Өмірбаян: Абылайхан Асылбай

Абылайхан Асылбай - қолөнер шебері

1996 жылы Семей қаласындағы құрылыста краннан Абылайхан Асылбай есімді жұмысшы құлап кеткен екен. Көптеген жарақаттармен қатар омыртқасы зақымданған 34-жасар құрылысшы ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның енді ешқашан өз аяғын басып жүре алмайтынын айтады.

Қазір Абылайхан 53 жаста. Дәрігерлердің болжамына қарамастан мүгедектер арбасына таңылмаған. Өміріне шағым айтып, біреуді кінәлаған емес. Ол қазақ халқының көне өнерін қайта жаңғыртуда.
Дулыға, сауыт-сайман, қару-жарақ, садақ, кіреуке – бұл қазақ батырының жабдықтары. Осындай жабдықтар Абылайхан Асылбайдың шағын «мұражайында» көрсетілген. Нақтырақ айтсақ, жеке үйдің бір бөлмесінде. Бұл бұйымдарды ол өз қолымен қарапайым қолда бар материалдардан жасап шығарады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Владимир Акулов

Владимир Акулов – аграрлық қызметкер

Акулов Владимир Иосифович Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтты аяқтағаннан кейін «Краснопартизанский» совхозының аға мал дәрігерінің міндетін атқаруға кірісті. 1982 жылдан бастап бас мал дәрігері болып жұмыс істеді, одан кейін Ленин атындағы колхоздың төрағасы болды.

1996 жылдан бастап «Қамысты» ШҚ басшысы, «Қамысты-2» ЖШС директоры болып табылады.
Аянбай еңбек еткен ұзақ жылдар ішінде, ауыл шаруашылығының құлауынан өтіп, посткеңестік уақытында қайта қалпына келтіру қиындықтарын көрді, Владимира Иосифовичтің басқаруымен қалыптасқан шаруақожалық асыл тұқымды мал асырау саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, селекциялық жұмыстардың қорытындысы ретінде – «Алтын белгі» алтын медалін алды - 2010 жылы сүтті қызыл ала малды өсіру бойынша ең үздік шаруашылық.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Александр Пупенко

Көкпардан Қазақстан құрамасының ойыншысы, Азия ойындарының, әлем чемпионатының чемпионы Александр Пупенконы білетіндер аз.

Ол Астана қаласының маңындағы Үшхоз ауылында дүниеге келген. Бала кезінен жылқыға жаны құмар Александр ауылдағы «Құлагер» ат спорт клубына барып, атпен шабуды үйреніп, 9 жасында көпшілік алдына шығып, өнер көрсете бастайды. Ал 14 жасында көкпармен кәсіби түрде шұғылданады.

16 жасқа келгенде Астана сапына алынып, жарыстарға шыққан. Қазақстанның жастар чемпионатында Пупенконың командасы қола жүлдеге қол жеткізеді. Бір жыл өткен соң, астаналық өрендер күміс алса, тіпті бір жылды араға салып, чемпион атанған. Ал Александр Пупенко 44 салым салып, үздік сұрмерген болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дана Нұржігіт (1972)

Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Виталий Диденко Михайлович

Диденко Виталий Михайлович жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы (Ресей, 2005, Ресей, 2006) ерлер арасындағы әлем чемпионы (Италия, 2008 ж.) 23 жасқа дейінгі (Италия, 2008 ж.) ерлер арасында ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы (Украина, 2007, АҚШ, 2007, Эстония, 2009, Литва, 2012). Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Ресей, 2005) Ерлер арасындағы әлем чемпионатының жеті дүркін күміс жүлдегері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Медет Чотабаев

Чотабаев Медет 1981 жылы 30 қазанда туды. 2008 жылдан – Абай атындағы МАОжБТ опера солисті, Алматы қ., 2013 жылдан бастап «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера жетекші солисті болып табылады, театр репертуарының опералық спектаклдерінде жетекші партияларды орындайды.

Театрда қызмет атқару барысында театр өнерінің көрермендері мен табынушылары арасында танымдылыққа ие болған көптеген қойылымдарға қатысты. Қазақстан жас орындаушыларының IV Республикалық байқауының 2 сыйлық лауреаты (2003), Ұлы Абайдың 160-жылдығына орай аймақтық байқаудың Гран-при иегері (2005), «Шабыт» IX Халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (2006), Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалшылар байқауының 1 сыйлық лауреаты (2007), Беньямино Джильи атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты (Порто-Реканати қ., Италия, 2008), Глинка атындағы XXIII Халықаралық байқаудың 1 сыйлығы мен үздік тенор арнайы сыйлығының иегері (Мәскеу, 2009), «XXІ ғасыр өнері» Халықаралық байқауының Гран-при иегері (Финляндия, 2009), «Опералия-2011» байқауының қатысушысы....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Рашбиль Евдаев

Рашбиль Евдаев - кәсіпкер, меценат

Рашбиль Илхананұлы 1955 жылы Әзербайжанда дүниеге келіп, онда 15 жасқа дейін тұрды. Кейін ата-анасымен бірге Баку қаласына көшіп барып, еңбек жолын етікшінің көмекшісі ретінде бастайды. Екі жылда етікшілікті әбден меңгеріп алады. 1977 жылы Калининград облысында Кеңес әскері қатарында болып келген соң, Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев ауданына көшіп барады. Жергілікті тұрмыстық қызмет көрсету комбинатына аяқ киім жасау шебері болып орналасып, кейін цех басшысы атанды.

1979 жылдан бастап Есіл ауданында «Явленский» аяқ киім цехын басқарды. 3 жыл жұмыс істегеннен кейін ол аудандық зауыт директорына дейін көтерілді. 1994 жылдан бастап, Рашбиль Илхананұлы Петропавл қаласына аяқ киім зауытының директоры лауазымына ауыстырылды. Осылайша, ол жиған-терген тәжірибесі арқасында жеке кәсіпкерлікпен шұғылдана бастады. Ол бүгінде өз ісінің нағыз маманы ретінде табысты кәсіпкер, меценат атанып отыр. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мая Жұманбекова

Мая Жұманбекова – дизайнер

Мая Жұманбекова - арт-директор, «Mimioriki» балалар киімінің тұңғыш қазақстандық брендінің дизайнері (Алматы)

Мая 1976 жылы 1 мамырда дүниеге келген, барлық кеңестік балалар секілді бала кезінен жан-жақты болған, жүзумен айналысып, сурет салу, үй шаруашылығы, би, фортепиано үйірмелеріне қатысқан. Сурет салуға, тігіс тігуге және қуыршақтарды киіндіруге деген құмарлық оның болашақ мамандығын сол кезде-ақ анықтап берген!

Бала кезінде әжесімен бірге қуыршақтарға керемет көйлектер тігетін, ал анасы 20 жылдан астам уақыт «1 мамыр» тігін бөлімшесінде жұмыс істеп, үлкен тігін цехын басқарған. Мая анасымен бірге жұмысына барып, процесті бақылап, жіптер орамын жайып, мата кесінділерін зерттеп, қиялдап, түрлі киім үлгілерінің суретін салғанды жақсы көретін. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Геннадий Зенченко

Геннадий Зенченко – кәсіпкер

Зенченко отбасы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кәсіпорынды жылдар бойы жалғастырып келе жатқан династия деп айтуға болады.

Шару қожалығында 4 ірі мал шаруашылығы кешені бар. Олардың бәрі замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Малдарды ұстау, сүт өнімдерін өндіру ісі автоматтандырылған. Қазақстанда тұңғыш рет «Елочка», «Карусель» сынды мал саууға арналған құрылғыларға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір шаруа қожалығында 7 500 жуық ірі мал басы бар.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Алмат Қодасбаев

Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, РМА ассоцияланған профессоры. Қазіргі таңда – Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығының директоры.

1996 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітіріп, дәрігер-хирург мамандығын меңгерді.
Интернатурадан Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада өтті. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Іле аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастады. 1998 А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың үш жылдық аспирантурасын тәмамдады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0