Сатиралық ертегі: Рас һәм қисық

Баяғы заманда қанша уақыт өткенін білмейміз, қазақ жерінде апалы-сіңлілі екі қыз болыпты. Үлкенінің есімі − Рас, Кішісінің есімі – Қисық. Бұл қыздар бек кедей екен. Күн көруге қаражаты болмай, бір ауылдан бір ауылға қайыр сұрап жүріпті. Қазақтар шамасы келгенше бұларға қайыр беруші еді. Рас көркем, салмақты еді һәм адал жүріп, тыныш жүруші еді. Сонысына қарай қазақтар мұны жақсы көруші еді. Растың сіңлісі Қисық тынышсыз, ұрысқақ, қу болыпты. Һәм оңай жатқан нәрсе болса, ұрлап әкетуші еді. Мұндай мінезіне қарай қазақтар мұны жек көруші еді.
Бұл екеуі көп зәрушілік көрісті. Ғұмырларында шаттық етіп, бақ көре алмады. Ғұмырлары мұндайменен өтті, арты қандай болары белгісіз. Күндерде бір күн бұл екеуі ауылдан алысырақ барып, кеңес құрысты.
Ақырында, ойласып-ойласып, өзге тарапқа барысып, бағын сынаспақшы болды. Әр ауылдан ірімшік, құрт жиып алып, екеуі де ақырындап, жолға түсті. Бұлар дамыл алмай, көп жүрді. Жел жоқ, салқын соқпай, ауа айналып, жерге түскендей ыстық болды. Жан-жаққа қараған, ешнәрсе көрінбеді. Мұндай ыстық уақытта жан-жануар қамысқа қорғалаушы еді. Осыған қарағанда бұл екі міскіннің сапары бек қиын болды.
Күн батып бара жатқанда, бұл жолаушылар Түркістан жерінде Темір деген өзеннің жағасына келді......
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Сиқыршының сыйы осы

Бұрынғы заманда бір батыр болыпты. Оның бірінен-бірі өткен екі дүлдүлі бар екен. Батыр дүлдүлін алма-кезек мініп аңға шығып тұрады екен. Батыр күнде таңертең дүлдүлінің біреуі, терлеп тұрғанын көреді. Бұл істің байыбына бара алмай бір күні атшыдан сұрайды:

—Тақсыр, сіз әр күні аңнан шаршап келіп, төсекке басыңыз тиісімен-ақ қатты ұйқыға кетесіз. Ал сіздің бәйбішеңіз ел әбден ұйқыға барды-ау деген мезетте дүлдүліңізге мініп, жай атқа үш күндік жердегі ойнас байына барып, таңға жуық қайтып келеді. Түн бойы қатты жүріс көрген дүлдүлдің таңертең терлеп тұруы осыдан,—дейді атшы. Бұны естіген батыр әйелін аңдымақ болып өтірік ауырып әрлі-берлі дөңбекшиді. Әйелі тыным алмай күтеді. Батыр ел бір ұйықтап оянғанға дейін тыныштана алмайды. Әйел де уағдалы мезгілінің өтіп бара жатқанына қарап қатты шиыршық атады. Сәлден соң батыр әйелінің тізесіне басын қойып «ұйықтап» кетеді. Әйелі жүктен жастық әкеп байының басына жастайды да, далаға шығып, әлгі дүлдүлге міне салып, суыт жүріп кетеді. Мұны білген батыр екінші бір дүлдүлге міне салып, қарасынан қалмай қуа жүріп кетеді. Әйел айдаладағы бір тамға келіп түседі. Ішінен сақалды дәу бір адам шығып:

—Неге кешіктің?—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Молекулааралық байланыстар (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Молекулааралық байланыстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.14 молекулааралық байланыстардың табиғатын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Молекулааралық байланыстардың табиғатын көрсету, қосылыстардың қасиеттері молекулааралық әсерлесудің типіне тәуелді екендігін көрсету......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қарағандылықтар да Отан үшін шайқасты

Орталық Қазақстанда Қызыл Тулы 72 - гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы, 387 - Перекоп атқыштар дивизиясы жəне Ленин орденді 310 - Новгород Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды.
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Алса – бермес пен берсе – қоймас

Баяғы өткен заманда Алса–бермес, Берсе–қоймас деген екі қу болыпты. Оның аты айтылу себебі олай деп, бір кісіден алған затын түк бермейді екен, сол үшін оны Алса–бермес қойған. Берсе–қоймас ол біреуге бір зат берсе, алмай қоймайды екен. Сол үшін аты солай болыпты. Екеуінің де дабысы жер жүзіне жайылыпты. Бір күні Бағадат шәрінде Алса–берместі естіп, соған Берсе-қоймас бармақ болып, көз жанарын тартарлық етіп, түрлі алтын сапты кездік соқтырады.
– Барып, үйіне қонғанда, көрсетейін, сұраса, берейін, – деп, соны алып, бірнеше күн жол жүріп, Алса–берместің үйіне іздеп келіп, қонады. Тамақ ішіп-жеп болған соң түрлі кездікті жайып салып, көрсете бастайды. Көріп-көріп, сұрамай қойды. Ертеңіне таң атты. Шай ішіп отырып, әйеліне айтыпты:
– Әй, мен бүгін базарға барып, жөні келсе, бір сиыр сатып әкелейін, – деді.
Сонымен базарға барды, әлгі қонағы да барды. Барып, базардан бір сиырды сатып алатын болды. Сонда он тиыны жетпей қалды. Жан-жағына қараса, түнде үйіне қонған қонағы тұр екен.
– Әй, он тиының бар ма? – деді......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Екі суайт

Баяғы заманда заманы бір замандас, қатары бір құрбылас үш адам болыпты. Бұлардың екеуі өтірікші болыпты да, біреуі оларға үнемі төреші болыпты. Төреші дегеніміз әділі мен расын, өнері мен өтірігін көзбе-көз, бетпе-бет айтып беретін адам екен.
Сол екі өтірікші мен бір төреші қартайып, тұғырдан түсіп, тоқсанға келіп, тоқтасып қалған шағында бір үйде бастары қосыла қалыпты. Осы екі өтірікшінің екеуінің де құрыққа сырық жалғап, бір сөзге екі сөзді қосақтап, көпіртіп, лепіртіп сөйлеуді өздеріне үлкен өнер санайды екен.
Бұлардың ол сырына ежелден қанық, өзінің үзеңгілес жолдасы төреші Тайжан:
– Үшеуіміз де кәрі буын, көпті көрген көне екенбіз. Келешектің гүлі – жас буын, мынау отырған балбөбек балалар да ести отырсын. Мал сойылып, ас түскенше сары қымызды сіміре отырып, әңгіме дүкенін құрайық. Кәне, Түсіпбек пен Бейсенбек, өткен-кеткеннен әңгіме шертіңдер, – депті, оларды тым қолтықтай түсіп.
– Жөн айтасың, Тайжан! Мұндай бас қосыла бермейді, бас қосылғанда көңілді отырған бір ғанибет. Бірақ төрешіміз өзің бол, кәне, қайсымыз бұрын сөйлейік, – депті Түсіпбек, желпіне отырып.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бақылаулар мен өлшеу деректері (Жаратылыстану, 5 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Бақылаулар мен өлшеу деректері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар : 5.1.4.2 бақылаулар мен өлшеу деректерін тіркейді
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• аспаптың бөлу бағасы дегенді білу;
• құралдардың көрсеткіштерін анықтау қадамдарының жоспарын жасау;
• формулаға сәйкес құралдардың бөлу бағасын есептей білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жағалаудағы көрініс (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Жағалаудағы көрініс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.1 Қоршаған ортаны зерделеу барысында визуалды бейнелердің ерекшелігін және көрінісін өзінің жұмысында түсіндіру.
3.2.2.1 Күрделі әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.
Сабақ мақсаттары: • Су бетіндегі нысандардың кескінін зерттеу негізінде қоршаған дүниенің ерекшеліктерін түсіндіру;
• Ұсақ толқынды су бетін бейнелеу үшін түрлі материалдар мен көркем техниканы пайдалану;
• Суретшілер жұмыстарында су айдынын бейнелеу тәсілдерін сипаттау. .......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0