Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, «Біз кімбіз?», «Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?”, «Қай жерді мекен еттік?», «Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?». Біз өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұнның қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізіміз. Біз қазақпыз! Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады. Шығыстан алтын күн нұрын төгіп, еркіндіктің самалы есті. Көңіл көк аспандағы қасірет бұлты сейіліп, әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады. О, өмірге жаңа сәби келді. Ол енді тәуелсіз елдің урпағы. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанғанда, осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде. Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?! Ағы мен қарасы, жақсы мен жаманы, жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығы берік сақтауымыз керек. 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан-ғайыр өледе жаңа мемлекеттік дүниеге келгенін паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттықты аңсаған қаһарман халықтың тәуелсәздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты. Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы тек патша отаршылдары мен кеңестік жүйенің озбырлыгына қарсы 200-ден астам ұлт азатық көтерілістерге шыққан екен. Сонын ең соңғысы таталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болды. Тәуелсіздік-біздің халқымыздың сан ғасырлық қаһармандық тарихының ажырамас бөлігі. Біз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына қадам бастық. Бұдан жұртты бүгінгідей күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық......
Негізі мен қарапайым студенттің бірімін. Және басымнан өткен жағдайда соншалықты да ерекше емес, бірақ мен өзімді кінәлі сезінемін. ОЛ жігіт маған 3-4 ай бойы өзінің жақсы көретінін айтатын, білдіретін. Өзі жақсы жігіт, сүйкімді.Жәнеде екеуміз бір оқу орнында оқимыз,оны күнде көремін. Бірақ жүрекке әмір жүреме? Мен оған қаншама рет өзімнің оны сүйметінімді айтқан болатынмын. ОЛ болса оны менің жүрегім түсінбейді деп айтатын.
Ол журекке қалай түсіндірерімді білмеймін,қалай жеткізем деп жүргенде онымен ашық түрде сөйлестік. Екеумізде бұл жағдайға кім кінәлі деген сұрақпен ой үстінде тұрдық. Үнсіздіктің арты сөзбен бәрінде түсіндіремін, жігіт жүрегін жараламаймын д еген қыздың, яғни менің барынша оған тусіндіргім келетін сөздеріме ұласты... Ол бірақ тағыда өзінің не болсада сен сүйемін, және бұлай ешкімге ешқашан ғашық болмағанын айтты. Менің тіпті оған айтар сөздерімде таусылды. ОЛ менен өзін не себептен ұнатпайтынын сұрады. Оның себебі бір жанға байланысты еді... яғни басқа жігітті ұнататынымды айттым. Иә ол сонымен бақытты бол деген сөзімен қоштасып кеткендей болды. Ал мен болсам оған бір жағдай болып қалама деп қорықтым. Иншаллах олай болмады......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар: 7.4 С Микробиология Сабақтың тақырыбы: Патогендермен күрес тәсілдері. Бактериялардың антибиотиктерге тұрақтылығы. №14 Зертханалық жұмыс «Антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру өнімдерін қолдануды зерттеу Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар - антибиотиктер, антисептиктер және залалсыздандыру құралдарының қолданылуын сипаттау Сабақтың мақсаты: Оқушылар: - "антибиотиктер", "антисептиктер", " залалсыздандыру құралдар" терминдеріне анықтама береді; - антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру құралдарын қолдануды сипаттайды; - залалсыздандыру құралдарының микроорганизмдердің өсуіне әсері бойынша эксперимент нәтижелерін түсіндіреді; - микробиологияны дамытуда биолог-ғалымдардың рөлін бағалайды......
О, Жамбыл, бата дедің, бердім саған, Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман. Батасын ат орнына берді ғой деп, Қоймағын былай шығып кінә маған. Соңынан Сүйінбайдың орнын басып, Тіліңнен балың тамсын сорғалаған. Жапаға, риза болсын, айта барғын, Осымен өкпелей жүрсін маған.
*** Ағайындар, туғандар, Жүрген жерің Нұр болсын. Тындағаның жыр болсын. Жолымыз басқа болғанмен Тілегіміз бір болсын.....
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәтін Сабақтың тақырыбы: Презентациядағы дыбыстар 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.3.1.1 нақты сұрақтарға жауап табу үшін Ғаламтор қолдану 3.2.4.1 арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару Сабақтың мақсаттары: • Аудиодыбыстың қарапайым программаларымен таныстыру; • Аудиодыбыстар программасын қолдануға үйрету; • Презентацияларда аудио жазу арқылы дыбысты жазуды үйрету; • Жауап іздеуде Интернетті қолдану......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу Сабақ тақырыбы: Алгоритмді әзірлеу 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру 8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру Сабақ мақсаты: есепті шешу үшін интерфейс құрастыру интерфейс үшін ПҚКО компоненттерін тиімді пайдалану....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті Сабақ тақырыбы: Ауырлық центрі. Зертханалық жұмыс «Ауырлық центрін анықтау» Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7. 2.4.4 жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау Сабақ мақсаттары: Ауырлық центрі ұғымын беру.Ауырлық центрін практикада анықтау......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық қауіпсіздік Сабақ тақырыбы: Ақпараттық қауіпсіздік Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): “ақпараттық қауіпсіздік”, “құпиялылық” және “ тұтастық” , «қолжетімділік» терминдерін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Барлығы: • Ақпараттық қауіпсіздік • Құпиялылық • тұтастық түсініктерін сипаттай алады Көпшілігі: бекіту сұрақтарына жауап бере алады Кейбіреуі: сыныптастарына қолдау көрсете алады........