Өлең: Аяулым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қара төбел қарағым құнандайсың, аяулым,
Бір мінің жоқ ақ бауыр құландайсың, аяулым.
Тарбағатай тауының түлкісіндей, аяулым,
Болып күйік көзіме бұлаңдайсың, аяулым.

Ерке тотым,
Махаббатым,
Күйдірдің, жандырдың жүректі,
Ерке тотым,
Махаббатым,
Сағындым,
Сарғайдым өзіңді......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Іңкәрім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бұл өмірде сен маған серік едің
Құрбан етіп антыңды беріп едің
Көңіліме көктемдей көрік едің
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай

Қайырмасы:
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Башқұртстанға барғанда)

Тұрған бір сурет ілініп
Емес пе дедің таңды мен.
Алдымнан сонда жүгіріп
Ағеділ шықты алдымен.
Тұрмады бірі паңданып,
Жол берді тоғай жарыла.
Қараймын сәл-пәл таңданып
Шишкиннің картиналарына.
Құштарлықтары басылмай
Құшағын қалқыта жайып......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Гүлдерайым (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көңіл ағызайық әннің майын,
Жас дәурен шалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен құлағына қалқатайдың.

Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Ұшарға қанатым жоқ,
Неғылайын. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ағаны жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Есік алды жапырақ,
Жапырақ тұр жалтырап.
Иманды болғыр, жан аға,
Басыңа жансын шам-шырақ.
Кішкене ұршық қорғасын,
Осындай болам деп пе едім?!
Еркелеткен ағекем,
Маңдайыма көп пе едің?!
Ағекем едің алдымда,
Айрылып сізден қалдым ба?
Балаларың жас қалып,
Сары уайым салдың ба?
Көлдей болып көз жасым,
Жылаумен бардым үйіңе.
Орның тұр, өзің жоқ,
Осылай ма еді дүние?!
Күмістей ерден қас кетті,
Ауылымнан бас кетті.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Менменге)

Ақылым сенен артық деп
Асқақтап менен нетесің?
Басқалар бір «тантық» деп
Жалғыз сен кімге жетесің,

Өрт таптаған жердей-ақ
Маңайың гүлсіз қараяр,.....
Өлеңдер
Толық
0 0