Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Бөлімді қайталау Не үйрендім? (3 сынып, IV тоқсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Бөлімді қайталау Не үйрендім?
Оқу мақсаты: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, грамматикалық, пунктуациялық қателерді табады және түзетіп жазады.
Көптеген оқушылар: мәтіннен артық сөйлемдерді анықтайды, мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, мәтінді дұрыс құрастырады, грамматикалық, пунктуациялық қателерді табады және түзетіп жазады.
Кейбір оқушылар: тақырыпқа сәйкес мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтап, көркем- бейнелі сөздерді орынды қолдана отырып, қатесіз мәтін құрап жазады........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезовтың Еңлік Кебек драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз қандай

Адам өліміне әкеліп соғатын кез келген билер шешіміне мен қарсымын. Ол адамдыққа, адамгершілікке жатпайды.

Автор

Адал махаббаттың құрбаны болған ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкеліп соққан билер шешімінің нүктесі - Еңлік пен Кебектің мойнына арқан салып, екі аттың құйрығына байлап алып, сүйреп, "Матайлап" ұрандатып шауып-шауып төбеге төмпешік жасап тынды. Тіпті адам түгілі, жыртқыш аңда өз баласына өлім тілемейді. Бұл жаза өте қате шешім еді.

Қай заман, қай ғасырда болмасын екі жастың бақытты болғанын қаласа жүрегінде мейірімі, басында тауықтың миындай ақылы болса шешім шығарған билер өлімге кеспес еді. Осындай өлімге әкеліп соғатын билердің ауыр шешіміне себеп - ауылда қалған билердiң сұңғыла Қараменде дәл басып айтқан “менмендiгiнде” және бозбалалардың (матай жағы) жалған намысшыл кеудемсөқтығында. Терең ойсыздықпен, асығыс ақылсыздық арқасында ғашық жандардың өмірі қыршыннан қиылды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0