Қиял-ғажайып ертегі: Қарамерген

Бұрынғы өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі болыпты. Өзінің дәулеті жоқ, және перзенті жоқ екен. Мергендікпен бұғы атып мүйізін, құлан атып саурысын, әртүрлі аң атып, терісін сатып, жан сақтайды екен. Жаз кетсе – қыс келіп, қыс кетсе – жаз келіп, жолдассыз жалғыз жүреді екен.
Бір күндерде баяғы мерген мылтығын алып: «Қысы-жазы ел бармайтұғын, адам тұрмайтұғын бір алыс жерге барайын!», – деп жүріп кетіпті. Неше күн жол жүріп, бір үлкен тауға келіпті: қараса, тауда адам жүрген жол жоқ. Бір сайменен атын жаяу жетелеп, көп машақат тартып, таудың үстіне шығыпты. Жан-жағына қараса, аң киік есепсіз көп екен. Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін жолым үйдей қылыпты, бірталай уық ағашпенен, үйдің төбесін аңның терісімен жауыпты.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Екі дос соқырдың жайынан

Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам:

– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты.

– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді.

– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – деп, бір ұрады.

– Мә, Құдай, уф, – деп, бір ұрды......
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақ тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.6 бірмүшелерге амалдар орындай алады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Бірмүшелерге амалдар орындай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0