Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу - сызу болмаған кездің өзінде - ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан - ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.
Қорқыт - композитор, жыршы, ақын, музыкант, ойшыл, бақсылардың қамқоршысы. Халық оны «қобыз атасы» деп те атаған. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы.
Қорқыт ата VII ғасырда Сырдария өзенінің бойындағы бұрынғы Жанкент қаласында өмір сүрген. Кемеңгер тұлға дүниеге келмес бұрын анасы оны құрсағында үш жыл көтерген деген аңыз әңгіме....
Бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Байдың қойын бағатын қойшылары да көп екен. Сол көп қойшының ішінде ақылды бір қойшы болыпты. Күндіз кешке шейін қойын жайып шаршап келіп жатқан әлгі қойшы жігіт түнде түс көріпті. Түсінде бір омырауында күн, бір омырауында ай көріпті. Ертеңінде тұрған соң түнде көрген түсіне ғажайыптаныпты. Сол маңдағылар жори алмаған соң, түсін жорыту үшін сапарға аттаныпты. Күн жүріпті, ай жүріпті. Түстің жоруын ешкім таппапты. Жүріп отырып күндердің бірінде бір қалаға кез болыпты. Түн ішінде қонуға үй іздеп келе жатса, бір үйдің жанында бір жігіт киім-кешектерін бөктеріп жүруге әзірленіп жатыр екен. «Бұл не қылған жан екен түн ішінде бүлінген» деп қасына барса, қыз екен.
—Келдің бе?—деп сұрапты әлгі қыз.
—Келдім,—депті ойында еш нәрсе жоқ жігіт.
—Онда жүрелік,—депті қыз.
«Бұл мені қайда апарар екен, байқап көрейін» деп ойлапты да:
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер Сабақ тақырыбы: Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 3-сабақ (Б-бөлімі) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану; Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Квадрат түбірдің мәнін есептеу үшін және квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруде, теңдіктерді дәлелдеуде арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады......