1989 жылы:Айдарбеков Қайрат Нұртасұлы 1989 жылы 25-ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1996 жылы: Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы 140 мектеп-гимназиясында алғаш қолына қалам алады. 1997 жылы: "Махаббат мұңы" әнімен алғаш 8 жасында экранға шықты. 2005 жылы: Эстрада цирк колледжінің......
Райымбек батыр-1705 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қайтыс болған жылы шамамен-1785 жылы Алматы қаласы.
Райымбек- батыр, қолбасшы, Ұлы жүз албан ішіндегі алжан руының сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр XVIII ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшасымен Анна Иоановнаға.....
Мәшһүр ЖүсіпКөпеев қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы.
Бес жасынан бастап ауыл молдасынан дәріс алған. Жастайынан еті тірі, зерек бала Хамар Хазірет деген үлкен оқымысты молданың алдынан жеті жыл бойы сабақ алады. Молда бір ғана дін сабағын емес араб, парсы, шағатай тіліндегі кітаптарды да қатты қадағалап оқытады. Кітаптың тек қарасын танытып қоймай, ішкі мазмұн, мән-мағынасына.........
Тәрбие сағаты: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы" Тақырыбы: «Ана – гүл, ана – өмір шуағы» Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналармерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер жазылған плакаттар. Интерактивтік тақта. Презентация. Мұғалімнің сөзі: - Қош, келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған.
Айнұр Тұрсынбаеваның балалық шағы Айнұр Тұрсынбаева 1977 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты ауылдардың бірі) дүниеге келген. 1994 жылы қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы 10 жылдық мектепті бітірген. Ақын қазақстандық БАҚ-қа берген сұқбатында балалық шағында қиындық көргенін айтады. "Мектепте оқып жүрген кезімде жағдайы төмен отбасыларға берілетін киіммен өстім. Ол кездері мемлекет киім беретін. Сабақта отырасың, сосын "қандай киімге мұқтажсың?" деген сауалға жазбаша жауап бересің. Мысалы, менің қыстық пальтом немесе қысқа киетін етігім жоқ деген сияқты. Кейін оны алып келеді де, бүкіл кластың көзінше беретін. Үстелдің үстіне әкеліп қояды. Сол кезде жағдайы жоқ отбасыларға мемлекет көрсететін жақсылығы ғой. Мемлекет жыл сайын киім беріп тұратын. Сондай киіммен өстік. Бұл менде "түк жоқ болды" деген сөз ғой", - дейді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұқбатында. Сонымен қатар Айнұр Тұрсынбаева сұқбаттарының бірінде студент жылдары біраз қиындықпен бетпе-келгенін де атап өтті. "Студент болдық, жатақханада тұрдық. Қарнымыз ашқан көздер өте көп болды. Троллейбусқа ақша таппаған кездер болды. Енді бұл барлық студенттің басында болған жағдай ғой. Ақшадан қатты қысылып жүресің. Бірақ ертеңінде "Айнұр осындай жерге барып, арнау айтып кет. Осындай жерде айтысасың" деп адамдар телефон соғады. Сосын баратынмын. Қант та, нан да жоқ, "ертең не жеймін" деген уайыммен ұйықтаған кездер болды", - дейді Айнұр Тұрсынбаева өмірдегі қиын жағдайларды есіне алып.....
Шортанбай-XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар өнерпаз. Туған елінің тарихи тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды көкірегі қарсы айырыла жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау-ақыны: замана құбылыстарының шындығына өз түсінігі тұрғысынан үкім шығарып, іргесі сөгіліп, реңі кетіп бара жатқан қоғамдық құрлыс пен ата-баба салтының жоғын жоқтап, зар шеккен ақ ниетті......