Тақпақ: Туған жер

Жаным менің жадырайды келсе мұнда,
Келмеске кетсе, мәңгі болса құлда.
Кетсем егер шалғайға,алысқа мен
Тартып тұрар туған жерде таста,құмда.
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әттең, шіркін қыздар-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын көзіңнен, бота көзім,
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.

Әттең, шіркін қыздар-ай,
Әсем сұлу жүздер-ай.
Ыстық лебің бойды алды,
Бейне аққу жүзгені-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алғашқы әнім — арманым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алғашқы сенің сырларың,
Естілді маған ән болып.
Алғашқы жарқын дидарың,
Алдымнан атты таң болып.

Қайырмасы:

Алғашқы әнім - арманым,
Арайлап атқан таңдарым.
Алғашқы туған махаббат,
Әнімді саған арнадым......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Күй)

Жалғаннан мынау безінген,
ботасы өлген боз інген,
сүт ағызбай емшектен,
қан ағыздың көзіңнен.
Ии гөр, інген, иі енді,
әуреге салма иеңді.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Ән тағдыры)

Ән салсаң,
Ән бар ма еді асқан одан,
Жететін Алатауға астанадан.
Қайран қып өнеріңмен алыс жұртты,
Қайтып ең сабақ алып «Ла Скаладан».
Қызығып әніңе де, затыңа да,
Қалатын аузын ашып ақын аға.
Шыңылдап хрусталь шамдар кетуші еді
Ән шырқап сен шыққанда сахнаға.
Сонда ашық еді даусың қандай,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалиқан Оразғалиқызының шешесін жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басыма түсті уайым.
Жылады деп сөкпе, жұрт,
Жылаумен шерден шығайын!
Анам бір еді айдыным,
Жамылды желек қайғының.
Дүниеден өткен соң,
Ендігі күнім қай күнім?!
Анашым менің асылым,
Асқар тауым, асуым.
Артыңда қалып егіліп,
Көңілім жер боп жасыдым.
Анам бір еді берекем,
Ұялы терек көлеңкем.
Алыстан аңсап мен келсем,
Кім қарағым дер екен?!
Аяулы менің анам-ау,....
Өлеңдер
Толық
0 0