Сүлдерін сүйретіп басына бір, аяғына бір шықты. Үстін кіршіксіз таза ақша қар басқан кішкентай ғана төмпешік. Меңірейіп қалған. Жазда, алғаш үйілген кезінде әлі дымы құрғамаған қоянжон топырақтан жылы леп, мейірбандық есіп тұратын. Мүмкін солай көрінген болар. Әйтеуір тазы мұнда жиі келетін. Төңіректеп жүреді. Қиыршық тас аралас сарғыш топыраққа тұмсығын тығып жіберіп, қорқырай дем алады. Сыздықтап әлдебір иіс білінетін. Сүйкімсіз иіс. Терісін сыпырып, аулаққа лақтырып тасталған түлкіден екі-үш күн өткен соң дәл осындай күлімсі леп шығар еді. Үстіне құрт-құмырсқа қаптап кететін. Тазы жеркене лоқситын-ды. Ал мына жас топырақты қаба дем тартқан кезінде бойын мүлде басқа сезім билейтін. Қолқаны атары рас, бірақ соның өзінде әлденендей таныс, жанға жақын бірдеңе бар. Не екені де белгілі. Шіріген етпен аралас, мұрынға болмашы ғана лебі жеткен иіс – иесінікі. Ол осы арада жатыр. Қисынға келмейтін нәрсе, бірақ анық солай. Өз көзімен көрген. Тазының бойы жеңілейіп, еңсесі көтеріліп қалатын. Алысқа ұзаған жоқ қой әйтеуір. Ертең-ақ оянады. Қашанғы жата берсін... Енді міне, сол белгінің өзі жоғалыпты. Бәлки, тұрып кетіп қалған шығар. Мүмкін, ендігі үйде отырған болар? Жоқ. Қар түнде ғана жауды. .....
7,62 MM Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің каруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашык және бүркемеленген жеке нысаналарды жоюға арналған. Мергендік винтовкадан жүргізілетін атыс 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейлінше тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы: оптикалық көздеуіштен — 1300 м, аіыык көздеуіштен — 1200 м. Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы — 430 м, ал көшпелі фигураға — 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы бір минутта 30 атысқа дейін. Сүңгі-пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовкасының салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүмі жагын қоспағанда 4,3 кг болады. Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш және сауыт бүзғыш-өртегіш оқтар мен винтовкалық патрондар немесе винтовкалық мергендік патрондары қолданылады. Мергендік винтовкадан ату дара атыстармен жүргізіледі. Атыс кезіндегі патрондар 10 патрон сыятын қорапша оқжатардан беріледі. Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден тұрады (17-сурет): • ашық кездеуіш және дүм, корапшасы бар үңғыдан; • қайтармалы механизмнен; • бекітпе жақтауынан; • бекітпеден; • реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен; • ұңғы жабуынан (оң және сол);
16-сурет. Драгунов винтовкасының жалпы көрінісі
17-сурет. Мергендік винтовкасының механизмдері: 1 — ашық көздеуіш және дүм, ұңғы корапшасы бар ұңғы; 2 – ұңғы корапшаның какпары; 3 - кайтармалы механизм; 4 – бекітпе жақтауы; 5 - бекітпе; 6 - реттегіші бар газ түтігі; 7 - газ поршені; 8 - серіппелі итергіш; 9 - ұңғы жабуы; 10 - соққы-ағыткыш механизм; 11-тежегіш; 12-оқжатар; 13 - дүм жағы; 14 - оптикалық көздеуіш; 15 - сүңгі-пышақ • соққы-ағытқыш механизмнен; тежегіштен;оқжатардан; дүм жағынан; оптикалық көздеуіштен; сүңгі-пышақтан.
Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің оқтаулы кезіндегі жұмысы Мергендік винтовканы оқтау үшін оған жабдықталған оқжатарды біріктіріп, тежегішті төмен түсіре (оны "Ату" жағдайына қойган кезде - "О" әрпі көрініп тұруы тиіс), бекітпе жақтауын соңына дейін апарып, жіберу керек. Осылайша винтовка оқталады. Егер бірден оқ атылмаса, онда тежегішті жоғары көтеру қажет (винтовканы тежегішке қойған кезде "П" әрпі көрініп тұруы тиіс). Оқжатарды біріктіру кезінде оның ілмегі ұңғы қорапшасының ойығына кіреді, ал тіреу дөңес ілмекке ілініп қалады, оқжатар ұңғы қорапшасының терезесінде тұрады. Тежегішті "Ату" жағдайына қойған кезде қайта оқтау сабының қозғалысы үшін ойық ашылады, ал тежегіш осінің жуандаған бөлігіндегі ойықтар құрықша құйрықшасы мен қалқанша шектегішке қарсы орналасады (құрықша құйрықшасы мен ағытқыш ілмек босатылады). Бекітпе жақтауын артқа қарай әкелгенде, ол бекітпенің жетекші дөңесіне фигуралық алдыңғы қиғашымен әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің қрыстық дөңестері ұңғылы қорапша ойықтарынан шығады - бекітпе ашылады. Бекітпе жақтауының дөңесі автоағытқыш рычагын босатады, автоағытқыш құрықшасы қрыстык серіппе әсерімен шүріппенің алдыңғы жағына қысылады. Бекітпе жақтауын одан әрі артқа апарғанда, онымен бірге ұңғы арнасын аша бекітпе шегінеді; қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауының дөңесі, ойығындағы қиық әсерімен артқа бұрылады, ұрыстық серіппе айналады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы құрықша ілмектің артына өтіп кетеді, ал автоағытқыш шүріппесі автоағытқыш қайырмасынан секіріп кетеді. Бекітпе жақтауының төменгі жалпақтығы оқжатар терезесінен өте салысымен патрондар оқжатар серіппесі әсерімен оқжатар қабырғаларының бүгілмесіне жоғарғы патрон тірелгенше кетеріледі. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауының артқы қалыптағы қозғалысы ұңғы қорапшасының қақпағының сынасымен шектеледі.....