Өлең: Кенен Әзірбаев (Жамбыл тойы)

[quote]Күнде той, күнде қызық Жамбыл ауылы,
Жаңғыртты ән менен күй Алатауды.
Тоқсанда торқа киіп, жорға мінді,
Партия мен үкімет алып қаулы.
Жамбылды тегіс білді жердің жүзі.
Әлемге үлгі болды айтқан сөзі.
Күнде бір асыл жырын елге оқытты
Сәулелі шам жарығы, күннің көзі.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Бөпем, әсем басып, ахау, бұлаңдаған,
Аққудай көлде жүзіп, ай, сылаңдаған.
Көлбеңдеп көз алдыма, ахау, әй-әй, Бөпем,
Келбетің сәуле шашып, тұрау маған.

А-хоу,
Бөпем, Бөпем,
Жаным еркем,
Жан сәулем,
Дидарыңды-ай
Көрер ме екем-ай?.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ананың қос ұлын жоқтауы (Серік пен Қалиға) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жазмыштың жолынан кім шегінбеген
Өшігіп қайта бастым өмірге мен.
.... сол өмірдің арасынан.
Ем табар шерлі көңіл жарасынан.
Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз,
Сөз айтам сол жүректің жарасынан.
Адамның алды жарық тілегі бар,
Қуанып, күйінетін жүрегі бар.
Ажалдан басқа қиындық қолдың кірі,
Әй, Алла-ай, әрбір істің тірегі бар.
Өз елін кім шығыпты іздеп басып,
Сүруге шаттық өмірге әркім ғашық.
Жігітке әр уақытта Алла пана,
Бейбіттік болғай еді-ау, есік ашық.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әлімғазыны екі әпкесі Алданған мен Зылиханың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бір пайғамбар атақты,
Өнерін жұртқа жайыпты.
Көзімнен бұл-бұл ғайыпты.
Бір пайғамбар Нүсіпті,
Қолымнан сұңқар ұшыпты.
Иманды болғыр, бауырым,
Қараңғы көрге түсіпті.
Биссимилла сөздің анасы,
Құранның отыз парасы.
Алла керек қылған соң,
Пенденің болмас шарасы.
Ағузыбилла биссимилла,
Айтайын, жұртым, сөз тыңда,
Аяулы қайран бауырым
Келмейді-ау енді қасыма.
Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Құсайын өлеңдерінен)

Айрылдың қайран қазақ Есіліңнен,
Қарекет жиған-терген несібеңнен.
Тірідей бозбаланы жау әкетті,
Болды екен әлдекімнің кесірінен.
Бараққа әкелді де қойдай қамап,
Тақтайдың сығалаймыз тесігінен.
Қолда мылтық, белінде және қылыш,
Күзетші бір кетпейді есігінен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жан ерке (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сүйсінемін, жан ерке, мінезіңе,
Тартқандайсың әніңмен бір өзіңе.
Үлкен-кіші естісе таңырқаған
Өнегелі, үлгілі әр сөзіңе.

[Қайырмасы]
Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ, еш қандай.
Сөзің алтын, күлкің наз,
Жайдары жүз, еркем-ай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ей, Ақмарал (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басылмас қартайғанша-ей жастық серпін,
Жасымнан еркеледім емін-еркін.

Ей, Ақмарал,
Сұлу бикеш,
Жан сәулем.

Келмейді тұрсам күлкім-ей, жатсам ұйқым,
Сіңірмес ішкен асты сенің дертің......
Өлеңдер
Толық
0 0