Курстық жұмыс: Экономика | АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ

Қазіргі кезде агроөнеркәсіп кешені мемле¬ке¬тіміздің даму қарқынына сай өркендеп келеді. Республика Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақ-стан халқының әл-ауқатын арттыру – мем¬ле¬кеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан хал¬қына Жолдауында атап өтілгендей, ауыл¬да¬рымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақ¬сарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты бо¬лып қала береді.
Ел өміріндегі осынау маңызды саналатын агро¬өнеркәсіп саласын дамытуға мыңдаған ең¬беккерлер өз үлестерін қосуда. Агроөнеркәсіп ке-шенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға ар¬налған тұжырымдамасы мен оны іске асы¬рудың бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында агр¬арлық секторды индустрияландыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жеріміздің кеңдігі мен еліміздің географиялық тұрғыдағы артық¬шы¬лық¬тарын пайдалана отырып, кейбір өнім түрлерін та¬биғи ортада тиімді әрі сапалы өндіру мүм¬кіндіктері, инфрақұрылымды дамыту, агро¬өнеркәсіп өнімдерінің рыногын мемлекеттік реттеу, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қам¬та¬ма¬сыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылған....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15)
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: «... Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым обогащая ее. Но с другой стороны «обогащается» и сам переводимый писатель». (24; 6) ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ӨНЕРКӘСІПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ТРАНСФОРМАТОР ЖАСАУ ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Бір трансофрматорды жасау үшін мынадай операциялар және уақыт ережелері « » белгілі, мин:
1. Бір трансформаторларға қаңылтырларды ою – 6,1;
2. Қаңылтырларды лактау – 5,2;
3. Қаңылдытралрдан екі өзекшені жинау – 7,0;
4. бір өзекшеде орамды орау – 8,5;
5. Басқа өзекшеде орамды орау – 8,0;
6. Орамдарды өңдеу – 5,4;
7. Трасформаторды құрастыру – 8,3;
8. Сымдардың ұштарын дәнекерлеу – 7,8;
9. Трансформаторды тексеру – 4,0.
Осы көрсетілген уақытты «0» вариантқа пайдалану керек. Басқа вариатнттардың уақыттары . Әрбір операцияға қажетті жабдықта табу керек. Жабдықтың саны былай есептеледі:

Мұндағы, К – жылдық трансформатордың көлемі, - жоғарғы айтылған уақыт ережелері, У – бір сменаның жылдық уақыт қоры (52 апта*40 сағат – 5*8)*60, П – сменанлардың саны (тақ субварианттарда – үш смена, жұп субварианттарда – екі смена).
Есептелген станоктар саны бүтін санға келтіріледі (Сб). Станоктар санына (Сб) қарасақ, ең жиі кездесетіні – 3. Бұл сан ағынды сызықтарды көрсетеді. Сонда басқа станоктардың санын 3-ке сәйкес аламыз (Ск). Станок пайдалану коэфициенті . Егер Кп>1 болса, арнайы шараларды ұйымдастыру керек.

Есептеу жүргізу.
1. Штампылық операция:
;
дана=1.8 дана;
дана;
3 дана;

2. Сырлау станогы ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару

Қазіргі халық шаруашылығы саласында өзара байланысты құрылыс материалдары, өлшеу құралдарының көптеген түрлі заттардың және материалдардың қолданылуына, оларға қойылатын талаптардың қолданылуына байланысты стандарттау саласында мамандар дайындаудың маңызы күннен – күнге арта бастады. Сонымен қатар еліміздің алға қойған мақсаты жақын келешекте әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) мүше болып кіру. Ол үшін бірінші кезекте, шығаратын өнім сапасын халықаралық дәрежеде бәсекеге түсуге сай болуы керек. Сондықтан стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келешек мамандарға қазіргі өндіріс өнімдерінің сапасын халықаралық деңгейге жеткізуді қамтамасыз ететін талаптар қойып отыр.
Стандарттау өндірісті өнім шығаруға әзірлеу, технологиялық әрекеттер, біркелкі сараптау, өнімдердің дәлдігін, өнім қауіпсіздігін бағалау және оның сапасын басқару бағыттарын қамтиды.
Стандарт – бұл қоғамда бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келушілік негізінде әзірлелетін және танылатын органдардың бекітетін нормативтік құжат. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіріп оқтайлы деңгейге жетуге бағытталады. Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетінсапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Өнер | Бақыттың мәні

І. «Өзін - өзі білген – ер бақытты, өзін - өзі билеген ел бақытты» деген халық мақалын бүгінгі айтар ойымның түп қазығы етіп алмақпын. Неткен даналықпен, көрегендікпен айтылған сөз! Туған елің, Отаның құлдықта болса қайдағы бақыт?! Құлдықтағы ел төгілген тердің, еңбектің жемісін еш уақытта көре алмайды, ой еркіндігі туралы айтудың да қажеті жоқ. Құдайға шүкір, «мың өліп, мың тірілген» қазақ тәуелсіз ел болды. Ғасырлар бойы аңсаған бақыт құсы қолымызға қонды. Қазақ халқы бақытты құсқа теңейді, оның мәні неде? Құс қолға оңайшылықпен қонбайды, қонған екен оны аялай білмесек, баптай білмесек, қадірін білмесек қалай ұшып кеткенін білмей қаламыз. Бақыттың шалғайынан басып, күшпен ұстап тұруға болмайды, - деген екен ұлы ойшыл Сайф Сараи.
Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайындағы жаһандану дәуірінде мемлекетте әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамды өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың игілігінен, адами іс - әрекеттерінен, олардың өркениеттік озық үлгілері бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Осы тұрғыдан Елбасы Н. Ә. Назарбаев әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатындағы он бағыттың бірі ретінде «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуіне» баса назар аударды......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 – қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау;
6.2.2.2 – өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: ортағасырлық өнер стильдерінің ерекшеліктерін зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Өнербаян

"Өнербаян" - Тынышбай Рахымның кітабының аты.

Мектептің жоғары сыныбында оқып жүргенде, үйдегі кітап сөресінде кітап саны аз емес болса да, өзіне тиесілі жалғыз кітап болған еді. Тиесілі дейтін себебі бұл кітапты сыныптың қыздары сыныптың ұлдарына 23 ақпанға қатысты сыйлыққа берген болатын. Бұл - сырты сары түсті, жылтырақ мұқабалы кітап. Сыртында Тынышбай Рахимов "Бесігіміз - бейбіт күн" деген жазу бар.

Мектепті бітірген жылдардың бірінде бірде осы ақынның телевизордан өлең оқығанын көрді. Сонда өзіне Тынышбай Рахимовтың оқыған өлеңі де, сол өлеңді оқыған даусының мәнері де ұнап қалған еді. Сөйтсе, бұл кісі ән салатын ақын екен. Мұны кейіндеу білді. Ән де шығарады, ән де салады.

Енді жатпай-тұрмай әлгі өлеңді іздеді. Әлгі кітаптың да бағасы арта түсті. Бірақ бұл өлең ол кітаптың ішінде жоқ екен.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазіргі өнердің даму тенденциялары (Дүниежүзі тарихы, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер - қоғам дамуының көрінісі
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі өнердің даму тенденциялары
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.4 - қазіргі өнердің даму тенденцияларын анықтау, өзгеруі мен сабақтастығын зерделеу;
10.4.2.5 - қазіргі заман қоғамына ықпалын талдай отырып, бұқаралық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: Қазіргі өнердің даму тенденцияларын анықтау, өзгеруі мен сабақтастығын зерделеу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешені.
Оқу мақсаттары: 9.3.1.1 қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау.
9.3.2.1 ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдау.
Сабақ мақсаттары: XX ғ. ІІ ж. әскери-өнеркәсіп кешендерінің Қазақстанға тигізген зардаптарын талдап, дүниежүзі тарихы контекстінде қарастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 – ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген болатын .
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы, әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі - бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеқабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді.
Ел экономикасының бәсеке қабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және кәсіпорын деңгейінде.
Елдің бәсеке қабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел бәсеке қабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде бәсеке қабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады.
Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмалардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0