Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы – автоматтандыру, яғни мәліметтер базасын құру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады. Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады. Мәліметтер базасы - ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құралған деректер жиынтығын құрайды. Мәліметтер базасы деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады. Мәліметтер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. Мәліметтер базасы ақпараттарды сақтауды және мәліметтерге ыңғайлы тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын ....
КІРІСПЕ Microsoft Access жүйесінің деректер қорын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қолайлы құрал болып табылады. Деректер қорының маңыздылығы ол мәліметтер қорын енгізіп, сол мәліметтерден керекті мәліметтерді тез және оңай алу үшін қолданады. Бұл жұмыста «ХИРУРГИЯ БӨЛІМІ» қосымшасы туралы деректер қоры құрылған. «Хирургия бөлімі» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең, оның мәнінің жоғары болуын және қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болатынын анықтау. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді. Access терезесімен жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы программа болып табылады. Access кестелері, формалар, сұраныстар, есептер, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді. «Хирургия бөлімі» курстық жұмыстың мақсаты: «Хирургия бөлімінің» қосымшасын құру және деректер қорымен жұмыс істеу кезінде Облыстық аурухананың хирургия бөлімінің жұмыс барысын жеңілдету. Осының негізінде деректер қорының басқа да салаларда қолданысын мүмкін екендігіне көз жеткізу.....
Менің “Кадрлар бөлімі” атты курстық жұмысымның мақсаты-белгілі бір ұйымның және мекеме кадрлар бөлімі қызметінің жұмысын автоматтандыру. Бұл жүйе ұйымның бірыңғай мәліметтер қорының көп пайдаланушылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызметкерлер арасындағы міндеттерді үлестіруді рұқсат ететін бірнеше пайдаланушылардың бір мезгілде ақпаратпен жұмысының мүмкіндігін береді. Мысалы, жаңа қызметкерлерді тіркеу, ақпарат модификациясы, іздеу, есеп беруді ұйымдастыру және т.б. Көп пайдаланушы режиммен жұмыс істеу барысында ақпаратты алу құқығы тағайындалады. Мысалы, тек кадрлар бөлімінің бастығы ғана завод цехтарының анықтамаларын редакциялай алады. Алайда, жүйе жұмыстың жергілікті нұсқада да- бір жұмыс орындағы мүмкіндігін шектемейді. “Кадрлар бөлімі” программасы жеткілікті түрде абстрактілі кәсіпорынның кадрлар бөлімі қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Біршама ескішілдікке негізделген, сонымен бірге ең үлкен жауапкершілікті талап ететін процестер болып төмендегілер табылады: - Жұмысшының жеке тіркеу карточкасына метрикасын енгізу; - Кадрлар бөлімі архивын жүргізу; - Жұмысшылардың жеке мағлұматтары жайлы түрлі есептер дайындау (стаж,жалақы). Ол үшін алдымен жұмысшының жеке карточкасы жүргізіледі. Оған жұмысшы жайлы барлық керек мәліметтер енгізіледі. Ары қарай енгізілген ақпаратпен жұмыс жүреді (түзету, іздеу, жою). Архив негізінен жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жеке карточкаларынан тұрады. Себебі, заң бойынша жұмыстан шығарылғаннан кейін қызметкер жайлы жеке мәліметтер кем дегенде 3 жылдай сақталуы қажет. Қосымша мәліметтер қорының сөздігі ақпаратпен толтырылып отырады. Берілген контексте сөздік- қандай да бір біртипті ақпараттың анықтамасы болып табылады. Мысалы, институттар справочнигі, райондар мен көшелер справочнигі. Жаңа ақпарат енгізу кезінде пайдаланушы анықтамалардан кез- келген мәліметтерді таңдап ала алады немесе оны жаңа мәліметтермен толтыра алады. Кадрлар бөлімі архивына тура немесе жанама түрде қосымша операциялар қатары жүгінеді (бухгалтерия, материалдық бөлім, есеп және өнімді өңдеу). Еңбек шартын жеңілдету- негізінен берілген мәліметтер, программаның көмегімен ұжымның архивті жүргізу процесін автоматтандыруының арқасында жүреді. Іс жүзінде, жеке карточкалар және архивпен жұмыс- мәліметтер қорымен жұмыс істеудің нақты әрі ыңғайлы процесіне айналады. Бұл жұмысты едәуір жеңілдетіп, қателерді болдырмайды. ....
Өлу заңдылықтарын,оның себептерін және өлімнен кейінгі өзгерістерді зерттейтін ілімді танатология деп атайды. Өлу үрдісі өте күрделі болып, бірнеше сатылардан тұрады. Оларға: жанталасу күйі, жанталас (агония) және клиникалық өлім түсініктері кіреді. Өлімнің әрбір сатысының ұзақтық мерзімі әр түрлі, мысалы, агония бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе тәулікке созылуы мүмкін. Клиникалық өлім әдетте 5-6 минуттан соң биологиялық өлімге өтеді. Бұл кезде орталық нерв жүйесінде, кейінірек басқа ағзаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды. Осы кезден бастап қана организм мәйіт деп атауға болады. Өлім себептеріне қарай табиғи (физиологиялық,) зорлық-зомбылық нәтижесінде және ауруға байланысты түрлерін ажыратады. Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып, тоқтауымен, тозуымен байланысты. Адам өмірінің ұзақтығы ғалымдардың болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр. Зорлық-зомбылық нәтижесіндегі өлімді сот медицинасы зерттейді. Әр түрлі аурулар салдарынан өлу себептерін негізінен патолог анатомдар тексереді. Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясынан тромб эмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде де өліп кетуі мүмкін. ....
Көкесінің жеке іс парағындағы жазулардың басы - оның Ленинград майданының жауынгері болғандығы жайлы жазумен басталған. Көкесінің мектептен кейінгі үлкен өмірдегі жолы осылай басталыпты. Көкесі осының алдында ғана мектепті бітірген. Мектепті бітірген жылы мектеп әкімшілігі көкесін "Өте жақсы оқып, үлгілі тәртіпті болғандығы үшін берілді" деген мақтау қағазымен марапаттапты. Көкесі соғыстан келе салып, төрт айдай колхоз басқармасының хатшысы болып істейді. Ал сонан соң сол кездегі Қазалы аудандық білім бөлімінің бастығы Нұрмановтың бұйрығымен жетіжылдық Жданов мектебіне меңгеруші әрі мұғалім болып бекиді. Көкесі бұл қызметті екі жылдан астам уақыт атқарған. Сонан соң ауылдық кеңес жанындағы оқу үйінің меңгерушісі, ауылдық кеңес хатшысы және кітапхана меңгерушісі қызметтерін атқарады. Бірақ көкесінің негізгі саналы ғұмырын арнаған қызметі - оның байланыс бөлімшесінің бастығы болып істеген қызметі еді. Көкесіне берілген әр түрлі марапаттар, мысалы, облыс байланыс басқармасы бастығының қолы қойылған Құрмет грамотасы, есімі байланыс қызметкерлерінің Құрмет тақтасына жазылғаны туралы Куәлік, сол сияқты еңбек кітапшасына әр кезеңде жазылып отырған көптеген алғыстар мен ақшалай және бағалы сыйлықтардың берілгендігі туралы жазулар - осы қызметіндегі жемістері. .....