Өлең: Қызыл бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай,
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.

Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Қауіпті молекулалар)

Темір мен темір қосылмайды екен,
Мың градустан артық балқытпаса егер.
Көңіл мен көңіл қосылмайды екен,
Қос үмітке ортақ жол шықпаса егер.
Сау басты дауға шататыны қалай,
Ежелден бұлар ойқас қауым ба?
Бітіспес жаулық жататыны қалай
Молекулалардың шайқастарында? ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!)

Бозбала:
Жеке - жеке құлданып,
Жеген бізді бай құрсын.
Қыз бала:
Ауылым колхоз болған соң,
Қаңғырсын бай, қаңғырсын.
Бозбала:
Большевиктер, басшылар
Бастап егін салдырсын.
Қыз бала:
Социалистік еңбегім
Жер мерейін қандырсын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бөпешім менің ұға ма?(Қазақ ауыз әдебиеті)

Қаз-қаз, балам, басарсың,
Сүтке суды қосарсың.
Тал шыбықтан ат мініп,
Балдырған мылтық асарсың.
Жылама, балам, жылама,
Апаңды сен қинама!

Жұмыстарың таусылмай,
Терлеп-тепшіп жүрерсің.
Қызығымен ойынның
Сақылдап сен де күлерсің,
Ес тоқтатып бір кезде,
Алды-артыңды білерсің.
Әлди, балам, әлди-ай,
Апаң айтқан ән-күй-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алтынхан Төлеңхан қызының әкесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

«Ау» деп басталатын әліппенің әуел сөзінен,
Кім құтылар Алланың қойып қойған тезінен.
Кешеде жүрген жан әкем,
Ғайып бір болды-ау көзімнен.
Сөзімнің басы биссимилла,
Шерліден досым сөз тыңда.
Иманды болғыр, жан әкем,
Ақылың айтқан мың ділдә.
Құдай салды, біз көндік,
Қызыл тілім, қимылда.
Жолыңа құрбан болар ем,
Келмейсің ғой мың жылда.
Пайғамбар аты Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Айрылып асқар белімнен,
Басыма түсті қиын іс.....
Өлеңдер
Толық
1 0

Өлең: Дариға (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дариға-ай, сылаң қағып, бұраңдайсың,
Дүние өтер десем тіл алмайсың,
Дариға-ай.
Алтайы құмнан қашқан түлкідейін,
Қалқатай қолға түспей бұлаңдайсың,
Дариға-ай.

[Қайырмасы]
Дариға-ай, қалқам, жанарым,
Сені іздеп қайдан табамын......
Өлеңдер
Толық
0 0