Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күлте қыздың сауық кешіне баруы

Жаңа жылдық ертегі: «Күлте қыздың сауық кешіне баруы»
Күлте қыз
Ханзада
Өгей шешесі
Екі сіңілісі
Ергежейлілер
Фея
Жыландар
Патша
Аяз ата
Ақшақар
Мысықтар
Үш ат
Сұлтандар мен сұлтаншалар
Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге бақыт, табыс ала келсін. Дендеріңіз сау, отбасыларыңызда аманшылық болсын! Бүгінгі «Қош келдің, Жаңа жыл»атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ортаға мектеп алды даярлық тобы менен 1 «Д» оқушыларын шақырамыз.
Балалар жаңа жылдық киіммен алдында үш ақ ат шана сүйреткен, қоңыраулармен ән әуенімен кіріп билейді. (Балалар беттерінде аттар бетпердесі болады) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Ұлыс күні - Ұлы той!

Табиғаттың жаңарып, қайта түлеу мезгілі-көктеммен бірге келетін Наурыз мерекесі тек қазақ халқына емес, сонымен қатар күллі түркі жұртына ортақ мұра, ортақ мереке. Наурыз мерекесі - жер ана мен адамзат арасындағы үндестікті көрсетеді. Парсы тілінен аударғанда «Наурыз» сөзі - «жаңа күн» деген мағына береді. Осынау ұлы мерекенің тойлануы осыдан 3000 жыл бұрын бастау алған. Наурыз ежелден жаңарудың, бейбітшіліктің, пәктіктің мерекесі ретінде тойланып келеді. Сондықтан наурыз айын түркі тілдес халықтар жыл басы деп біледі. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл

Кіріспе
Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 «Б» - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын.. Бұл менің үлкен өмірге аяқ басқан алғашқы қадамым. Ауыл – ата - бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекені. Ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған батыр - бабаларымыз қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймыз.
Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. Міне осындай туған жерге деген менің ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: №131 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ё әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №131 Кейіпкерлерді сипаттаймын Ё әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.9.2 дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу
1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- мұғалімнің қолдауымен дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- дыбыстарды айтып көру арқылы сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау;
- берілген тақырып пен сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен мәтін мазмұнын болжау;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және үлгі негізінде дұрыс оқу;
- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша болжау;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- дыбыстардың сөздегі қызметін түсіну (ь, ъ таңбалары, ё, ю, я қосарлы дыбыстары) және дұрыс оқу;
- сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша жасаған болжамын негіздеу;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Әдебиет | Ит жеті қазынаның бірі

Иттің шығу тарихы
Ит – қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш. Иттер шамамен б. з. б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Бұлар – нағыз етқоректі жануарлар. Тістерінің ішінде ең жақсы дамығаны – азу тісі. Алдыңғы аяқтарында 5 башай, артқы аяғында 4 башай болады. Иттердің есту, көру, иіс сезу мүшелері өте жақсы жетілген. Үйретуге өте бейім болады. Жыныстық жағынан төбеті 10 – 12 айда, қаншығы 7 – 8 айда жетіледі, жылына 1 – 2 рет ұйығады. Буаздық мерзімі 58 – 65 күн, қаншығы 1 – 2, кейде 12 – 18 соқыр, саңырау, тіссіз күшіктер табады. Құлағы 5 – 8, көзі 10 – 14 күннен кейін ашылып, сүт тістері 20 – 30 күннен кейін шыға бастайды. Күшіктері енесін 1 – 1, 5 айдай емеді. Иттер 10 – 12 жылдай тіршілік етеді. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз» «Жетінші сөз» «Отыз бірінші сөз» (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Бірінші сөз», «Жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе
Сабақтың мақсаттары: Шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0