Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері. Өмірбаяны 1936 – 41 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыды. 1950 жылы Алматы консерваториясын бітірген. 1942 – 46 жылы Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті. 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958). Ойнаған рольдері К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”) Жанбота (М.Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”) Эскамильо (Ж.Бизенің “Карменінде”)....
Рахман Омар (2 наурыз, 1973 жылы Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында туған) — кино және театр актері, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2007). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері (1994 жылдан). Рахман Омар 1973 жылы 2 наурызда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көктұма ауылында дүниеге келген. 1990 - 1994 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы театр және көркемсурет институтының) актер мамандығы бойынша бітірді.....
Гүлжамал Мұқажанқызы Қазақбаева (1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984). Құрмет орденінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері. Гүлжамал Мұқажанқызы 1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында дүниеге келген. 1966 - 1968 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады 1994 - 1996 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет иниституты) "драма және театр актрисасы" мамандығы бойынша....
Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино актриса, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2000). Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009).
Меруерт Балғабайқызы 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген. 1995 - 2001 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді. 1996 жылдан жеке шығармашылықта. ....
Серік Тұрғынбеков (1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында туған) — ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (2003). Парасат орденінің иегері (2016).
Серік Тұрғынбекұлы 1946 жылы 1 наурызда Қостанай облысы Жангелді ауданы Шақшақ Жәнібек ауылында дүниеге келген. 1964 - 67 ж. Жанкелдин ауданы "Жаңа өмір" газетінде жұмыс істеген. 1967 - 73 ж. қазақ радиосында аға редактор, 1973- 78 ж. "Лениншіл Жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. 1978- 80 ж. Халық шығармашылығы үйінде бөлім менгерушісі. 1980 -81 ж. Қазақ телевизиясында редактор қызметін атқарған. 1981 - 85 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі болған....
Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылы 13 маусымда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Диқан ауылында дүниеге келген. 1965 жылы ол мектепті күміс медальмен бітірді. 1965 - 1970 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университеті)нің филология факультетін бітірген. 1970 жылы ол еңбек жолын "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер болып істеді. 1972-1984 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1984-1986 жылдарда Республикалық қуыршақ театрының директоры болды. 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының I съезінде Одақ Басқармасының бірінші секретары болып сайланды. 1986 жылы өткен КСРО театр қайраткерлері Одағының I съезінде Басқарма құрамына енді. 1990 жылдар аралығында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі XII шақырылуының депутаты болды (Ұлт саясаты, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі Комитет Төрағасының орынбасары қызметін атқарды). 1991 жылдарда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жоғарғы Палатасында ғылым, білім және мәдениет Комитеті төрағасының орынбасары. 1993-1996 жылдар аралығында "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. 1996 жылы Қазақстан Жазушыларының XI съезінде Одақ Басқармасының Бірінші секретары болып сайланды. 2002 жылы Қазақстан жазушыларының XII съезінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қайта сайланды. Қазіргі Республикадағы Жазушылар Ұйымын басқарады.....
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Ол «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдалаңды. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.....
Айгүл Серікқұлқызы Иманбаева (15 наурызда 1977 жылы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) — эстрада әншісі, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Балалық шағын Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен Әзірбай ауылында өткізген. Орта мектеп кезінен бастап музыкаға жақын болған Айгүл «Баян» класын аяқтап шығады. 1994 - 1998 жылдар арасында Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын сәтті аяқтап шығады. 1998 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы колледжде ұстаздық қызметіне қабылданады. Және де сол уақыт арасында Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық театрға актрисалық қызметіне жұмысқа тұрады. 2001 жылы Хабар арнасындағы «Ұят болмасын» бағдарламасының жүргізушісі әрі келіннің образын алып шығады. 2001 жылы алғаш рет ұйымдастырған Республикалық көлемде өткен әзіл ысқақ жарысында әншілерге пародия жасағаны үшін бірінші орынды жеңіп алады.
Театр қабырғасында әр түрлі сарындағы образдарды ойнап үлгерген. «Қыз Жібек» спектакілінде «Жібек» рөлін, «Пай, пай, жас жұбайлар ай» да «Ғазиз» рөлін, Таланған тағдыр» да «Гүлжан» рөлін, «Алма бағы», да «Алма» рөлін «Көгілдір такси», де «Клара» рөлін, «Желтоқсан желі» де «Ақмарал» т.б. рөлдері. ....
Зируза Тасмағамбетова 1997 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ол Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжін «Қобыз» класы бойынша бітірген. Ал қазір Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық колледже білім алып жүр. Зируза – небәрі бір жылдың ішінде тыңдарманға тез танылып үлгерген жас талант. Алғашында Алматыға арман қуып келген балауса қыз «Juz Entertainment» продюсерлік орталығында тәжірибеден өтті. Ол жерде Ерболат Беделхан ашпақшы болған girlz-band құрамында ән салуға дайындалған болатын. Алайда, кейін продюсердің бұл ойы жүзеге аспай қалған соң, Зируза продюсерлік орталықтан кетті. Сол сәтсіздіктен кейін қаладағы кафелердің бірінде ән салып жүрген Зирузаға «Инстаграм» желісінде продюсер Ерлан Әлімов бірге жұмыс жасауға ұсыныс жасайды. Жас әнші көп ойланбастан келісімшартқа қол қояды.....
Асхат Мақсымұлы Маемиров (1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған) — театр режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры (2018 жылдан). Философия ғылымдарының докторы (PhD 2016). Асхат Мақсымұлы 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Абай ауылы, Сарой ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1991 - 1995 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (бұрынғы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институты)ның филология факультетін бітірген....