Өлең: Әпитөк /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сарғайдым жолыңа мен қарай-қарай,
Хабарсыз кеттің сәулем неге бұлай, Әпитөк.
Жастықтың ауыртпалық толқынында,
Жүрмісің ойда қалып әлдеқалай, Әпитөк.

[Қайырмасы]
Тіл хат жоқ,
Ақша маңдай, қара қас,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Ахау,
Тым болмаса хат пен хабар,
Сөзің жоқ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кәмилә (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мен қайтейін қиғаш қара қасыңды,
Әуреледің неге сонша басымды.
Шын сүймесең, жаным сүйген Кәмилә-ау,
Мойныңа артам көзден аққан жасымды.
Шын сүймесең, жаным сүйген Кәмилә-ау,
Мойныңа артам көзден аққан жасымды.

Өзіңе аян менің саған құмарым,
Табылды-ау, деп жүруші едім, сыңарым.
Шын сүймесең, жаным сүйген Кәмилә-ау,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бекзатым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ сәуле (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бір күй бар домбырамда тартылмаған,
Бір сыр бар көңілімде айтылмаған.
Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәулем,
Көзіңнен айналайын жарқылдаған.

Ақ сәуле аспанда аймен толасасын,
Төгіліп иығыңа қара шашың.
Жалт беріп құралай көз қарағанда,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ауылдан хат)

Құсайын құрдас құстай жүрсің қайда?!
Айналды сен кеткелі сегіз айға.
Ақсудан аттандырған азаматтың
Сәлем айт барлығына, бар Матайға.
Семейде сегіз айдай семірдің бе,
Болмаса қара қайғы кемірдің бе.
Ен дала, емін-еркін елде жүрген
Маған сен не естідің, не білдің де......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Кеңес)

Отырмын көп ішінде мен де тыңдап,
Көңілім қырға шауып, ойға құлдап,
Музыка Ұлы Отанның күйін тартып,
Шешендер жұрт жігерін жатты шыңдап.
Сайрандап жауды алған ел шебін бұзып,
Думандап тойдай тобын, дүкен қызып,
Картасын қара жердің қайта жасап .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Еркінді шешесі Қамария Иманбайқызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла еді сөз басы,
Әлемнен асып озбашы.
Қайғылы болған сұм басым
Іштегі шерді қозғашы.
Әуеден ұшқан сұңқарым,
Жылқыда жүйрік тұлпарым.
Еркінім сенен айрылып,
Түгемей кетер мұң-зарым.
Тізем бір отыр бүгіліп,
Қабырға-қолым сөгіліп.
Арманда кетіп жас есіл,
Көзімнің жасы төгіліп.
Қолымда тұрған асылым,
Артықша туған нәсілің.
Жалындап туған қас жүрек,
Су сепкендей жасуын.....
Өлеңдер
Толық
0 0