Өмірбаян: Ерке Есмахан (1986 жылы)

Ерке Есмахан 1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ата-анасы қызының өнерге бейім екенін бірден байқап, оны музыкалық мектепке берген. Мектепті бітірген соң, Ерке Ақтөбедегі музыкалық колледж бен Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, продюсер Баян Мақсатқызының назарына ілігіп, «Іңкәр» тобына қабылданды.
Ерке халыққа бірден таныла қойған жоқ. Алдымен, «Іңкәр» тобында ән салды. Одан соң, жеке шығармашылығына ден қойды. «Асыл арман», «Айша бибі», «Бал сезім», «Жаным болшы», «Еркемін», «Әйел бақыты» әндерін жарыққа шығарды. Десе де, бұл әндердің барлығын әншінің биыл орындаған «Қайда?» әні басып озды. Еркенің көптен күткен жұлдызды шағы енді келді десе болғандай. Олай дейтініміз, «Қайданың» бейнебаяны «Youtube» арнасында қазақ әндері арасында бұрын-соңды болмаған рекорд көрсеткішті жинады. Желіге маусым айында жүктелген бейнебаянды 5 айдың ішінде 40 миллионнан астам көрермен тамашалаған. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар қазақша әнге reaction жасап, өздерінің ой-пікірлерін білдіріп жатты. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қараша)

Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туған) - танымал кино және театр актері. тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
Өмірбаяны
Азамат Сатыбалды Сұрапбаев 1977 жылы Жамбыл облысы, Рысқұлов ауданында дүниеге келген. Көп балалы отбасында туған. Үйдегі тоғыз баланың кенжесі. 1997 ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына оқуға қабылданды. 2000 ж. дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберілді. 2001 ж. дипломын алып, Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ұлықпан Жолдасов Мырзабайұлы (1966 жылы 14 ақпан)

Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).

Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген.
Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Болат Әбділманов Мәзімбайұлы (1960 жылы 12 қараша)

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.
Өмірбаяны
Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі.
Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері.
1982 жылдан - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
1992- 2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ақжүрек Таңатаров (1986 жылы)

Ақжүрек Таңатаров – спортшы

Ол қалай айтсақ та тәуелсіздік жылдарында жасындай жарқыраған жұлдызды спортшы. 1986 жылы Алматыда қазақ жастары «Желтоқсан» оқиғасына қатысып, ұлт азаттығын талап еткен шақта Ақжүрек Таңатаров дүние есігін ашты. Шынашақтайынан шымыр денелі Ақжүрек Тәуелсіздіктің елең-алаңында еркін күрес секциясына жазылады. Азат елдің асқақ ойлы азаматы сол бір балаң шағында Олимпиада ойындарында атой саламын деп ойлады ма екен?! Сол жылдары ғой, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов бастаған жамбылдық жампоздар Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Олимпиада ойындарында-ақ абыройын асырып, қос бірдей жүлдемен (күміс, қола) оралды. Боксшы ағаларының жеңісті жорығы тұла бойы намыстан жаралған Ақжүректі де спорт залға жетектеп келген еді. Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қоржынына Олимпиада жүлдесін салу.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Асхат Садырбаев Мұратұлы (6 маусым 1986 жылы)

Асхат Садырбаев Мұратұлы (ағылш. Askhat Sadyrbay, 6 маусым 1986 жылы, Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы) - журналист, тележүргізушісі. Әкесі Садырбаев Мұрат Абылұлы, анасы Сыздықова Оразкүл Керімбекқызы. Туған ауылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Әңгір ата ауылы. Отбасында 3-ші перзент. Ағасы, әпкесі, інісі, қарындасы бар.
Өмірбаяны
1992 жылы Әңгір ата ауылындағы бастауыш мектептің 1-сыныбына барады. 4-ші сыныпты тәмәмдаған соң көрші Абай ауылындағы орта мектепке ауысады.
2003 жылы Абай атындағы орта мектепті үздік бітіреді.
2003 жылдың қараша айынан бастап жергілікті облыстық "Қазақстан-Шымкент" телеарнасының штаттан тыс тілшісі ретінде жұмысқа қабылданып, таңғы бағдарламалардың жүргізушісі қызметін атқарады.
2004 жылы Алматыдағы Халықаралық Мамандықтар Институтына ауысады.
2005 жылдың қаңтар айынан бастап "Қазақстан" РТРК АҚ ОҚО филиалына штаттағы редактор қызметіне жұмысқа қабылданады. Оқуын сырттай бөлімге ауыстырып, журналистиканы қызметте жалғастырады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ғалымжан Молданазар (1988 жылы)

Ғалымжан Молданазар 1988 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол қазақ эстрадасының тыңдармандарына таңсықтау синти-поп, брит-поп, рок, инди-поп жанрларында ән салады. Көрермендер алғаш рет Ғалымжанды 2011 жылы «Хит тв» телеарнасынан көрді. Ол кезде Ғалымжан рок-әнші Әсеммен дуэт айтып шыққан болатын.
Ғалымжан өзі орындаушы болғанға дейін «Орда» тобына, Қайрат Түнтеков, Әсем, Асыл Беделхан және тағы басқа әншілерге ән жазған. 2013 жылдан бастап жеке әнші ретінде эстрадаға келген ол бұл ортадан тез жалыққанын былайша түсіндіреді: «оқушы кезімде жұлдыз болғым келді. Кейін Алматыға келіп, композитор ретінде әншілерге ән жазып, осы салада жұмыс істеп көргеннен кейін ойымнан айнып қалдым. Шыны керек, эстрада маған ұнаған жоқ. Бәрі жалған, фонограмма, барлығы өтірік... Менің ойымша, өнерде алдамшы нәрселер болмауы керек. Мысалы, фонограммаға адал ақша емес, фальш ақша төлеңіз. Дұрыс қой?..»
Әнші дәл осы себептермен 2013 жылы эстрададан кетті. Оған көп жерде фонограмма талап етілетіні ұнамады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Айжан Нұрмағамбетова (1956 жылы 7 маусым)

Айжан Нұрмағамбетова Қостанай облысы Саркөл ауданында 7.6.1956 жылы дүниеге келген өте ширақ, шалқыған ақ көңілді жан. Оның әкесі Қабдуғали Нұрмағамбетов жоғары білімді ауылшаруашылық институтында алған. Кейінірек Алматының жоғарғы партия мектебін бітірген соң, автомобильдер жолдары министрлігінде, білім қоғамында қызмет істеді. Алматы қаласының Октябрь аудандық атқару комитетінің социалдық қамтамасыз ету бөлімін басқарды. Айжанның анасы Сапаева Сара Мұхаммедқызы екі қыз, екі ұлды тәрбиелеп өсірді. Ол Алматының Темір жол институтының есеп факультетін тәмамдап, Мемлекеттік баспа комитетінде бас экономист, есепші қызметін атқарғанды. Нұрмағанбетовтердің тұңғышы — Айжан Нұрмағамбетова. Ол екі жоғары оқу орнын бітірді (филолог және заңгер). Айжан бірде қыраттан жүгіріп төмен түскен кезде қалың қарға иегіне дейін батып, одан әрең дегенде шығып, өкпесіне салқын тигізіп алады. Осы оқиғамен қатар оның есінде өзі ауыз суды қыс күндері өзеннің мұзын ойып алып, үйге қапшыққа салып алып келіп, қазан астына от жағып ерітетіндігі қалыпты. Ол кезде газ жоқ-тұғын.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қарасақал Ерімбет (1844 - 1916)

Қарасақал Ерімбет (1844, бұрынғы Қазалы уезі, қазіргі Арал ауданы Көкаша мекені – 1916, Арал ауданы Көкаша) – ақын.

Шыққан руына орай елге Қарасақал Ерімбет болып танылған.

Хиуадағы «Шеккі Хазірет» медресесінде оқып, білім алған. Қарасақал Ерімбеттің ақындық өнер жолының қалыптасуына Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867), Қашқынбай Қожамбетұлы, т.б. ақындар ықпал еткен. 1877 – 79 жылдары Қалыңбас аумағында болыстық қызмет атқарған. Жыраулық, жыршылық, әншілік, ақындық, сал-серілік өнері тоғысқан Қарасақал Ерімбет пен оның өнерпаздық айналасы: Базар Оңдасұлы, Омар Шораяқұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Даңмұрын Кенжебекұлы, Әзілкеш Шымырұлы, Оңғар Дырқайұлы, Жарылқасын Сырманұлы, Тұрымбет Салқынбайұлы, т.б шайырлар Сыр бойының жыраулық-жыршылық мектебін қалыптастырды.

Қарасақал Ерімбет шығыстық дидактика-философиялық мазмұндағы әдеби дәстүрді одан әрі дамытып, ислам дінінің гуманистік-ағартушылық идеяларын қазақ поэзиясының поэтикалық өзегімен тұтастыра жырлады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазан)

Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов (1948 жылы 2 қазанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында туған) — актер, режиссер, театр педагогы. Өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1992). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1992). Жамбыл облысының құрметті азаматы (2006). Парасат және Достық ордендерінің иегері.
1973 жылы Қазақ ұлттық консерваториясы (бұрынғы Алматы мемлекеттік өнер иниституты)ның "актерлік" факультетін бітірген. Ұстазы: КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкеева
1970 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына студент кезінде алынды. Осы жылдан бүгінгі күнге дейін осы театрда қызмет етеді.
1993 - 2001 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры әрі көркемдік жетекшісі болды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0