Көне түркі жазуы (7 сынып, I тоқсан )

Пәні: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Көшпенділер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазуы
Оқу бағдарламасына сілтеме: 7Т/А3. Мәтіннен ақпаратты анықтау.
7ӘТН5. Пунктуациялық норма.
7ӘТН2. Орфоэпиялық норма.
Оқу мақсаттары: 7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7ӘТН5 Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану.
7ӘТН2 Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.
Сабақтың мақсаттары Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады.
Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолданады.
Тыныс белгілерін дұрыс қолдану, интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қиял мен шындық (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Ғылыми фантастика
Сабақтың тақырыбы: Қиял мен шындық
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О7. Әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
7.Т/А3. Мәтіннен ақпаратты анықтау.
Оқу мақсаты - Ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау
- Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу
Сабақтың мақсаттары:
Оқушыларды өз пікірлерін дәйек келтіре отырып айтуға, өзгенің жауабын тыңдап, өзіндік пікірлерін білдіре алуға, өз пікірлерін өзгенің пікірімен салыстыра алуға, өз ойын түсінікті, жүйелі айтуға дағдыландыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ауылым

Иә, әр адамға туып өскен өлкесі әрдайым ыстық. Оның топырағы, жарқыраған күні, соққан желі де тамаша. Қайда барсаң да ауылыңды ансайсың, сағынасын. Сол туып өскен ауылында алғашқы рет ана, әке деп айтуды үйренесін. Мектеп табалдырығын аттайсын. Өзіңе ең жақын досты да сол жерден табасың.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа) (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Сабақтың тақырыбы: Астананың бойтұмары – «Бәйтерек» (2-нұсқа)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)6.1.4.1 – мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
6.4.3.1. неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Сабақтың мақсаттары: Мәтіннің құрылымдық ерекшелігін ескеріп сұрақтар қою арқылы негізгі ойды анықтайды, термин сөздердің қолданылатын орындарын біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Менің мысығым

Аннотация
«Менің мысығым» тақырыбына жазылған бұл ғылыми жобамда өзімнің екі сүйікті Аққоян деген мысығымды зерттедім. Мысығымды бақылай отырып оның қандай пайдасы барын, мысық арқылы ауа - райын болжауға болатынын т. б зерттеп білдім. Мысығымды үнемі бақылай отырып ол өте ақылды, саналы тіршілік иесі екенін білдім. Мысығым өте сүйкімді. Осы зерттеу жұмысымда интернет желісінен мысыққа байланысты көптеген қызықты мәліметтер жайында біле алдым. Мысықтың түрлері, мысық тұқымдас аңдар жайында таныстым. Бір жеті уақыт ішінде мысығымды бұрынғыдан да қатты жақсы көріп кеттім. Ол тек тышқан аулаушы ғана емес, адамдардың жан серігі, емшісі екеніне де көзім жетті......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер (Шығыс Қазақстан облысындағы көрікті жерлер)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу
Сабақтың мақсаттары:
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін құру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0