Өлең: Іңкәр-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.

Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Уакыт

Кіммін мен? Қиал болып қалдымба?
Қайда сол шақ, ата-анамның қасында.
Ештемені ойламай ойын,күлкі бәрі болды шынайы,
Кәзіргісі өтірік бір көріністін бейнесі.

Ойламадым үлкен кісі болам деп,
Мұңға баттым өміріме...
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Бұлбұл)

(Орденді большевик ұстазым Сәкен ақынға арнаймын)

Тәңірі деп талай бұлбұл зарлағанда,
Ай, күнім, ғашығым деп сарнағанда,
Сүй мені құшағыңда өлейін деп,
Арқадан жар сұлуын таңдағанда.
Қандай еді елдің іші, сыңсу - зарлау,
Дертті жан, қаралы әйел, қайғы - сарнау,
Ел қанын бай мен билер төкпеді ме?
Нашарға қиын еді жанын қармау...
Сол кезде төңкерістің тәтті күйін,
Ауылға әкелген еді сенің жырың,
Саңқылдап майдан жақтан көппен бірге,
Сен едің қызыл солдат — шыққан үнің.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Мамырбек Үкірдайды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жер жарған атың Мамырбек,
Ханымың қалды бәйшешек.
Еженнен алдың Қызылтас,
Тұқымың дегдар қаракөк.
Арғы атаң сенің Көгедай,
Тараған ұрқың көп еді-ай.
Алты арыс, төрт төңірек,
Бір мамаң білсін деп еді-ай.
Билеген мамаң талайды,
Жол ашып көрдің талайды.
Сізге өлшем қылсам, жетер ме,
Сүлеймен мен Малайды?!
Өз әкеңіз—Жанымқан,
Ордаңа келген мың мен сан.
Қайраны тиіп халыққа,
Жалған ба сөзім, анық па?
Ханымын қажыға апарған....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Сағындым сені, достарым)

Сағындым сені, достарым,
Жапанды кезген партизан,
Жолбарыстай жортқан түн,
Жер астында жанған шам:.ч
Арқырай ұшқан алаурап
Пулеметтен атқан оқ,
Жабықсам, жалғыз сырласын
Жадыратар сен де жоқ.
Жапанда жалғыз бір қала
Жаныма менің «тас қорған».
Жақында еді ол мана,
Жан досыма не болған?..
Жатырмын мұнда мен неге,
Жарағым қайда бес қару?!
Жалынбас ғұмыр пендеге.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Тақпақ: Салт - дәстүр

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Тақпақтар
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Ленин алаңында)

Менің алма қалам қандай тамаша!
Асқары тұр аспанымен таласа.
Таудай үйлер аймалаған алаңда,
Асқақтайды құздай тұлға жараса!
Сермеп қолын кең жазықты тұр нұсқап,
Айналасы ғажап орман, тыныш бақ. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Аққу едім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де сері, ей қалқа, мен де сері, ахау,
Шын сүймесем көңілімді бермес едім, дариға.
Құс аңдыған мергендей көл жағалап, ахау,
Сен болмасаң бұл жерге келмес едім, дариға.

Аққу едім көлдегі,
Сұңқар едім шөлдегі,
Үйрек ұшып, қаз қонған,
Дария шалқар көлдегі.....
Өлеңдер
Толық
0 0