Қазақша өлең: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Сені сүю....)

Сені сүю – күрсініп, күнде күту хатыңды...
Хат жазам деп мен де сан, түнге қалам матырдым.
Түнге қалам матырдым, жаныма іздеп бәтуә,
Қаламымның ұшында ауылымның оты бар.

Самайымның тұсынан аққан күнді санадым.
Сені сүю – әлемге маңдайдан....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)

Арақ – ақыл‚ мастық – ой, жар – хақиқат‚
Жан – нәпсi, шатақ иман – дiн қиянат.
Маскүнем‚ әйелсүйгiш‚ дiнсiз ғой деп,
Сырым бiлмей сыртымнан қылма ғайбат.
Хақиқаттан басқаға бас ұрмаймын,
Дәлелсiзге нанам деп болмаймын мат.
Бастағы көз‚ құлаққа сенiмiм жоқ,
Терең ой мен ақылға.....
Өлеңдер
Толық
5,5 -2,5

Қазақша өлең: Мұхтар Шаханов (Қалдаяқов өзені)

Бар қазақты тамсандырған,
Таңнан-таңға ән салдырған
Өзін әнмен қарсы алдырған Шәмші едің.
Зорсығанның көбісі құры сүлде,
Ешкім көзі тірісінде
Ән көгінен дәл өзіндей таба алған жоқ нар сенім,
Қандай ғажап кереметің.....
Өлеңдер
Толық
20,5 -12,5

Қазақша өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Алпысқа аяқ басқанда)

"Алпыс, алпыс" дегені осы ма еді,
Қалтаңдаған талтақ бұт мосы ма еді.
"Бір кең сарай" деп жүрген дүние шіркін,
Құлазыған қойшының қосы ма еді?
Жайнақтаған жаз жайлау көшкені ме,
Ойнақтаған от дәурен өткені ме.
Көкжиекті бұлыңғыр....
Өлеңдер
Толық
3 -2