Өмірбаян: Серік Сәпиев Жұманғалиұлы (16 қараша, 1983 жылы)

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.
Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.
Өмірбаяны....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақша реферат: Ибрагимов Шахмардан (1840 - 1891)

1870–1882 жылдары қазақ тілінде шыққан «Түркістан уәләяты» деп аталатын газеттің алғашқы авторы- Ибрагимов Шахмардан. Шахмардан 1840 жылы дүниеге келді, ұлты башқұрт, Орынбор губерниясында туып өсті. Әскери отбасында дүниеге келді. Сол кездегі тәртіп бойынша Сібір кадет.......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Едіге (1352-1419)

Едіге - Ақ Орданың әмірі. 1352 жылы Қаратау өңіріндегі Құмкентте Ақ Орда әскерлерінің бас қолбасшысы Балтышақтың отбасында дүниеге келген. Бұл дәуір өзара қырқыстың өршіп, Ақ Орданың Алтын Ордадан іс жүзінде бөлініп, өз алдына жеке мемлекет болған кезі еді. Ақ Орданың, одан кейін бүкіл.......
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша өмірбаян: Яшүкірқызы Өріс

Қазақша өмірбаян: Яшүкірқызы ӨрісҚазақстан Журналистика одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қаламгер Яшкурова Өріс Яшүкірқызы 1949 жылы 6 мамырда Қызылорда облысы,Сырдария ауданында туған.
1973 жылы Алматы қаласында С.М.Киров атындағы (қазіргі Әл-Фараби) Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген.
Өз еңбек жолын туған жері Қызылорда облысы, Сырдария ауданының “Сырдария” аудандық газетінде әдеби қызметкерден бастаған Ө.Яшүкірқызы бүкіл өмірін баспасөз саласына арнады.
1976-1997 ж.ж. Торғай облыстық телерадиокорпорациясында комментатор, тележурналист;
1997-2001 ж.ж. жылдарда елордасы Астана қаласының “Астана ақшамы” газетінде әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі,
2001-2009 ж.ж Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің.....
Өмірбаян / Биография
Толық
3 -2

Қазақша реферат: Йоллығ тегін (VII-VIII басы)

Йоллығ тегін — Білге қағанның баласы. Ол әкесі қайтыс болған соң, қағанаттың келісімі бойынша таққа ие болады. Бұл кісі — жазушы, тарихшы, орхон жазуының авторы болған. Йоллығ тегін Қытай елімен арадағы келісімді дұрыстау үшін өз елінен үш елші жіберіп, өзінің әкесін қытайлық императордың әмірімен.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақша реферат: Бабажанов Мұхамед-Салық (1832 - 1871)

Бабажанов Мұхамед-Салық (1832, Бөкей ордасы — 1871, сонда) — этнограф, қоғам қайраткері, ағартушы. Ордадағы орыс-қазақ мектебінде бастауыш білім алған (1841 – 45) соң, Орынбордағы Неплюев кадет корпусының Азиялық бөлімін бітірген (1851). 1852 – 55 ж. Орынбор шекаралық комиссиясының кеңсесінде қызмет етті. 1855 ж. Ішкі Орда қазақтарының толқуына қатысты деген желеумен қызметінен қуылып, 2 ай абақтыда отырды. 1855 – 61 ж. Ішкі Орданы басқару жөнінде Уақытша кеңестің кеңесшісі болды. 1862 ж. қызметтен кетіп, 1866 жылға дейін мал шаруашылығымен......
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Аида Боранбай (1990 жылы 24 қыркүйек)

Аида Боранбай 31 арна тележүргізушісі 1990 жылы 24 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 9 сыныптан кейін лингвистикалық колледжін тәмамдаған соң, журналистикаға қызығып, сол салаға түбегейлі бет бұрады.
Еңбек жолы.
Телеарна табалдырығын алғаш рет он алты жасында аттаған. «Таң» телеарнасындағы «Сәлем» ойын-сауық бағдарламасына жүргізушілікке іріктеу жүріп жатқанын естіп, қатысып, бағы жанып, іріктеуден өтіп кетеді. Бұл телеарнада екі жыл қызмет атқарып, одан кейін «Қазақстан» Ұлттық арнасындағы таңертеңгілік ақпаратты-сазды «Таңшолпан» бағдарламасына да іріктеу арқылы өтіп, жарты жыл жұмыс істейді. Ал, 31 арнада төрт жылдан астам жұмыс істеуде.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Дидар Қамиев Жанатұлы (1988 жылы 10 желтоқсан)

Дидар Жанатұлы Қамиев (10.12.1988 жыл, Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақбауыр ауылы — айтыскер ақын, жыршы, термеші.
Өмірбаяны
Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қарашор бұтағынан шыққан.
Жас айтыскер 2010 жылы Қарағанды қалаcындағы «Болашақ» университетін тәмамдаған.[1] Халықаралық, республикалық ақындар айтысында, жыршы-жыраулар сайысында бірнеше мәрте өнер көрсетіп, жүзден жүйрік атанған. Дидар Қамиевтің орындауындағы жыр-термелер интернет желісінде кеңінен тарап, халықтың ықыласына бөленіп жүр.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Қаракөз Тілеубекова Байжұмақызы

Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен.
Фильмография:
2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?»
2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев)
2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов)
2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0