Өлең: Кәрімді қарындасының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жағалай біткен бидайық,
Ел қонады шеп жайып.
Ағекемдей сабазға
Не деп бір айтсам лайық.
Жылаудан пайда бар ма екен?
........................................
Жылаудан пайда бар болса,
Ағакем еді ақ маңдай,
Ерге күміс шапқандай.
Ел ісіне келгенде,
Ойланбай ақыл тапқандай.
Төрелермен төрлескен,
Жақсылармен сөйлескен.
Жер алысын түнде алған,
Дұшпаннан кегін күнде алған.
Білінбей жүріп алғаны-ай,
Опасы жоқ сұм жалған.
Ағекем еді арысым,
Азуы кере қарысым.
Ағайынға сөз келсе,
Жібермеуші еді намысын.
Былғары тоқым, жез пыстан,
Құлады бізден арыстан.
Арыстан емей немене?
Ақылға еді-ау данышпан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Біз - мәңгілік ел балаларымыз

Балалық өтті білдің бе,

Қарттық жасқа келдің де,- деп Абай өкініш білдірген балдай тәтті балалық шақ десеңші!?Қанбаған ойын, тарқамаған құмарлық алаңсыз еркелік... айта берсем таусылар емес. Біз - әлем балаларымыз. Әлемде қанша халық бар, сонша халықтың ұрпағы- балалары ғой. Бәрі-бәрінде бақытты балалық па, ойланып көрейікші... Мен бейбіт елде бақытты өмір сүріп өз қалауыммен білім алып, ата-анамның қамқорлығына бөленудемін. Не ішем, не кием деген қажеттілік жоқ. Мен- сондай бақытты баламын. Санам- сергек, ойым- ұшқыр, жан жағым- аман. Бұған артық не керек маған?!

Теледидарды қосып, шетел хабарларын тыңдасам немесе газет ақтарып оқып отырсам, неше түрлі оқиғаларды оқып ,жағамды ұстаймын. Соның көбі- балалар десем де болады. Өйткені мені өзім құралпы балалар өмірі, тағдыры қызықтырады ғой. Құлдықта ұсталған балалар, зорлық- зомбылыққа ұшыраған сәбилер, зиянды әрекетке бой алдырған балалар, тіпті панасыз қанғыбастар қаншама? Оларды көргенде, қатты қиналамын. Сәбилік күлкі алаңсыз бақытты балалық шақ қайда қалды деп?..

Әлемнің барлық балаларының тілегі- бейбітшілік. Қатыгез жандар оған да қаяу салды. Жазықсыз зардап шегіп, ата-аналарынан айырылғандарын естігенде, көкірегің қарс айырылады.Анау Беслан оқиғасы, ұшақ апатының құрбандары, қанды қақтығыс арасында құрбан болғандарды айтпай кетуге болмас......
Шығармалар
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Қатал тағдыр

1 тарау-Жанна мен Абылайдың кездесуі
Жанна әлемдегі ен бақытты қыздардың бірі еді. Кішкентай, пәк, уайымы жоқ еді. Сосын ақырындап мәселелер шыға бастады, ол әрине жігіт мәселесі. Негізі оқиға мынандай еді. Жанна мен Дастан жақсы дос еді. Бір күні мектеп кешіне Дастан өзінің Абылай атты жақын досын алып келді. Ол басқа мектеп оқушысы еді. Дастан Абылайды қыздармен таныстырды, таныстық, биледік сосын ақырындап тарадық. Ертесінеде Дастан Жаннаға Абылайдың ұнатып қылғаны жайында айтады. Абылай мен Жанна сөйлесіп жүреді. Басында бір-бірін онша танымайтын, әрі бір-бірін сүймейтін еді. Ақырындап танысып бір-бірін ұнатып бастады. Негізі Абылай өзі әуесқой бала еді, Жанна соны біле тұра Абылай мен жүрді. Олар күнде сойлесіп, кездесе бастады. Ең алғашқы кездесуі мектеп полясында болды. Олар көп уақыттай сөйлесіп жүрді. Кездесулері жиілеп, бір-біріне қатты бауыр басып қалды. Жаннаның Асел мен Ару атты жақын достары болды. Бір күні Асель, Жанна, Ару, Дастан,Абылай және Абылайдын досы Елдос бәрі бірге тауға демалуға шығатын болып келісті. Жанна, Асель, Ару келіскен орынға келіп ұлдардын күтті бірақ Дастан да, Абылайда, Елдоста та келген жоқ. Қыздар өздері тауға шығып көңіл көтеріп, уақыттарын жақсы өткізді. Ал улдардардан сол күйі хабар жоқ. Жанна мен Абылайдын аралары суып, кездеспей, сөйлеспей кетті. Сол күйі Абылай Жанна ға хабарласқан жоқ. Ал Абылайдың досы Елдоспен Аруда сөйлесетін, оларда сөйлеспей кетті. Осы мен бәрі біткендей болды.

2 тарау- Жаннаның Абылайдың уйіне қонаққа баруы
Жанна Абылайдын хабарласуын, ал Абылай Жаннанын Хабарласуын күтіп, арада көп уақыт өтті. Оқушылар жазғы демалысқа шығып кетті. Енді Жанна мен Абылайдын кездесуі мүлдем қиындатылды. Жаздың тура ортасында болатын Абылайдын туған күнін ұмытпаған Жанна Туған күннен бір күн бұрын Абылайға хабарласып, туған күнімен құттықтады. Абылай Жаннаны ертеңгі болатын кешке шақырды. Жанна ол кешке уйінен тәтесінін уйіне, яғни Арайдын уйіне баратынын айтты. .....
Махаббат хикаялары
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Бұтақтардан алма қақтым)

Жанымда зәулім ағаш,
Бұтақтары толған алма,
— Ағын соған қойныңды аш
Ал құшақтап қапы қалма.
Қойнымды аштым кел дегендей,
Алмадайын алқаларға.
Құшағыма ең дегендей,
Наз көтерер сүйген жарға.
Күнді сүйе көріктеніп,
Қан қызыл боп піссін алма.
Бұтағынан үзілсін де
Аузыма кеп түссін алма.
Сыбдыр етті алма ағашы,
Сықақ етіп күлді ме әлде?
Тым кекжиді ұшар басы
Мені мазақ қылды ма әлде?
Ашу қысты бар денемді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Өзгеден ерек шын адам)

Ақиқат ерге ар қымбат
Андыздап өрген малдан да,
Ақ елім болар мінәжат
Аһ ұрып шығар жаннан да.

Жаутаң жоқ, көзде жалын бар,
Жанары күндей жайнаған.
Жарқырап туған жұлдызды
Жақсы деп айтпас қай надан?.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Таңқы мұрын қара қыз)

Таңқы мұрын - қара қыз!
Кердең - кердең басасың,
Кес-кестейсің көшені,
Қандай қырдан асасың?!
Таңқы мұрын қара қыз!
Сөз сөйледің тақылдап,
Таң-тамаша қаламыз,
Тілдесейік жақындап,
Таңқы мұрын қара қыз!
Қалғаның не жаратпай!
Түнді аударып қайтып ең,
Қайда жорттың таң атпай!
Танкы мұрын қара қыз!
Бұйралапсың шашыңды,
Сүрмелепсің қасыңды,
«Аяқ» десем, «бас» дейсің,
«Таяқ» десем, «тас» дейсің........
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қолданбалы есептерді шешуде туынды қолдану (қайталау) (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Математикалық модельдеу және талдау»
Сабақ тақырыбы: Қолданбалы есептерді шешуде туынды қолдану (қайталау)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.3.1 - туындының физикалық мағынасына сүйене отырып, қолданбалы есептер шығару;
10.4.3.2 - туындының геометриялық мағынасын қолданып есептер шығару
10.4.3.3 - функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару
Сабақ мақсаттары: - есептерді туынды көмегімен шығаруды үйрену;
- қолданбалы есептің шарты бойынша математикалық модель құру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
Сабақ тақырыбы: Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаты: 9.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
Сабақтың мақсаттары: Тірі ағзалардың көптүрлілігін түсініп, бинарлы номенклатураны пайдалану
Бинарлы номенклатураның көмегімен түрлерді сипаттау (анықтағыш бойынша)
Бинарлы номенклатураның өмірдегі рөлін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дененің гравитация өрісіндегі қозғалысы. Еркін түсу үдеуі. Есеп шығару. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің гравитация өрісіндегі қозғалысы. Еркін түсу үдеуі. Есеп шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): гравитация өрісіндегі дененің еркін құлауын қоса қарастырып, тең үдемелі түзу сызықты қозғалыстың координата мен орын ауыстыру теңдеуін қолданып есептерді шығару;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
тең үдемелі түзу сызықты қозғалыстың координата мен орын ауыстыру теңдеуін қолданып есептерді шығару;
Кейбір оқушылар: еркін түсу үдеуін анықтаудың тәсілдерін ұсынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0

Сабақ жоспары (ұмж): Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сақталу заңдары.
Сабақ тақырыбы: Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.4.1 – сақталу заңдарын есептерде қолдану.
Сабақ мақсаттары: денелер арасындағы әрекет кезінде импульс сақталса да, әдетте кинетикалық энегияның кейбір өзгерістері жүріп жататындығын түсінуді көрсету;
бір кеңістіктегі екі дене арасындағы серпімді және серпімсіз соқтығысуларды қоса алғанда, қарапайым есептерді шығаруда импульстің сақталу заңын қолдану (қалпына келу коэффициентін білу талап етілмейді);........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0