Пән: Көркем еңбек Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі Сабақ тақырыбы: Тұңғиық теңіз жұмбақтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1 Қоршаған ортадағы визуалды элементтерді түрлі техника мен тәсілдерді байланыстыра қолдану 3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартудың жолдарын ұсыну. Сабақ мақсаттары: • Жұмыс жасау тәсілдерін таңдап, шығармашылық идеялар ұсыну және сезімдерін суреттеу; • Суасты әлемін бейнелеуде шығармашылық жұмысты жақсартуға идеялар ұсыну. .......
Бұрынғы заманда Бағдад шаһарында Перімәлік деген бір үлкен бай болыпты. Өзі алтын, күміс, асыл тастарын сауда етеді екен. Әйелі перзент көрмегендіктен, ұлы да, қызы да болмапты. Соншалық сауда жұмыстарын басқарып, реттеп жүргізетін, барлық шаруашылығын билеп, құл-құтандарын жұмсайтын билеуші бір адамы бар екен. Бай әлгі адамына сондайын сеніп кеткен. Барлық байлығын, қылған пайда, залалдарын жоғарғы айтылған адамнан жылында бір мәрте есеп алады екен. Тіпті, өзінен туған баласы сықылданып, байдың шаруашылықпен жұмысы болмайды екен. Бір күні сол адамы ауырып, келтесінен өліп қалыпты. Әлгі адамы өлген соң барлық жұмысы тоқтап, қараң қалған сияқтанғандықтан Перімәлік бай тұрмастан төсегіне жатып алыпты. Тамақ ішпей, бір жұма қайғырып, есінен тануға жуықтапты. Байдың мұншалық есеңгірегенін көріп, көршілері, туған-туысқан, дос-жарлары жиылып келіп, байға ақыл айта бастапты. – Байеке, мұныңыз Құдайға қарсылық емес пе? Жақсы жалшыңды өзі берген Құдай өзі алды. О баста сатып алған құлың емес пе еді?! Ақылдылығымен сіздің ырысыңызға қарап, құл болса да, ұлыңыздай болып, барлық мүлкіңізді өзі билеп, төстеуші еді. Орныңыздан тұрыңыз да, тағы бір құл сатып алыңыз.......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек Сабақтың тақырыбы: Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру 2-сабақ (А-бөлімі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту; Сабақ мақсаттары: Оқушылар бөлшек бөлімін иррационалдықтан босату үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді.....
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 5-сабақ (Б-бөлім) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу; Сабақ мақсаттары: • Қосымша шарты бар екі квадрат теңсіздіктен тұратын жүйе мен жиынтықты шешу; • Функцияның анықталу облысы мен алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы табады. ......
Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді.
Бастың сол шекесіне «Ауызбен татсаң ауыздан туыламын», маңдайына «Ұлы жоққа ұл боламын», оң шекесіне «Қырық екі адамның басын алып хан боламын» деп жазылыпты. Қойшыға ой түсіп, мұның үш түрлі әулиелігін көрейін дейді де қуарған басты өртеп, күлін беліндегі кісесіне орап салып алады. Ешкімге білдірмейді. Бір күні қойшы күл салынған кісесін алдына қойып «Аузымен татқанға аузымен туылғаның қане? Ұлы жоққа ұл болғаның қане? Тәжі киіп, таққа отырып, хан болғаның қане?» деп өзіне-өзі сөйлеп отырады. Мұны қасына келген он бес жасар қызы естіп:
—Әке, өзіңіз жалғыздан-жалғыз күбірлеп отырсыз ғой, кісеңіздегі бұл не зат?—деп сұрайды.
—Балам, бұл бір улы зат. Дәмін татып көруші болма!—дейді әкесі. Ертеңінде қыз: «мен әкемнің жалғызы болсам да сырын менен жасырады, мұның қандай құпиялығы бар екен, не болсам да кісесіндегі күлден ауыз тиіп көрейін»,—деген оймен түйіншектеулі күлді шешіп, сұқ саусағын батырып, дәмін татып көреді. Осы кезде қыздың өне бойы шымырлап, жүйе-жүйесі босап, қайта-қайта түшкіріп, рухында ләззат сезім пайда болып, тұңғыш рет махаббаттың жан рахатына кенеледі. Аз уақыттан кейін көкірек шөлі басылғандай жан дүниесі тоят табады. Көп өтпей қыздың денесі ауырлап, дел-сал күйге түседі де жүкті болғандығының бейнесі байқалады. Қыздың шешесі мұны сезіп, «бұл қалай болғаны?» деп бір оңашада бұл сырын еріне айтады. Қыздың әкесі ойланып отырып әйеліне :....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Денсаулық. Денім сау болсын десең... Сабақ тақырыбы: Теңгерілген диета Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 4. Адам. Адам денесінің құрылымы Сабақ мақсаттары: 2.4.2.1 Энергия мен адамның дамуы үшін тағамның маңыздылығын түсіну; 2.4.2.2.Тағамның кейбір түрі денсаулық үшін қауіпті болатынын білу Салауатты диета бізге не беретіні туралы сұраққа жауап беру үшін жеке тәжірибені пайдалану Жоспарланған ғылыми зерттеу 2.1.2.2.Проблеманы және оны шешу жолдарын анықтау және түсіну Мәліметтерді алу және таныстыру 2.1.4.2.нәтижелерін бақылау түрінде таныстыру........
Ерте-ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір қойшы байға көп жылдар бойы қой бағып, ешбір ақы ала алмаған соң байдың қорлығынан өлетін болған соң бір күні түнде қойдың ішінде қорып жатып, еліне қашып кетеді. Оны ешкім білмейді. Ертеңіне оны тек жоқтап қояды. Артынан аз уақыт іздейді, бірақ, таба алмайды. Қойшы сол кеткеннен бір айлық жердегі еліне бет алып, жүріп отырады. Бірнеше күндер жүрген соң бір ауылдың шетіне келіп, түн болған соң шеттегі бір кішкене үйге қонайын деп, кіреді. Үйге кірсе, үйде қарт пен кемпір тұрады екен дейді. Үйі әрі тар, әрі кішкентай болады. – Ата, өте алыстан келемін, қонуға бола ма? – деп, қойшы ұлықсат сұрайды. Шал күрсініп: – Үйіміз тар, өзіміз шақ отырмыз. Бұдан басқа бір кең үйім бар еді, онда кәзір шайтандар бар. Қысы-жазы содан шықпайды, жазда пішенімізді тауып береді, қызметімді бітіреді, ал, қыста қарымды күрейді. Күнде «Қызмет тауып бер», – деп, мазамды алады. Енді басқа бір үйге қонасың ғой, шырағым, – дейді.......
Баяғыда үш ағайынды болыпты. Үлкен екеуі – бай, кішісі – кедей, жалғыз арық аты бар екен. Оны ағаларының жылқысына қосып қойса, ағалары өз малдарын аяйды, сол байғұстың жалғыз шолағын мінгіздіреді екен. Бұ байғұс ағаларының бұ қылығын біледі екен. Ағалары оны біліп, [үндемейтіндігінің] інішегіне ашуланады екен. Бір күні ханның қазынасынан алтыны жоғалыпты. Сонда хан жасауылдарын шаптырып, елінен білгіш іздетіпті. Сонда әлгінің екі ағасы жасауылға: – Біздің осында бір білгіш ініміз бар, бізге қосқан жылқысы, аты бар, соны мініп қойсақ, біле қояды. Соны алып бар, – депті. Жасауыл әлгі сорлыны «Білмеймін» десе де, болмай, су еңіретіп, ханға айдап барады. Сонда хан:......