Өлең: Ақ айдар (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын көзіңнен жалт-жұлт еткен,
Кім бар еді арада саған жеткен.
Дүниеде не маңғаз туса-дағы
Теңгермеймін ізіне басып кеткен.

Ей, Ақ айдар!
Сұлулардың көзі ойнар.
Көкем-ай, көкем-ай!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әпитөк /1-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында биік таудың мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.

Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар,
Сөзің жоқ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бір ғана (Қазақ ауыз әдебиеті)

Талдан таяқ жас бала таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
Угай-ай,
Ән салшы-ай, бір ғана.

Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

Елдің көркі, ақ тоты бір баласың,
Қай дұшпан көзі қиып жамандасын.

Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Көк ала тай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көк ала тай, көтерші иегіңді,
Өлсең тауып қояйын сүйегіңді.
Жаным сүйген жан сәулем деп жүргенде
Қандай жеңгең айнытты жүрегіңді.

Қайырмасы:
Уа, жаным сүйген қалқам-ай,
Қалды құмар тарқамай.
Арманда өткен жан сәулем,
Іштегі сырды айта алмай. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Баймолла Қареке ұлын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла сөзді бастайын,
Асығып айтып саспайын.
Көңілдегі шерімді
Ақтарып, жұртым, тастайын.
Арманда кеткен сабазым,
Аузымнан қайтып тастайын.
Жылаудан басқа шарам жоқ,
Қолымнан келер шамам жоқ.
Жыламайын десемде,
Қорланды көңілім амал жоқ.
Алдымда үлкен аға жоқ,
Бас болған әке, пана жоқ.
Кек алатын дұшпаннан
Ата менен баба жоқ.
Тым болмаса ақ, нақақ,
Айыратын адам жоқ.
Отыз да үш мың сахаба....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Қазақ қызы)

(Орденді Күләшқа арнаймын)

Гуілдеген жел — айдалада сарнаған,
Желге серік мұңды дауыс зарлаған.
Бота көзім, қазақ қызы есімде,
Ескі күнің «өлдім, анажан»- даған.
Сонда сенің жұбайың еді жалған ән
«Туар Шолпан маған - дағы атар таң»,
Дегендей ең, толқынды еді өлеңің,
Айлы түнде бар даусыңмен шырқаған.
Кейде күй сап домбыраның қылына,
Қосып үнін жүрегіңнің сырына,
Орал, Алтай, Алатауды кездіріп,
Батырушы ең Сарыарқаны мұңына.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әгөй көк (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, жаным, торы жорға, торы жорға, әгәй көк,
Басында торы жорға шәйіден дорба, өтеді жалған, амал жоқ.
Түскенде сен есіме, сенер болсаң, әгәй көк,
Басамын аяғымды әзер зорға, өтеді жалған, амал жоқ.

Ақтаңгер тау биігі артылар ма, әгәй көк,
Інжу тас қара пұлға сатылар ма, өтеді жалған, амал жоқ.
Әркімнің әзілдесер құрбысы бар, әгәй көк,
Қараңға қара қарға шатылар ма, өтеді жалған, амал жоқ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Зұқа қажыны келіндері Бәтиқа мен Бәтиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мейірбан, ғазиз атам-ай,
Не болар зарлап ботаң-ай.
Мамыққа жатпас әтиім,
Қара жер қайтып жатады-ай.
Өзгеден гөрі бір төбе,
Әтиім маған батады-ай.
Әтиім менің арманда,
Бір атыспай қалғанға.
Армансыз адам бар ма екен?
Пәниден бақи барғанда.
Арманда емей, немене?
Бесатар, жапан тұрғанда.
Бір үйде тұрған қырық қылыш,
Жайнап бір тұрған сары қылыш.
Қапия басып қалың жау,
Бір түнде қылды-ау, тып-тыныш. ....
Өлеңдер
Толық
0 0