100 жас жасауға көмектесетін 7 кеңес

Дәрігерлердің айтуы бойынша, әрбір адам келесі ережелерді орындай отырып, денсаулығын бірқалыпта ұстай алады.
Бірінші. Салауатты өмір салтын ұстану. Физикалық жаттығу жасамау адам өмірін 4 жылға азайтады екен. Физикалық жаттығулармен айналыспайтын адамдар жүрек ауруларына шалдығуы әбден мүмкін.

Екінші. Холестерин деңгейін білу және бақылап отыру. Қандағы холестерин мөлшерінің көп.....
Кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Төлеген Айбергенов (1937 - 1967)

Дүниеге өзінің аппақ, тап.таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 1937 жылы Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды. 1959 жылы Ташкент педагогикалық институтын бітірген соң, 1965 жылға дейін мектеп
мұғалімі, мектеп директоры болды.
Төлеген Айбергенов алғашқы жазған өлеңдерінен.ақ қазақ поэзиясына тың серпіліс, жаңа бір екпін әкелді. Оның туған жерге деген сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы өлеңдері 1961 жылы шыққан жас ақын.жазушылардың "Жас дәурен" жинағына кірді.
Бұдан кейінгі "Арман сапары", "Өмірге саяхат" (екеуі де 1963 жыл), "Құмдағы мұнаралар" (1974 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын алды), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Бір тойым бар" (1981, 1989) жинақтарында замандастарының бейнесі, ол аралаған қазақтың өлкесінің сыры мен кені, даладағы ұлы тіршілік ақынның бір жапырақ жүрегінің.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Салауатты өмір салты

Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі кезеңді басынан кешіріп отыр. Кеңестік дәуір тоқырауға душар етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты, жауапсыздықты дамытты. Осы империяның көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан кеңестік жүйеден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет құру үстінде. Бұл үкімет білім беру мен тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды. Осы орайдан оқушылардың бойына жаңа сана, жаңа көзқарас қалыптастыруда имандылық пен адамгершілік жағынан құлдыраған нашақорлық, жезөкшілік, маскүнмдік сияқты індеттерден сақтанарлықтай таным түсінік қалыптастыру басты проблема болып саналады.
Әрине, тәрбие ісіндегі келелі мәселе тек айтумен ғана шешілмейді, оның дұрыс жүзеге асуы оқушының арман – мұратына үйлесімді салауатты өмір салтының идеяларының терең ұқтырып бойына сіңіруі. Ал мұның басты құралы нақты іс-әрекет арқылы көзқарас қалыптастыру. Осы орайда орта мектептерде әдеп әліппесіне, отбасылық тәрбиеге байланысты сабақтар өту белгіленіп және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бағдарламалары қайта құрастырылды. Уақыт талабы бұл құжаттарды әлі де жетілдіре түсінуді және білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасына үйлесімді құруды керек етіп отыр.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Саржан сұлтан Қасымұлы (? - 1836)

Саржан Қасымұлы - қазақ халқының 1825–1836 жылдардағы ұлт-азаттық көтерлістің басшысының бірі болған. Абылай ханның немересі. Қарқаралы округіне қарасты Қарпық болыстығын басқарған. Орта жүзде хандық биліктің жойылуына (1822ж) тақ мұрагері Ғұбайдолла Уәлиұлы және әкесі Қасымсұлтанмен бірге қарсылық танытып, Ресей өкіметі тарапынан ашылған округтерді жойып, хандық билікті қалпына.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Әнет баба Кішікұлы (1628-1723)

Әнет баба (1628 – 1723) – “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген.Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша “Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр....
Рефераттар
Толық
0 0