Баяғы өткен заманда Талқанбай дейтін жұмыскер басқа қиын істе кәсібі жоқ болған соң тоғайдан бөрене кесіп алып барып, сатып, күн көреді екен. Ол елде тоғай дегенде екі-ақ тоғай бар екен. Бір тоғайына кешке таман адам кіре қойса, жындар қытықтап, өлтіріп кететін әдеті бар екен. Көп жұмыскерлер ол тоғайға бармай, екінші тоғайынан отын алатын болды. Бір күні Талқанбай түстен кейін бөрене кесуге күндегі отын алатын тоғайына келіп, бөрене кесіп жүріп, жыны бар тоғайға да кіріп кетеді. Талқанбай бұл тоғайда жын барын білсе де, күндіз тимейтіндігіне сеніп, отынын ала береді. Әбден отынның қызығына түскен Талқанбай күннің кеш болғанын да білмей қалады. Бір уақытта қараса, кеш болып та қалғанын көреді. Тездеп отынын арбаға салып жатқан кезде тоғайдың ішінен тырнағы ұп-ұзын, тісі ақсиған бір адам Талқанбайға келе жатып, ақақалап келіп: – Кел, қытықтасайық, – дейді. Талқанбай: – Жарайды, мен қытықтасармын, сен менің мынау бөренелерімді арбаға салысып жіберсең, – дейді. Жын: – Жарайды, – дейді.......
Бұрынғы заманда бір үлкен теңіздің жағасында кемпір мен шал тұрыпты. Бұлардың мал дегенде бір сауулы ешкісі һәм бір балық ұстайтын ауы болыпты. Шалдың аты Шияз екен. Шал аумен балық ұстап жүргенде, кемпір ешкіні бағып жүріпті. Ешкінің сүті мен балық бұлардың бар қорегі болған екен. Кемпір, шал әр уақытта бір түлкіден қорлық көріп жүріпті. Шал Шияз қалай теңізден ау салып, балықты суырып алса, судың жағасына түлкі келіп, мұның балығын тартып жеуші еді. Түлкі өзінен күштірек болған соң шал Шияз мұны жеңе алмай жүріпті. Түлкіден басқа кемпір-шалдың, бір өзге Ботакөз деген бек күшті, мінезі жаман алып дұшпаны болыпты. Ботакөз алып шал Шияздың үйінің қасындағы бір үңгірде тұрып, кісінің етін жеп тұрушы еді. Сақтап қойған кісінің еті таусылғанда, Ботакөз алып қасындағы аймақтан балаларды һәм кемпір, шалдарды жиып әкетеді екен.
Бұл алыптан бір айламен құтылуға шал Шияз өзінің кемпіріне айтады: – Кемпірім, Ботакөз алыпты қонаққа шақырайын деп едім, ешкіні союға маған болыс. Әрдайым Ботакөзден қорқа бергенше, мен мұнымен соғыс салайын деп тұрмын. Жалғыз ешкісін қимаса да, кемпір байғұс шалдың айтқанынан шықпапты. Кемпір, шал үш күнде ешкісін әрең-пәрен жығып сойыпты. Шал ешкінің ішек-қарнын һәм миын саз балшыққа көміп, үстіне кебу топырақ жауып қойыпты. Мұнан соң шал Шияз Ботакөзді қонаққа шақырған екен. Ол мұның үйіне келіпті. Үйдің тұсында Ботакөзді ешкінің етімен сыйлап болған соң шал Шияз:......
Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ», – депті. Елеңдеген бір жігіт: – Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені несі? Өзіне дүре соғып, қып-қызыл қылып жіберсе қайтеді? – дейді. Айдарбек: – Иә, қып-қызыл қылсаң, қыларсыңдар. Қолдарың қанданып тұр екен, – деп, жүріп кетіпті. * * * Айдарбек сол бетінде Шаншардың бір бай ауылына келеді. Келсе, әлгі ауылдың байы үйде жоқ, бәйбішесінен рұқсат сұрап, қонады. Түнде бәйбіше етті көп асып, күтеді. Сорпа ішерде Айдарбектің сорпасына үпілмәлік деген дәрі қосып береді. Ол дәріні ішкен адамның іші өтеді екен. Әлден уақытта Айдарбектің іші ауырады, тысқа шығайын десе, есікті мықтап жауып қойыпты. Шаншардың қуларының әдейі істеп жүргенін біледі де, төсекте жатқан бәйбішенің көрпесін ептеп алып, соған дәреттеп, көрпені қайта жауып қойыпты......
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы» Сабақ тақырыбы: Мен қазақстандықпын Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.5.1 Оқушыларға және достарына өзінің көзқарасы мен пікірін білдіру; 2.2.6.1 Рәміздерді қысқаша сипаттау, мәнін түсіну; 2.2.6.2 Мемлекеттік рәміздердің семантикасын түсіну; 2.2.6.3 Өз сөзімен Тұңғыш Президентіміз, оның Қазақстандағы тәуелсіздік алудағы рөлі туралы әңгімелеу; 2.1.5.12 Топ немесе ұжым мүшесі ретінде жұмыс істеу қабілетін дамыту. Сабақ мақсаттары: Оқушылар мемлекеттік рәміздерге сипаттама бере біледі; Еліміздегі көптеген ұлт өкілдерінің татулықта тұрып жатқандары туралы туралы әңгімелейді. Өз сөздерімен Отан, Астана, туған жер туралы әңгімелеп айтып береді..........
Бұрынғы уақытта бір хан болыпты. Ол ханның ақшасын Бекжан деген ұрлапты. Оны кім ұрлағанын ешкім біле алмайды. Кім ұрлағанын білуге хан үй тігіп, той қылып, барша халықтарын шақыртты. – Әр қонақтардың алдарына он тиын күмістен қой, – деді. Ханның бұйрығын орнына келтірді. – Кімде-кім ол он тиын күмісті алса, сол ханның ақшасын алған, – деді. Амалшыл Бекжан мұны білді. Етігінің өкшесіне желім жақты. Тамақ жегеннен кейін қонақтардың қолына су құя бастады. Барлық қонақтардың алдындағы күмістер Бекжанның өкшесіне жабысты. Онан кейін далаға шығып кетті. Оның мұндай істегенін ешкім білген жоқ. * * * Ханның бір түйесі бар еді, түйені іздетуге хан ойланды. Хан түйені бос қоя берді. Түйе барды да, Бекжанның үйінің қасына барып жатты. Бекжан оны білген соң түйені сойып алды. Мұны хан білген жоқ. Бір уақытта Бекжанның үйіне бір қатын келді де, Бекжаннан бір жапырақ түйенің етін сұрады. Ол бір жапырақ етті алды да, көрсетуге ханға қарай жүрді. Қатын ханға келе жатқанда Бекжан жолықты......
Ілгергі заманда бір шал бар еді. Оның бір жас қатыны бар еді. Ол қатынның ойы шалдан шығып, бір жас жігітке тимекші еді. Бір күндері шал қатыныменен моншаға барады. Моншада өздерінің үстіне қатық жағып, жалаңаштанып отырған уақытта бір жігіт келіп, «Патшаның бәлгерінің қатыны келеді, моншада адам болса, шықсын», – дейді. Сөйтіп, бұларды қатық сүрткен бойынша жуындырмастан моншадан айдап шығады. Үйге келген соң ыза болғаннан қатын шалға айтады: – Дүниеде патшаның балгері зор екен, сен бал үйреніп, патшаға балгер бол. Болмаса, сенен шығып, патшаның балгеріне тиемін, – дейді. Бұ қарт бал ашуды бұрын еш білмейді екен. Қатынының бұл сөзіне қайран болып, амалсыз бір ағашты жонып, бір жағын – қызыл, бір жағын – қара, бір жағын ақ қылып, бір қоржынға ескі жазуы бар қағаздарды салып, базарға келіп, «Мен – балгермін», – деп, һәркімнің жоғалған нәрсесін әлгі төрт қырлы ағашты тастап, соған қарап, көңіліне келген сөздерді айта салса, әлгінің нәрсесі табылатұн болады. Бірнеше күн осы әдетпенен базар басындағы адамдарға «Пәлендей қарт адам балгер екен» деген сөз жұртқа жайылады. Сол уақытта патшаның бір жерге жіберген адамдары ол жерден көп пұл алып келе жатып, бір қашырға артқан алтынды қашырыменен жоғалтып келді. Қай жерде қалғанын білмейді. Бұл іске патша барша балгерді жиып, бал аштырады. Бұлардың ешқайсысы таба алмайды. Сол уақытта бір адам келіп, патшаға айтыпты. – Жақында бір шал балгер шығыпты, айтқаны ешбір қате кетпейді дейді, – деп. Патша жасауыл жіберіп, әлгі шалды алдырып, шалға айтыпты: – Менің бір қашырым жүгімен жоғалды, соған бал ашып, тапқын. Таппасаң, басыңды аламын.......