Шығарма: Батырлардың еңбегін еске түсір

Соғыс. Соғыс - күйретуші күш!!! Күйретуші күш дейміз – ау. Осыдан 71 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы басталған болатын. Бұл соғыс талай – талай отбасын әбігер қылып, қарапайым халықтың күнделікті тұрмысында құтын қашырып, үрейлендірді, тіпті жер жастандырды десек те болады. Бұл соғысқа талай аталарымыз, апаларымыз қатысып, елін жаудан қорғады. Ол кезде ата-апаларымыз әлі бесіктен белдері шықпаған еді, сонда да елін, кіндік қаны тамған туған жерін сүйгендіктен: «Отанымызды қорғаймыз » -деп алға қарай ұмтылды, еш аянбады. Бұл ата-апаларымыздың елі, жері үшін сүйіспеншілігі, төзімділігі еді. Бұл кез «Қайтсем елімді жаудан қорғаймын, аман есесн құтқарамын», - деп шырқырап жанын аямай шырылдаған кез. Фашистердің арманы бізді жеңіп шұрайлы жерімізді тартып алу еді, бірақ бұл армандары орындалмады, жүректері «Елім» деп соққан ержүрек жауынгер апа – аталарымыз қасқайып қарсы тұрып күн демей, түн демей қасық қаны қалғанша елін жауынан қорғады. Қазақтардың сол кездегі Жеңіске қол жеткізген кездегі қуанышын көргенде, бәріміз жылар едік!!!
Біз бұл күнге ата-апаларымыздың арқасында жеттік. Олардың көз жасымен, қанымен, жанымен, күшімен, сімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, үлкен асуды бағындырып, туын көкке көтеріп, жеңістің таңбасын басқан күн-Жеңіс күні. Біз үшін 9 мамыр–Ұлы Жеңіс күні мерекесі. Бұл күн халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл мерекені мен «Ұлы мереке» - деп айтар едім.....
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Алма жай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асыл қайрақ, ендеше, асыл қайрақ, оу,
Жүруші едік тепсеңнің басын жайлап.

Алма жай,
Алма жай, қарғам,
Әлу-гөй.

Келемін деп бұл жерге ойлағам жоқ , оу,
Келіп қалдым бұл жерге дәм-тұз айдап......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бұрылтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Таңбасы жоқ, ені жоқ бұрылтайдың,
Сағасы өткел бермейді терең сайдың.
Құба жонға шоқытып шыға келсем,
Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың.

Қайырмасы:
Ахау,бикем, жар-жар,
Алма мойын, ақ сұңқар.
Қош-есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.
Ахау, айдай,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Туғаннан соң анадан-ой!
Адамзаттың бәрі өлген-ой!

Жетім бала дегізген.
Жетім қалдым жасымнан,
Кетер ме қайғы басымнан.
Біз жыламай, кім жылар,
Айрылған соң асылдан?!
Дүние пәни жалған-ай,
Көңілде қайғы-мұңымды
Таусылмас, айтсам арман-ай!
Арманым қатты, дертім зор,
Қасірет ойлап болдым қор.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ бүркей салған қаралы әйелдің күйеуін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ бүркей салдым басыма,
Жер ортаға келген шағымда.
Басымнан бағым тайғаны,
Жаратқан Алла осы ма?!
Арман да арман арманның,
Ақ бүркей басқа салғаным.
Тасып тұрған көңілім,
Жасып бір шіркін қалғаның.
Опасыз дүние жалған-ай,
Ақ бүркей басқа салған-ай!
Салмасқа бар ма амалым,
Шырағым сынып қалған-ай!
Құдірет басқа салған соң,
Басымнан бақты алған соң.
Амалым бар ма көнбеске,
Ақылшым сенен қалған соң?!
Ақ бүркей салып жылайын,
Жылатқан соң құдайым. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Эссе: Менің мұғалімім, менің мақтанышым

«Адам – табиғаттың бір бөлшегі» деп бекер айтылмаған екен. Қарап тұрсаң, адамның құрылысында, жан дүниесінде табиғатқа өте көп ұқсастық байқалады. Суы мол, бұлқынбай ағатын терең өзенді көргенде, мінезі ауыр, әр ісін тиянақты атқаратын, сабырлы, аз сөйлеп, көп жұмыс тындыратын кісілер елестейді. Ондай адамдар көп ішінде жұлқынып сөйлемейді, «мені елемеді-ау» деп, өз қызметін бұлдамайды да. Өзіне тән сабырлылықпен, әр күнін өзіндік табысымен шығарып салады. Ондай адамды тек тікелей білетін, араласып жүрген кісілер болмаса, басқалары байқамайды да.

Менің ауылымда дәл осы айтылғандарға лайықты азамат тұрады. Мамандығы – физика пәнінің ұстазы. Жақсы маман, асыл азамат.

Ия, ұстаз болу оңай емес. Әр үйдің бір-бір еркесін оқыту. Ал, өзі ерке бұзық баланы жөнге келтіру оңай шаруа емес. Бұл жолда білім де керек. Ең бастысы баланың жүрегіне жол таба білетін психолог бола білу ауадай қажет. Осындай талаптарға ұстаздың ұстамы, төзімді болып, орынды шешім қабылдай білуіне байланысты.

Менің ұстазым бір мектепте 36 жыл қызмет жасап, осы мектептен зейнеткерлікке шыққан. Жастайынан ескерімді алғыр ағай өзінің талпынысын, ізденісін ұдайы жалғастырған. Қолына не алса да, мүлтіксіз орындап, тиянақты тындыра білуді дағдыға айналдырған......
Эсселер
Толық
0 0

Шығарма: Біржан сал Қожағұлұлы - әлеуметтік өмір жыршысы

Біржан - қазақтың сал - сері ақындарының ағасы, ұстазы, жанашыр өнерпазы. Өнер дамыған сайын Біржан мұрасы мәңгі бірге жасамақ.
Есмағамбет Ысмайлов

Біржан сал үш бірдей өнер иесі - асқақ үнді ақын, сазгер, әнші. Ол – қазақтың әншілік – орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын өз шығармашылығымен биік белеске көтерген, аса дарынды халық композиторы, қазақтың қайталанбас бір туар тұлғасы. Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген Біржан сал бозбала кезінен әнші - ақындардың қасына еріп той - думанның сәніне айналған. Бозбаланың ақындыққа бейімдегені елінің, жерінің, табиғатының, өскен ортасының ықпалының көп пайдасы тиген. Өзінен үлкен Ержан, Нұржан деген ағалары болған сол заманның шаруашылық жұмыстарын өздері атқарғандықтанда болар, ол алаңсыз ән мен өлеңге үйір болғаны. Оның сыртында сол кездің сал - серілері, әнші-ақындары: Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері - Біржан салдың ұстаздары болған. Жастайынан ақын әнші, өлеңші, домбырашы атанады. 1865 жылы Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсері тиеді. Біржанды өз құлағымен тыңдаған данышпан Абай: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй, - деген мәңгілік жетерлік сөз қалдырған........
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қосымшаларды жасау. Объекттерді басқару 2-сабақ (Информатика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оқыту ойындары
Сабақ тақырыбы: Қосымшаларды жасау. Объекттерді басқару 2-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.4.2.3. Спрайттарды басқару үшін скрипттар жазу
Сабақ мақсаты: Ұтқыр қосымшаны жасау ортасында объекттерді басқару ерекшеліктерін зерттеу...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сыну туралы дәйектер. Шын және көрінетін тереӊдік. (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Сыну туралы дәйектер. Шын және көрінетін тереӊдік.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;
Сабақтың оқу мақсаттары: - жарықтыӊ сынуы ұғымын түсіну;
- жарықтыӊ сыну құбылысыныӊ физикалық мағынасын түсіну;
- сыну құбылысында пайдаланатын терминдерді (түсу бұрышы, нормаль, сыну бұрышы, екі орта шекараасы ж.т.б.) білу;
- ортаныӊ оптикалық тығыздығы туралы ұғымға ие болу және түсіну;
- жарықтыӊ сыну заңын қолдану.
- шын және көрінетін тереӊдікті білу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ақпараттар өлшем бірліктері (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттар өлшемі және компьютерлік жады
Сабақ тақырыбы: Ақпараттар өлшем бірліктері
Осы сабақтағы оқыту жетістігі мақсаттары: • 7.1.1.1.1 ақпараттың бір өлшем бірлігінен басқа ақпаратқа аударуды жүзеге асыру
Сабақ мақсаты: •ақпараттың ылғи бір өлшем бірлігін басқаға аударуды жүзеге асыра алады және ақпараттар санын анықтау үшін есеп шығара алады. .......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0